«жоєарєы мектеп педагогикасы» курсын оќыту јдістемесі


дәріс Педагогика пәнін оқытуда қолданылатын белсенді әдістер



бет3/4
Дата12.12.2023
өлшемі112,09 Kb.
#196600
1   2   3   4

14 дәріс Педагогика пәнін оқытуда қолданылатын белсенді әдістер

  • Әдіс –«метод» гректің сөзбе-сөз аударғандығы «бір нәрсеге жету жолы» немесе «зерттеу» деген мағынаны білдіреді. Осы күнге дейін дидактикада шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі- оқытудың әдістерін айқындау, топтау,жіктеу жүйелеу. Оқу әдістерін жүйеге түсіріп, топтап жіктеудің оқыту процесінде алатын орны ерекше. Оны жіктеудің оқытушы үшін де білімді қабылдап отырған студент үшін де, оның танымдық іс-әрекеті үшін де маңызы зор.
  • Әдістемелік еңбектерде оқыту әдістерін әр түрлі топтаудың жүйесі қалыптасқан.

Белгілі ғылым Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін 3 топқа бөліп қарастырады;

  • Белгілі ғылым Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін 3 топқа бөліп қарастырады;
  • оқытуды ынталандыру және уәждеу: танымдық ойындар, оқу ой толғақтары, пікірталастар, мадақтау;
  • оқу әрекеттерін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері: сөйлеу, көрнекілік, практикалық индуктивті, дидуктивті, ұқсату, проблемді іздену, эвристикалық, зерттеу, реппродуктивті (нұсқаулар, түсіндіру, жаттығу), кітаппен өз бетінше жұмыс

Инновациялық технологиялар - оқытудың белсенді әдістері

  • Инновациялық технологиялар - оқытудың белсенді әдістері
  • Инновациялық технологиялардың пайда болуы, мәдени байланыстың кеңеюі мен тереңдеуі, ақпараттар ағынының сапасы мен санының тұрақты түрде артуы уақытпен бірге қарқын алып отырған ақпараттар ағынына бейімделу тәсілдерін меңгеру үшін тиісті білік пен білімді қажетсінеді. Бұл үшін ақпаратты қабылдау және еске сақтау қабілетімен бірге оны шығармашылықпен өңдеу, мәселелерді көріп, оларды шеше білу керек. Сондықтан да білім берудің алдына төмендегідей міндеттер қойылады: жас ұрпақтың осы заманғы әлеуметтік мәдениеттік жағдайға әлеуметтенуі сынды күрделі мәселені шешу, оның өзіндік өзектілігі арқылы сәйкестік сипатын иеленіп, шығармашылық мүмкіндікті дамытуына жол ашатын ізгілік түсінігін қалыптастыру. «Инновация» латынның жаңа көзқарас, жаңашылдық, жаңалық ендіру деген ұғымынан туындаған. Иннновацияны екі мағынада қарастыруға болады: абсолюттік және ендірудегі инновация. Абсолюттік инновация жоқ нәрсені ойлап табу, ал ендірудегі инновация бар нәрсені қажетті жүйеге мүмкіндігінше ендіру, тәжірибеде тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет