Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 6В01717 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет23/32
Дата26.02.2023
өлшемі2,24 Mb.
#170169
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Байланысты:
umkd 2
kalybaeva a oralbaeva n kazirgi kazak tilinin morfemalar zhu
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Мағауин М. Ғасырлар бедері. Алматы,1991. 
2. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3-4 том.
3. Сүйіншалиев Х. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1989. 
4. Жұмалиев Қ. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1967. 
5. Бұхар жырау. Ай, Абылай, Абылай. Алматы,1993. 
6. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы,1992.
7. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы,1973. 
8. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясы. А., 2001 
9. Мағауин М. Қобыз сарыны. А., 2003 
10. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ.). А., 1998 
11. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы. А., 1982 
12. Ӛмірәлиев Қ. ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. А., 1976. 
 
№13 дәріс
Тақырыбы
:
Қожаберген жырау 
Мақсаты
:
Жыраудың ӛмірі, шығармаларында ӛз заманының бейнеленуін 
мысалдар арқылы кӛрсету. 
1. Жыраудың ӛмірі туралы деректер. 
2. «Елім-ай» дастанының жазылу тарихы. 
3. Қожабергеннің дастандары. 
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар
: сынықшы, жауырыншы, тайлақ, кӛш, Ер 
Кӛкше т.б. 
Дәріс мәтіні 
(тезис) 
Толыбайұлы Қожаберген (1663-1763) – ХVII ғасырдың екiншi жартысы мен ХVIII 
ғасырдың бiрiншi жартысында ӛмiр сүрген жырау, қазақ халқының әскерiн басқарған 
қолбасшы, әйгiлi ғұлама, шежiрешi. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 
туған. Арғы тегі Орта жүз Ашамайлы Керейдің Кӛшебе руының Таузар әулеті. Жыраудың 
ӛз әкесi Толыбай сыншы да, атасы - Дәулен батыр да, бабасы - Таузар сардар да ӛз 
замандарында Үш жүздiң әскербасылары және Орта жүз қазақтарының ардақты ел 
билеушiлерi 
болды. 
Қожаберген 
жастайынан 
нағашысы 
Жалаңтӛс 
баһадүр 
Сейітқұлұлының ұрпақтарының қолында ӛсіп, Үргенші, Бұқара, Самарқан медреселерінде 
оқыды, араб парсы тілдерін меңгерді. Ол ӛзiне дейінгi қазақтың ақын-жырауларының ӛлең 
жырларын, медереселерде оқып жүргенде шығыстың жетi жұлдызы атанған Жәми, 
Низами, Науаи, Физули, Фирдауси, Сағди, Рудаки шығармаларын оқып, солардан нәр 
алды. Сонымен бiрге ол ертеде ӛткен Рашид ад-Дин, Мырза Хайдар Дулати, Қадырғали 
Жалаири және ӛзiнен аз бұрын ӛткен Әбiлғазы баһадүр хан сияқты бiлiмпаздардың жазып 
қалдырған шежiрелерiмен таныс болды. Сондай-ақ, ол тастағы ескi жазуларды да оқып, 
оған кӛп мән бердi. Он үш жасынан ақындыққа бет бұрған ол он жеті жасында аңыз 
әңгімелерді ӛлеңмен жырлады. Қазақ халқының шығу тарихын жырға қосып, «Ата тек» 
дастанын жазды. Тәуке хан тұсында Қоқан, Хиуа, Бұқара хандықтары мен парсы, 
түрікмен елі арасында елшілік қызмет атқарды. 
1688 жылы Әз Тәуке бастаған барша қазақ жақсылары 25 жастағы Қожаберген 
жырауды ордабасы етіп сайлады. Сӛйтіп ол 23 жыл жоңғар шапқыншылығына қарсы 
күрескен қазақ жасағының бас қолбасшысы болды. Оған жыраудың «Үш би» атты 
ӛлеңiндегi мына шумақ дәлел бола алады: Басқарып Үш жүз қолын жиырма үш жыл, 
Орнымды Бӛгенбайға бердiм биыл. Еш сардар қайт қылған жоқ жарлығымды, Кезiнде 
ұзақ соғыс күндер қиын. Жырау 1710 жылы жаздың аяғында ӛз шәкiрттерiнiң бiрi жас 
батыр Қанжығалы Арғын Бӛгенбай Ақшаұлына ерекше ықыласы түсiп, ӛзiнiң орта жасқа 


