Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау. «Асқар таудың өлгені», «Бұл, бұл үйрек»



Дата13.08.2017
өлшемі53,05 Kb.
#23627
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:

23.12.2016ж



Пәні:

әдебиет


Сыныбы:

9«А»


Мұғалім:

Ш. Кенже


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ж. Байтелиева

Сабақтың тақырыбы:

Бұқар жырау . «Асқар таудың өлгені»,

«Бұл, бұл үйрек , бұл үйрек» өлеңдері




Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Бұқар жыраудың «Асқар таудың өлгені»,

«Бұл, бұл үйрек , бұл үйрек» өлеңдерінің мазмұнын түсіндіру




Сабақтың әдістері

«Зымыран сұрақтар»,




Ресурстар

Бұқар жыраудың суреті, слайдтар, суреттер, үлестірме қағаздар, «поэзия стратегиясы», топтық жұмыс

Алдыңғы оқу

Шоқанның зерттеу еңбектері

Сабақтың барысы

Басы


5 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу, түгелдеу

Б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

В) психологиялық ахуал туғызу
Шаттық шеңберін жүргізу. Бір-біріне тілек айту

Топқа бөлу

Топ ережесін сақтау

Топ басшысын сайлау

Бағалау бетшелерін тарату 





5 мин
5 мин




ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

« Зымыран сұрақтар »

  1. Бұқар жырау қай жылы дүниеге келді?

  2. Бұқар қай ханның кеңесшісі болған?

  3. Абылаймен соғысқан қалмақ ханы?

  4. Алғаш рет қалмақтарды жеңген батыр?

  5. Бұқар жырау өлеңдерінің құрылысы неше буынды?


1-топ Жоғары қарап оқ атпа,

Жуық түсер қасыңа

Жаманға сырыңды қосып айтпа

Күндердің күні болғанда

Сол жаман айғақ болар басыңа

(Авторы кім? Шалкиіз )
2-топ Бұқар жыраудың қандай жырларын білесің?
3-топ Жыраулар поэзиясы қай кезеңнен басталады? Оның басты өкілдері кім?


4-топ «Көшпенділер философы» деген сөз кім туралы айтылған



Ортасы

20мин


Соңы
5мин

Жаңа сабақ


ІІ. Мағынаны тану. 

Бұқар жыраудың «Асқар таудың өлгені»,

«Бұл, бұл үйрек , бұл үйрек» өлеңдері. Толғауларды мәнерлеп оқу, ассонанс, аллитерацияны табу.
«Поэзия стратегиясы» Толғауларынан көркемдеуіш құралдарды табу, талдау
Ассонанс

Аллитерация

Теңеу
Топтық жұмыс
1-топ Хронологиялық кесте
2-топ Глосарий. Сөздік жұмысы

3-топ Бұқар жырау толғауларының өзектілігі

Сұрақ- жауап
Жедел жауап

Бұқардың әкесінің есімі

Бұқардың туған жері

Бұқар қай ғасырда өмір сүрген?

Жырау өлеңдерін жинап, қағаз бетіне түсірген кім?
Қазақ әдебиеті

Жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз», «Керей қайда

барасың?» деген өлеңдерінің тақырыбы не? (ел бірлігі,

ынтымақ)
География

1729 жылы қалмақтар мен қазақтардың айқасы қай

жерде болды? (Балқаш көлінің оңтүстігінде)


Биология

Бұқар керейлерге өзінің әлділігін қандай жануардың

терісі арқылы білдіреді? (Өгіз терісі)
Тарих

Бұқар өмір сүрген кездегі қазақ елінің тарихи жағдайы

қандай еді? Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама

көтерілісі болған


Математика

Бұқар жырау қай жылы, неше жасында дүниеден өтті

Қазақ тілі

Жырау. Елдік. Тәуелсіздік деген сөздерді байланыстырп сөйлем құра.

Сабақты бекіту:


  1. Бұқар қай ханның кеңесшісі болған?

  2. Абылаймен соғысқан қалмақ ханы

  3. «Өлмегенде не өлмейді » деген сұраққа Бұқар қалай жауап берген.

Бағалау

Бағдаршам әдісімен бағалаймын, өзін –өзі бағалау парақшасына оқушылардың жауабы

Үйге тапсырма:

Бұқар жыраудың «Асқар таудың өлгені...» талдау жұмысы


Кері байланыс

«Алма ағашы» Сабақтан алған әсері мен ұсынысын ағашқа барып жабыстырады.

Рефлексия
Сабақ мақсаттары Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Егер осы сабақты қайталап өткізсем нені өзгертер едім?



Шынайы сабақ үстінде барлық жұмыстар жүргізілді.


Оқушылар үтірдің қойылу орындарын меңгерді.
Оқыту ортасында топтық түсіндіру жұмыстары мен оқулықпен жұмыс жүргізілді.

Оқулықпен жұмыс барысында уақыт созылып, ұтылған жеріміз болды.


Сабақ жоспарын оқушылардың сөйлеу дағдысы жақсатсын деген мақсатпен глоссарий пайдаландым

.

Оқулықпен жұмыс барысында жаттығуды жаздырып, тапсырмасын ауызша орындатар едім.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет