Жоспар: І. Кіріспе. ІІ. Ғылыми әдебиеттерге шолу



бет13/16
Дата15.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#68725
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Туберкулез ауруының
2-3--тапсырма, Бағалау, Бағалау, Анаэробты және аэробты тыныс алу
Серологиялық балау. Соңғы жылдардағы ғылыми еңбектерде туберкулездi балауға комплементтi байланыстыру реакциясымен қатар: гемагглютинация, Сайдулдин реакциялары, иммунды – ферменттi талдау әр түрлi антигендермен қойылып, практикаға ұсынылды. Қазiргi кезде туберкулезге қарсы жүргiзiлетiн күрес шараларына арналған нұсқауда туберкулездi балауға қосымша әдiс ретiнде комплементтi байланыстыру реакциясы бекiтiлген.

Балау әдiстерi Туберкулез Парааллергиялық реакция 1 2 3 Iндеттанулық

Туберкулез қоздырушысының бастауы анықталады. Олар: табынға сырттан келген мал, сау малдың ауру малмен жанасуы, туберкулезбен ауыратын адамдардың мал күтуi, сүт өңдеу мекемелерiнен алынатын көк сүттiң дұрыс залалсызданбауы т.б. Туберкулездiң бастауы анықталмайды. Клиникалық жем-шөптiң сапалы болуына қарамастан табында арықтаған немесе өкпе ауруларына тән белгiлерi бар малдың болуы. Клиникалық белгiлер байқалмайды.

Аллергиялық 1. Туберкулинге оң аллергиялық реакция берген малды қайталап тексергенде оның бастапқы оң нәтижесi сақталады.

Аллергиялық реакияцияның нәтижесi малды қайталап тексергенде бастапқы нәтижесiмен ұласпайды.

2. Туберкулиндi көзге тамызғанда және терi iшiне енгiзгенде, олардың оң нәтижелерi көбiнесе бiрдей болады.

Аллергиялық реакция бiржақты, көбiнесе терi iшiне жiберген туберкулинге нәтижелi.

3. Сиырға сүт қоректiлер, құс және атипикалық микобактериялардың қосындысынан дайындалған аллергендердi қолданғанда, әсiресе сүт қоректiлер аллергенiне нәтижелi реакция бередi саны және сапасы жағынан.

Аллергиялық реакция сүт қоректiлер туберкулинiне қарағанда құс туберкулинiмен атипикалық микобактериялардың қосындысынан дайындалған аллергенге нәтижелi.

4. Туберкулезге шалдыққан малдың туберкулинге беретiн аллергиялық реакциясы, малдың қоңы көтерiлгенде әсiресе жаз, күз айларында нәтижелi.

Малдың қоңы көтерiлгенде парааллергиялық реакция берiлмейдi.

Патанотомиялық Туберкулинге оң реакция берген малды арнайы сойып патанотомиялық зерттеу жүргiзгенде туберкулезге тән ошақтар табылады.

Туберкулез ошақтары табылмайды. Кейбiр, малдың өкпесiнде, бауырында құрт ауруларының ошақтары анықталады.

Бактериологиялық Туберкулез микобактериясы арнайы қоректiк ортада өседi және оның таза өсiндiсiн бөлiп алуға болады.

Арнайы қоректiк ортада туберкулез микобактериясына ұқсамайтын өсiндiлер өседi, немесе қоректiк орта таза күйiнде қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет