Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 6В01717 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет22/32
Дата26.02.2023
өлшемі2,24 Mb.
#170169
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Байланысты:
umkd 2
kalybaeva a oralbaeva n kazirgi kazak tilinin morfemalar zhu
 
Пайдаланылған әдебиеттер
 
1. ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ қазақ поэзиясы. Алматы,1982.
2. Ай, заман-ай. Ӛлеңдер жинағы. Алматы,1990.
3. Сүйіншалиев Х. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1989. 
4. Жұмалиев Қ. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1967. 
5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы,1992.
6. Дүйсенбаев Ы. Эпос және ақындар мұрасы. Алматы,1987.
7. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы,1973. 
8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. А., 2000. 3 том. 
9. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., 1992 
10. Ӛмірәлиев Қ. ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. А., 1976. 
11. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. А., 1959 
№12 дәріс
Тақырыбы
:
Бұқар жырау 
Мақсаты
:
Жырау шығармашылығы ӛз заманының, ӛз ортасы,оның әлеуметтік 
саяси келбетінің айнасы екендігін ашу. 
1. Бұқардың ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең кӛрнекті ӛкілі болғандығы. 
2. Бұқар шығармашылығын жинастырған атақты Мәшһүр Жүсіп жайында сӛз 
қозғау. 
3. Бұқар шығармашылығының зерттелінуі. 
4. Бұқар поэзиясының кӛтерген тақырып жағынан әр алуандығы. 
5. Бұқар толғауларының кӛркемдігі. 
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар
: Арғын, Тӛртуыл, Қоржас, Тәуке хан, Абылай 
хан т.б.
Дәріс мәтіні 
(тезис) 
Әдебиет тарихынан елеулі орын алып, артына ӛшпес мұра қалдырған кӛрнекті 
жыраулардың бірі – Бұқар Қалқаманұлы. Халық ӛмірінің алмағайып-аласапыран, тарихта 
қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау ӛз толғауларында сол тұстағы 
кӛкейтесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшы-жыршысы бола 
білді. Оның жыр-толғауларының үнемі әлеуметтік ӛткір мазмұнға құрылып отыруының 
басты себебі де осыдан. Тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакӛл сұлама» атанған аумалы-
тӛкпелі заманға душар болған ел-жұртқа «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» 
басқыншы жаудың бетін қайтарып, ӛз тәуелсіздігін қорғап қалу, немесе жау табанында бір 
жола жаншылып құрып біту мәселесі кӛлденең тұрды. Жырау, ең алдымен, осындай 
жауапты сәтте шоғырланбай шашырап жатқан халықтың басын тас түйін біріктіру арқылы 
қанқұйлы жауға тойтарыс беру ісін ұйымдастыра алатын аса алғыр, қолбасшы-кӛсемнің 
қажеттігін ерте түсінді, сӛйтіп, осы ұлы мақсатқа орай ол әйгілі Орта жүз ханы Абылайға 
зор сеніммен қарады. Абылай да тәуелсіздік үшін жан сала күрескен халық мүддесін терең 


түсініп, ӛзін бірыңғай сол күрес жолына арнады. Мұндай ақылы мен айласы астасқан 
кемеңгер басшының үлгілі істері мен оның тӛңірегіндегі белгілі батырларының 
жанқиярлық ерліктерін жырау үнемі асқақ жырлап, солардың ӛшпес әдеби бейнесін 
жасауға күш салды. Осының бәрі, түптеп келгенде, жыраудың туған халқының бірлігі мен 
болашағын ойлау мақсатындағы ерлікке парапар іс-әрекеттерін аңғартады 
Бұқар жыраудың ұзақ жасаған жасындағы ӛмірлік деректері бізде кӛп сақтала 
бермеген. Тек саналы ғұмырының бәрі түгелдей дерлік Абылай ханның қасында, соның оң 
тізесін басқан қабырғалы да сәуегей биі, ақылшы-кеңесшісі ретінде ӛткені мәлім. Ӛз 
ӛлеңдерінде келтірілген деректерге қарасақ жыраудың жоқшылықтың зардабын кӛп 
тартқан адам болғаны кӛрінеді. Бұқар жыраудың асыл тегі туралы қолда бар деректер 
мынадай: Арғыннан – Қодан, одан – Дайырқожа (Ақжол), одан – Қара (Қарақожа), одан –
Мейрамсопы, одан – Сүйіндік, одан – Қаржас, одан – Алтынторы, Құлыке, Бегім. 