таяп қалғанын, ұзақ жылдарға созылған ауыр соғыстарға үздiксiз қатысып, қалжырап-
шаршағанын мойындап, Әз Тәуке ханға ӛзiн ордабасы қызметiнен босату туралы ӛтiнiшiн 
айтады. Әз Тәуке әуелi келiсiм бермесе де, ӛз орнына қоятын кiсi барын айтқан соң, 
хандықтың астанасы - Түркiстан шаһарына Үш жүздiң шораларын, бектерiн, билерiн, 
батырларын арнайы түрде хат жазып, кiсiлер жiберiп шақыртып алып, ордабасы сайлау 
үшiн құрылтай ӛткiзедi. Онда уәзiрлер, шоралар, билер, бектер, батырлар Қожаберген 
жыраудың ордабасылықтан кетуiн қаламайды. Ақыры олар Әз Тәукеге зорға дегенде, 
келiсiм бередi. Сонда Қожаберген баһадүр ақ батасын берiп, ұсыныс жасап, ӛз орнына 
Бӛгенбай батыр Ақшаұлын қазақ, ноғай, қарақалпақ жұрттарының бiрiккен әскерiн 
басқаратын бас қолбасшы етiп сайлатады. Ел қорғаған батыр ерліктері Бұқар жыраудың 
«Ұстазым» атты толғауында баяндалады. Қожаберген жырау Тәуке хан тұсындағы «Жеті 
жарғы» заңдар жинағын әзірлеуге белсене қатысып, кейін оны ақ былғарыға жазып Әз 
Тәукеге табыс етті. Сонымен қатар ол сол кездегі қоғамдық, әлеуметтік жағдайды, қазақ 
елінің ішкі-сыртқы хал-ахуалын жырға қосып, «Жеті жарғы» атты тарихи дастан жазды. 
Қожаберген жыраудың «Елiм-ай» эпопеялық жыры қазақ халқының сыртқы жауларға 
қарсы бағытталған жарты ғасырлық әрi әдiлеттi, әрi азаттық соғысын суреттеуге арналған 
маңызы кесек тарихи шығарма. Жырдың бiрiншi бӛлiмi де, жырмен аттас келетiн «Елiм-
ай» әнi мен «Елiм-ай» күйi де 1723 жылғы күзде болған орасан қырғынды ел басына 
келген ауыртпалықты кӛпке сол күйiнде жеткiзуге бағышталған. Сонымен қатар «Елiм-
айдың» бiрiншi бӛлiмiн жартылай ӛмiрбаяндық дастан десе де болады. Жырау «Елiм-ай» 
хиссасының бiрiншi бӛлiмiнде тек қана соғыстарды баяндап қоймай, туған халқымыздың 
жер-суларының бұрынғы кездегi атауларын, тұрмыс-салтын, кәсiбiн, елдiң iшкi-сыртқы 
саяси жағдайларын, кӛршiлес мемлекеттермен қандай қарым-қатынаста болғанын, түркі 
тектес елдердi, Сiбiр татарына жататын руларды, қалмақтың шыққан тегiн, оның түркі 
халқына жатпайтынын, қалмаққа жататын тайпаларды дұрыс, айқын түрде кӛрсетiп 
берген. Мұның кейiнгi ұрпақтар үшiн маңызы аса зор екенiне ешбiр дау жоқ. Жыраудың 
аталмыш дастаны туралы жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы: 
«Керей Қожаберген жыраудай бұрынғы-соңды ӛмiр сүрген қазақ ақындарының бiрде-
бiреуi қазақ жұрты жерiнiң кӛлемiн, шекарасын айқындап берген емес. Ол кiсiнiң «Елiм-
ай» жыры - әскери дастан! Жас бала кезiмде оны әншiлердiң аузынан талай рет естiп едiм. 
Шiркiн, сол әскери дастан қайда бар екен?» десе, тарих ғылымының докторы, профессор 
Ермұхан Бекмаханов «Кӛшебе керей Қожаберген ақын Толыбайсыншыұлының «Елiм-ай» 
дастаны - тарихи эпопеялық жыр. Әрi сол «Елiм-ай» ерлiк хиссасының бiрiншi бӛлiмi - 
1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакӛл сұлама» атанған iрi апаттың суретiн ел 
кӛзiне елестеткен бiрден-бiр тарихи құжат!» деп тұжырымдады. Оның шежiрешi-жырау 
екендiгiн ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров ӛзiнiң «Құрбыма» деген ӛлеңiнде, философ-
ақын Мәшһүр Жүсiп Кӛпейұлы «Даналарға» атты ӛлеңiнде жырлады. Жыраудың 
қоғамдық ӛмірі мен қызметі, шығармашылығы соңғы кездерде ғана жан-жақты зерттелді. 
Дегенмен оның кейбір шығармалары жазушы, ағартушы-демократ Ыбырай Алтынсарин 
құрастырып, 1879 жылы Орынбор баспасында жарық кӛрген «Қазақ хрестоматиясынан» 
және оның 1896 жылы Қазанда жарық кӛрген «Мәктубат» деген кiтабынан орын алды. 
Жинақтарда ақынның бiрнеше ӛлеңдерiнен үзiндiлер берiлген. Қожаберген ақынның ӛмiрi 
мен қоғамдық қызметi туралы деректер және оның «Елiм-ай» әнiн, «Елiм-ай» күйiн, 
«Елiм-ай» тарихи жырын шығарғандығы туралы республикалық газет-журналдарда, 
облыстық, аудандық газеттерде бiрталай зерттеу мақалалары жарияланды. Сондай-ақ, 
Қожаберген жырау филология ғылымдарының кандидаты Т.Сүлейменовтiң 1991 жылы 
«Ӛнер» баспасынан жарық кӛрген «Сегiз серi» атты монографиялық еңбегiнен орын алды. 
Онда автор Қожаберген жырау - Сегiз серiнiң арғы бабаларының бiрi екендiгiн әрi оның 
iрi тарихи тұлға, үлкен ақын екендiгiн айтады. Қожабергеннің қазіргі уақытта «Баба тілі» 
дастанының алғашқы бӛлімі, «Ата тек» тарихи жырының, «Қуаныш» атты ӛлеңінің, «Ер 
Қойлыбай» дастанының үзінділері, «Жастық», «Кәрілік», «Ӛсиет», «Наурыз басы», 
«Насихат ӛлеңдері» мен «Елім-ай» сияқты аз ғана шығармалары жеткен. Оның аталған 


шығармалары «Елім-ай» деген атпен 2001 жылы Петропавл қаласында кітап болып 
шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет