Пайдаланылған әдебиеттер
1. ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ қазақ поэзиясы. Алматы,1982.
2. Сүйіншалиев Х. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1989.
3. Жұмалиев Қ. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1967.
4. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы,1991.
5. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. А., 2000. 3 том.
6. Мағауин М. Қобыз сарыны. А., 2003
7. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., 1993
8. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ.). А., 1998
9. Ӛмірәлиев Қ. ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. А., 1976.
№6 дәріс
Тақырыбы
:
Шалкиіз жырау
Мақсаты
:
Жыраудың ӛмірі, шығармалары, олардың зерттелуі туралы мағлұмат
беру.
1.
Шалкиіз жырау шығармаларының жариялануы, аударылуы.
2.
Жырау ӛміріне қатысты деректер.
3.
Би Темірге арналған толғауларының ерекшелігі.
4.
Толғауларындағы философиялық толғаныстар.
5.
Шығармаларындағы ерлік тақырыбы,кӛркемдігі.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар
: Алдаспан, шаһар, аймадет, шаһид,Стамбул,
Дешті Қыпшақ т.б.
Дәріс мәтіні
(тезис)
Ел әңгімелерінің айтуынша Шалкиіз батыр болған. В.Радлов Қырым ноғайларынан
жазып алған әңгімеде де Шалкиіз – батыр, әскербасы. Жауынгер, жорықшы жырау
болғандығы Шалкиіздің ӛз шығармаларынан да кӛрінеді. Шалкиіз поэзиясы белгілі
дәрежеде жаугершілік поэзиясы. Мұның куәсі – жыраудың ескілік қаруы имек садақ пен
қайқы қылыштан тым аулақ тұрмағандығын кӛрсететін:
Қатты бір тартып бек атсаң,
Қайрылып барып тез сынар
Қайың оқтың жарқасы, -
немесе:
Кӛктеп мінген еріңнің
Астында кӛп жүгірер күлік бар,
Кӛн садақтың ішінде
Кӛбе бұзар жебе бар, -
деген сияқты жолдар ғана емес. Жырау шығармаларынан кейде мың сан аттың тұяғынан
кӛтерілген шаң, қағылған шың, қарулардың соқтығысқанда шығарған дыбыстары
естілгендей болады.
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып
Тепсінісіп келгенде... –
іспеттес бояуы ашық, адамдардың қимыл, қозғалысын кӛзге елестетерліктей дәл беретін
суреттер жыраудың ӛз заманының ұрыс-соғыстарына талай рет қатысқандығын және жай
бақылаушы ғана болмағандығын кӛрсетеді.
Шынында да, Шалкиіз поэзиясының рухы – ерлік. Жыраудың кей шығармалары
майдан даласының ӛзінде туғанға ұқсайды. Бұл ретте Шалкиіз батыр қыл шашақты найза
ӛңгерген жауынгерлерді қаптаған қалың жаудан именбеуге, тайсалмай ұрысқа кіруге
шақырады. Жыраудың мұндай шумақтары әр ұранға толы.
Шалкиіздің ерлікті, батырлықты дәріптейтін кӛлемді шығармасы – санаулы
адамның қамалаған қалың жаудан кӛп жылқы алып шығуы жайындағы баллада.
Жылқысын алғызған Биғазы кӛп әскермен ер Шобанның артынан қуып жетеді.
Саф арғымақ сайлаған,
Найзасына жалау байлаған,
Қабардының Биғазы
Жүйрігіне шыдамай
Желіп шықты кӛк тауға...
Эпостағы ескі традицияның жӛнімен екі батыр сӛз қағысады. Сонда Шобан қоқан-
лоқы жасап, ӛз тобының ішінде ноғайлының атақты батырлары бар екендігін айтады. Құр
бопсаға шыдамаған Биғазы ұрыспай жылқысын тастап, кейін қайтып кетеді.
Шобан 14 адамның атын атап, әрқайсысына арнайы сипаттама береді.
Ал дегенде аларға,
Алып жерге саларға,
Алқалаған ауыр қолдар тоқтарға
Арыстанбекұлы Сұлтан бар.
Шалкиіздің суреттеуінде айтылмыш батырлардың қайсысы болмасын осындай:
белдескенін алып ұрып, табанына салып жүн етер, мыңға жалғыз шабар қайратты да
қайтпас ерлер. Алайда, әрқайсысының ӛз кескін-келбеті, ӛзіндік ерекшеліктері бар. Жырау
әр батырдың басқаға ұқсай бермейтін қасиетін танытарлық эпитет, метафоралар мен
теңеулерді іріктей алған.
Осы үзінділерден Шалкиіздің кӛзінің жітілігі, психологиялық портрет жасаудың
шебері болғандығы кӛрінеді. Жырда жӛнсіз гипербола жоқ. Әйткенмен беліне «алдаспан
ауыр қылыш байлаған», «бір ойында (ұрыста) алпыс ала балта сындырған», денесіне «қан
жұқпас қайқы қара болат ӛтпеген» ерлердің кейпі шынында да адамды сескентерліктей.
Батырлардың сипаттамасынан сол замандағы айдындылықтың, айбарлылықтың белгілерін
аңғаруға болады. Сонымен қатар жырдың этнографиялық мәні де зор. Жыр кӛне,
жаугершілік заманның тұрмыс кебінен елес береді.
Ал Шалкиіз болса, бірталай уақ ноғайлының биі Темірдің тӛңірегінде болған.
Жыраудың Темірге арнай айтқан екі толғауы сақталған. Мұның біріншісі («Аспанды бұлт
құршайды...») Темір Шалкиізді туысына, атақ-дәрежесіне сай сый кӛрсетпей шетке қаққан
кезде бір жағы ӛкпе, бір жағы наразылық ретінде айтылған. Екінші толғау:
Қара бас күспен шалдырып,
Кӛк теңіздің үстінде
Кӛтеріп желкен аштырып,
Жүк тиедің кемеге,
Ниет еттің тәңірінің үйі кебеге.
Жүк тиесең – кетерсің,
Ниет етсең – жетерсің,
Жетсең тауап етерсің, -
деген сӛздермен басталады. Бұл толғаудың ӛзіндік тарихы бар. Би Темір қаусап қартайған
шағында Мекеге қағбаға тауап етуге аттанбақ болады. Бимен арасы қырбай болып жүрген
Шалкиіз әміршісі.
Екі толғау да мінсіз импровизацияның үлгісі. Далалық пәктік пен далалық
сұлулықты бойына сіңірген қарапайым, реалистік образдар кӛз тұндырады. Бұл
толғаулардан Шалкиіздің қиялының байлығы, кӛзінің жітілігі, ақындық интуициясының
тереңдігі кӛрінеді. Аруағына мінген жыраудың аузынан еркін шыққан сырлы сӛздер
тыңдаушысын баурап аларлықтай әсерлі. Толғаулардың тағы бір ерекшелігі – мұнда
Шалкиіз бізге ӛзінің бар кескін, келбетімен бой кӛрсетеді. Ӛмірге толы жырдың әр
жолынан ӛз заманының салт-санасының құлы, бірақ ӛр, тәкаппар ақын бой танытады. Бұл
толғауларында Шалкиіз кӛне қазақ поэзиясындағы образдылықтың шырқау биігіне
шығады. Айтылғанына тӛрт жарым ғасыр ӛткен сӛздер ӛзінің қиыннан қиыстырылуымен,
ӛткірлігімен таңырқатады.
Жыраудың Темірді мадақтауы фантастикалық дәрежеге, табынуға дейін жетеді:
Білерді білмес не демес
Сұлтан ием, сен менің
Бармай тапқан қағбамсың!
Толғаудың бір жерінде жырау ӛзінің биге борыштар екендігін, осы атақ, дәрежеге
соның арқасында жеткендігін айтады. Бірақ Шалкиіздің Темірді мадақтауы оның ӛзіне оң
қарағандығынан ғана емес. Жырау Темірді «әр ісінде тура» «жұрт иесі», әділ әмірші деп
есептейді. Шалкиіздің ойынша Темір – жұрт тірегі, елдің берекесі, ол алыс сапар – хаждан
оралғанша «артында қалған кӛп халқы» тозғындап кетпек: «жұртқа бір лайық ие жоқ».
Сондықтан да жырау хажға бару парыз еместігін еске салып, құдайдың шын парызы –
қарауындағы халыққа рақымды, әділетті әмір жүргізу екендігіне Темірдің кӛзін жеткізбек
болады.
Шалкиіз орта ғасырда ӛмір сүрді. Ӛз заманының салт-санасы оған да жат емес, ӛз
ортасының моралі – ол үшін қасиетті.
Сен алтынсың – мен пұлмын,
Сен жібексің – мен жүнмін,
Сен сұлтансың – мен құлмын, -
дейді ол Темірге. Алайда, Темірдің ата-тегі нашар адамдарды кӛтермелеп, ӛзінен жоғары
ұстағанына заманының мораліне берік Шалкиіз шыдай алмайды.
Жақсыңнан мені кем кӛрдің
Жаманыңмен тең кӛрдің!
Бұл адамдар, әрине, Шалкиізден ақыл-парасат жағынан да кем. Ескі салтты –
аталыны сыйлауды бұзған күннің ӛзінде Темір осы жағына ден қоюы керек еді деп
есептейді жырау. Сондықтан әрі салауатты батыр, әрі қабырғалы би Шалкиіз бұған кӛнгісі
келмейді, ӛзінің шын кейпін танытады.
Шалкиіз бұла ӛскен дала перзенті еді. Сол даланың барлық қадір-қасиетін,
жақсылық-жамандығын түгел бойына сіңірген. Даланың азат ұлы ештеңеден именбейді.
Құздан құлаған селдей екпінді, қуатты поэзия! Ғасырлар тұманы арасынан біздің
қиялымызға Шалкиіздің шын бейнесі елестегендей болады: алдымызда ӛр, тәкаппар,
арыстан жүректі ақын тұр. Ол ӛз құнын біледі, сондықтан да аруағы қашып ешкімді
басынан асырмайды.
Сахараның жаужүрек ұлы ӛзін ешкімге тәуелді деп есептемейді.
Ұялы берікке қос артып
Сен есенде, мен сауда
Ырысымды сындайын,
Сегіз қиыр шар тараптан іздермін, -
дейді ол. Ел жадында қалған әңгімелерге қарағанда осы сӛздерден соң Шалкиіз бен
Темірдің арасы ажырап, жауынгер жырау ұзақ уақыт бойы сарай маңынан аулақта
жүріпті.
Достарыңызбен бөлісу: |