Алтынторыдан – Мәмбетәлі, Жолымбет – Келімбет, Бегімбет, Артық. Жолымбеттен – 
Қойсары, Қалқаман, Рымбет, Назар. Қалқаманнан –Бұқар жырау. Бұқардың да үрім-
бұтақтары аз емес, бұлардың кӛбі сол Бұқар жырау дүниеге келген атамекенді қоныс етіп 
отыр. Бұқар жырау қазіргі Қарағанды облысына қарайтын (бұрынғы Баянауыл) Ульянов 
ауданының Далба тауы бойында дүниеге келіп, сол мекенде қайтыс болады. 1993 жылы 
жыраудың туғанына 325 жыл толған мерекелі тойында оның басына үлкен күмбез 
орнатылып, Қарағанды қаласында осы мерекеге арнап ғылыми-теориялық конференция 
ӛткізілді. Бұқар жыраудың ӛмірі мен шығармаларын қалың кӛпшілікке насихаттау 
мақсатында бір топ мерекелік мақалалар мен бір кіші-гірім зерттеу кітапша жарық кӛрді. 
Сондай-ақ, сол жылы тұңғыш рет жырау жырларының жеке жинағы екі рет басылды (бірі 
– «Жалын» баспасынан шыққан «Әй, Абылай, Абылай», екіншісі – Қазақстан 
Республикасы Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер 
институты дайындап, «Мұраттас» орталығы бастырған жинақ). Бұған жыраудың 
бұрыннан мәлім жыр, толғауларынан тыс, ертеректе А. Сейдімбеков жариялаған кейінгі 
нұсқа да енді. Алайда, әлі күнге дейін жыраудың туған, ӛлген жылдары бір ізге түспей, 
әркім әр түрлі пікір-болжамдар ұсынып келеді. Бұл орайда Қ. Жұмалиев ӛзінің қазақ 
әдебиеті тарихының екінші томындағы Бұқар туралы жазған тарауында жырауды 1693 
жылы туып, 1787 жылы 94 жасында қайтыс болды деп кӛрсеткен еді. Ал, X. Сүйіншәлиев 
пен М. Мағауин жыраудың Тәуке хантұсында жасап, Абылайдан кейін ӛлген деген 
тұжырымына орай Бұқарды 1668жылы туып, 1781 жылы 113 жасында ӛлген дейді. Бұл 
мерзім Абылай хан қайтыс болған жылға тұстас келеді. Ал енді, жоғарыда айтылған екі 
болжам-тұжырымнан тіпті ӛзгеше, яғни алғашқы кездегі 94 жаста қайтыс болды деген 
дәйектемеге біршама ұқсас пікірді кезінде Қ. Мұхаметханов ұсынған болатынды («Қазақ 
әдебиеті» газеті.№ 31, 32, 1982 ж.). Автор Бұқардың замандасы Үмбетей жыраудың 
«Бұқардың асында, зиратының басында отырып Үмбетей жыраудың жырлағаны» деген 
жаңадан табылған толғауы бойынша ой қорытып, Бұқар жырауды 92 жасында қайтыс 
болды деген пікір ұсынады. Сонда жырау, бұл кісінің айтуынша, 1685жылы туып, Абылай 
ӛлімінен (1781 ж.) 4 жыл бұрын, яғни 1777 жылы қайтысболған деп тұжырымдалады. Сол 
Үмбетей айтты деген бір жырдың алғаш 7-8, кейін 11 буынды ӛлең ӛлшемімен 
жазылғанына күдіктенбесек, негізінен, осы ойдың кӛңілге қонатынын, дәйектілігін айтқан 
жӛн. Бұқар жыраудың Абылайға айтқан бір жырында: «Менің жасым тоқсан үш, Мұнан 
да былай сӛйлеуім. Маған да болар ауыр күш», – дейтіні және тағы бірде: «Күнінде 
мендей жырлайтын, Тоқсан үште қария, Енді саған табылмас», – деп толғайтыны бар. 
Бұдан тыс Бұқардың: «Тоқсан бес деген тор екен, Дүйім жанның қоры екен», – дейтінін де 
білеміз. Бұған қарасақ, жырау 95 жасқа да келіп, әбден қалжырап, қор болып отырған 
кезін жырға қосқан сияқты. Қалай дегенде де, Бұқар жыраудың 92-95 жас аралығында 
қайтыс болғаны шындыққа сай келетін тәрізді. Сондықтан осы айтылған жылдардың 
біріне үзілді-кесілді тоқтап, біржүйеге келтіру қажет.
Ендігі бір-екі ауыз сӛз Бұқардың туған жері туралы. Әдебиетші Қ.Мұхамедханов 
сол Үмбетей жырында айтылған деректерге сүйене отырып, оның туған жерін Бұхар 


маңындағы Жиделібайсын, Елібай деп кӛрсетеді. Бұған себеп: Бұқардың әкесі Қалқаман 
батыр қалмақ шабуылынан ығысып, сол тӛңірекке барған делінеді. Қазақтың бала атын 
туған жеріне қарай қоятын кӛне дәстүрін ескерсек, бұған да шәк келтірудің жӛні жоқ 
сияқты. Бұқар жыраудың Абылай ханның қасында отыратын кеңесші-жырауы болып 
қалай келгені туралы бір қызықты дерек «Әдебиет майданы» журналының 1935 жылғы № 
1-2сандарында жыраудың «Бұл кісі жылқыменен бір ат берсін» деген жырымен қоса 
түсінік ретінде келтірілген. Бұған жариялаушы «Кәріқұлақ» деп қол қойып, «Балқаштағы 
атақты Шашубай ақынның айтуымен» деген ескертпе жасаған. Журналда басылған 
жыраудың екі жыры біздегі сол аттас ӛзге толғауларға ӛте ұқсас, бірақ айырмашылығы да 
аз емес. Мұндағы берілген түсінікке қарағанда, Абылай Бұқар жыраудың бір ісіне қатты 
ренжіп, «басын аламын»деп уәзірін жіберіп, шұғыл шақыртыпты деседі. Суыт хабарды 
естіген жырау хан жарлығымен Абылай хан ордасына келіп жыр толғапты. «Хан жарлығы 
қатты болды, Шыбын жаннан тәтті болды. Шақырған соң келдім, ханым, Жарлығыңды 
қайтармай. Жіберген уәзіріңізге екі жауап айта алмай. Кел десең келдім, кет десең кеттім, 
Кет дегендей мені сӛйлетпей не еттім? Бір ауыз сӛз сұрамай, басыңды кесемін деп, Мені 
шошытып түбіме жеттің» дей келіп, оның бір кезде Түркістанда жетім болып жүргенін, 
енді басына бақ, астына тақ қонғанын айтады. Ең соңында жырау ханға: «Алтын тұғыр 
үстінде Ақ сұңқардай түледің, Салған сайын үдедің, Алыстан тоят тіледің, Құдайдың 
сүйікті ұлы едің, Қалмақты қашырдың, Алатаудан асырдың. Қазаққа жер кеңейттің 
,Дұшпаныңды кеміттің», – депті, сонда Абылай райынан қайтып: «Мынаған бір үйір 
қысырақ айдап әкеп беріңдер», – дегенде, Бұқар «Маған хан Абылай жақсы бір ат берсін» 
деген әйгілі жырын толғаса керек. Содан хан қара кӛз, қара ауыз, қояндай боз атын беріп, 
ӛзін қасында жүретін жырауы етіп алыпты делінеді. 
Бұқар шығармалары XX ғасырдың 20-30-жылдарынан бастап жиналып, зерттеліп 
келеді. Алғашқы жариялануы дегенде, біз, ең алдымен, «Таң»журналында басылған 
жырларды айта аламыз. Мұнда жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз», «Ай не болар күннен 
соң», «Айналасын жер тұтқан», «Ақсаңнан биіктау болмас», «Абылай ханның қасында», 
«Ал, тілімді алмасаң», «Ей, Абылай,Абылай», «Керей, қайда барасың?», «Ханға жауап 
айтпасам» атты бір топ ӛлеңдері жарык кӛрді. Бұқар шығармаларын жариялауда 
С.Сейфуллин үлкен еңбек етіп, «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» атты жинағына 
жыраудың «Ай не болар күннен соң», «Керей, қайда барасың?», «Жал, құйрығы қаба деп», 
«Асқартаудың ӛлгені», «Қалданменен ұрысып », «Атам болған жиырма бес», «Құбылып 
шыққан бәйшешек», «Әй, Абылай, сен он бір жасыңда» атты толғауларын бастырғаны 
мәлім. Бұдан соң жыраудың бір алуан жырлары әртүрлі хрестоматиялар мен жинақтарда, 
мерзімді баспасӛз беттерінде жарияланып келді. Бұқар туындылары алғаш рет толыққа 
жуық кӛлемде «Алдаспан» жинағында басылды. Бұған оның үлкенді-кішілі 49 толғауы 
енді. Алайда, Бұқар шығармаларының бізге жеткен асыл үлгілерін айтқанда, ең алдымен, 
белгілі фольклорист Мәшһүр Жүсіп Кӛпеев есімін атауға тиіспіз. М. Кӛпеев жырау 
туындыларын ертеректе кӛне кӛз қариялардан қағаз бетіне түсірумен қатар, солардың 
ғылым үшін қажетті туу, айтылу тарихын да қызықты етіп жазып қалдырған болатынды. 
Сол себепті Бұқар шығармаларын сӛз еткенде, біз сол М.Кӛпеев жазбаларын түпнұсқа 
ретінде негізге алуға тиіспіз. Ал, енді Бұқар жырларының ең бастапқы жариялану 
мәселесіне келсек, оның Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, И.Н.Березин қорында сақталып
кейбір үлгілерінің солардың жариялануымен басылғанын, сондай-ақ, бір-екі толғауының 
Құрбанғали Халидұғлының «Тауарих хамса Шархи» атты кітабында жарық кӛргенін айта 
аламыз («Ханға жауап айтпасам», «Қайғысызұйқы ұйықтатқан, ханым-ай»). Бұқар 
творчествосын танып-білуде, әдебиеттегі орнын белгілеп, бағалаудаәр тұста әр алуан пікір 
таластары болып келді. Кейбір зерттеушілер оған «Сарай ақыны», «Орда ақыны» деген ат 
қойып, феодалдық салт-сана мен Абылай ханның жыршысы деп теріс бағаласа, енді бір 
топ әдебиетшілер жыраудың үстем тап жыршысы бола тұрса да, ӛз туындыларымен сол 
тұстағы ірі саяси-әлеуметтік мәселелерге үн қосып, дұрыс бағыт ұстағанын айтты, 
мұнымен бірге XVIII ғасырда жасаған ақындардың ішінде жырлары бірден-бір ӛз атымен 


сақталып қалған жырау екенін баса кӛрсетіп, оны сол дәуірдегі әдебиеттің басы деген 
тұжырым жасады. Бұған белгілі жазушы-ғалым М. Әуезов басқарып ӛткізген 1959 жылғы 
әдеби-теориялық конференция кӛп әсер етті. Соның нәтижесінде Бұқар жырау да біршама 
дұрыс бағаланып, әдебиеттегі ӛз орнын алды.Бұқар жырау туындыларының дұрыс 
бағаланып, оның әдебиет тарихындағы орнын ашып белгілеу ісі М. Әуезов зерттеулерінен 
басталады. Ол ӛзінің XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы әдебиетке арналған ертеректегі 
оқу кітабында Бұқар туралы «Жыраудың мақсаты, міндеті – «не болса сол кӛңілі ашар», 
«әлдене» дерлік сӛзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи 
уақиғаның мазмұн бағасын сӛз қылады. Кӛбінесе әрі жырау, әрі би болады. Олжа, табыс, 
абыройды ханмен қатар үлеседі. Ӛзі хан қасына жуан рудың – Арғынның қосқан «табан 
шӛңгел биі» болуға лайық... Бұл жағынан қарағанда Бұқар, Орта жүз ханы Абылай болса, 
соның орталық елі, жуан бел руы – Арғын ішінен шыққан анық үстем тап адамы болады... 
Бұқар сонда үлкен,қырағы саясаттың толғаушысы боп, әрбір сӛзін ірі-ірі уақиғалардың, ірі 
мәселенің тұсында ғана айтады. Сол сӛздері жыраудың таптық-қоғамдық мазмұнын 
кӛрсетіп, дәуірінің тарихи сырын ашады», – дейді. Бұны бір ғана Бұқар емес, жалпы 
жыраулық поэзияның табиғатын ашуға жол салатын ғылыми ұстамды пікір деп айта 
аламыз. Тек зерттеуші заман ағымына сай мәселеге таптық тұрғыдан келуге мәжбүр 
болған. С.Мұқанов Бұқар шығармаларының кӛпшілігі Абылай ханға арналып 
айтылғандықтан, ӛзі сырттай Орда ақынына ұқсағанмен, жырлары сол кездегі саяси-
әлеуметтік тұрмыстың нақты кӛрінісінен туған деп атап кӛрсетеді. Ол:«Бұқар жыраудың 
шығармаларында азаматтық, саяси мотив терең, әлеуметтік маңызы зор. Ол Абылайдың 
мақтаушысы ғана емес, сыншысы да», – дейді.Қ. Жұмалиев қазақ әдебиетінің орта 
мектептерге арналған оқулықтарынан бастап, қазақ әдебиетінің алты томдық тарихына 
жазған Бұқар туралы монографиялық тарауларында да, оны XVIII ғасырдағы авторлығы 
сақталған тарихи әдебиеттің басы деп бағалай келіп, ол ӛзінің дидактикалық толғаулары 
арқылы ӛмірге ескілік мұнарасынан қараса да, сол кезеңдегі әлеуметтік шындықты тап 
басып сипаттай алады деп жазады. Ал, Ә. Марғұлан Бұқар жырауды Абылай ханның 
белгілі жыршысы, кейінгі қазақ ақындарының бірден-бір кӛшбасшы ұстазы деп 
бағалайды. Осындай бағаны Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев еңбектерінен де ұшыратамыз. 
Белгілі фольклорист Н.С.Смирнова Бұқар творчествосына арналған кӛлемді 
зерттеулерінде оның импровизаторлық ӛнерінің ерен қуаты мен демократиялық 
тенденциясының нығая түсу ерекшеліктеріне, сондай-ақ, соңғы шығармаларында 
халықтық ұғымның әлеуметтік терең сипатқа ие болып отыру жәйтіне айрықша мән 
береді. 
Бұқар жыраудың Абылай ханға арнаған циклынан басқа жиырмадан астам сан 
алуан жыр толғаулары бар. Солардың ішінен екі ӛлеңінде жастық шақ сӛз етілсе, тағы 
екеуінде дін мәселесі қозғалады, ал бірнеше қысқа-қысқа шолақ шумақтар шешендік 
сӛздер үлгісінде орындалған. Алайда, Бұқар шығармаларының басым кӛпшілігі әлем 
сипаты, дүние тану, адам тіршілігі, салт-сана, мораль, философиялық топшылау, замана 
жайын қамтитын шын мәніндегі кӛркем жырлар, терең толғаулар. Бұлардың ӛздерін 
ішінара жүйелеп барып қарауға болар еді, бірақ біз оларды топтап алып, әрқайсысының 
мән-мазмұнына, идеялық нысанасына, кӛркемдік ерекшеліктеріне қарай Бұқар бойындағы 
ақындық ӛнердің сыр сипатын аша түсуге ұмтылдым. Сонымен, Бұқар жырау ӛмір сүрген 
кезең халық тарихында аса бір елеулі, әрі күрделі дәуір болды. Осыған орай ол ӛз 
халқының не ӛмір сүру, не құрып кету қаупі туған тұста азаттық күресін бастайтын 
қолбасшы батыр, алғыр кӛсемнің қажеттілігін толық түсініп, соған бірден-бір лайықты 
адам Абылай деп санады. Мұны Абылай хан да толық ұғынды. Сӛйтіп, ауыр қауіптен 
сеңдей соғылысып, не істерін білмей тығырыққа тірелген халықтың басын қосып, 
басқыншы жауға қарсы күресті ұйымдастыруда ол үлкен шеберлік, білгір тапқырлық 
танытты. Абылай ханның үш жүздің басын біріктіріп, бір орталыққа бағынатын іргелі ел 
етуге жасаған әрекеті де кӛрегендік еді. Бұқар жырау да осы игі істің қалың ортасында 


болып, соның ұйытқысы болды. Жыраудың бүкіл жырларының осы мақсатқа арналып, 
Абылай ханның ӛшпес бейнесін жасауға бағытталуы да осыдан болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет