2-дәріс. Компьютерлік графиканың қолдану салалары
Дәрістің мақсаты: Компьютерлік графиканың қолдану салаларын қарастыру. Графикалық файлдардың форматтарымен танысу.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Компьютерлік графиканың бағыттары.
Компьютерлік графика бағыттарының міндеттері мен қолданылу аймағы.
Дәрістің тезисі: Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын. Ол тек мультфильм, компьютерлік ойын, көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес, көптеген адамдардың іскерлік, ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.
Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын арнайы программалық қамтамасыз етулері жасалады. Компьютерлік графиканың төмендегідей бағыттары бар:
Ғылыми графика
Іскерлік графика
Конструкторлық графика
Безендірмелік графика.
Көркемдік және жарнамалық графика
Ғылыми графика. Бұл бағыт бірінші пайда болды. Оның міндеті - объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика, ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін есептеу, експеримент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және т.с.с. түрінде қолданылады. Ал, білім беруде – мультимедиалық программалық құралдар түрінде қолданылады.
Іскерлік графика. Компьютерлік графиканың бұл саласы әр түрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын безендірмелер (иллюстрация) жасауға арналған. Іскерлік графика көмегімен жасалынатын безендірме материалдар объектісі – жоспарлық көрсеткіштер, есеп құжаттар статистикалық мәліметтер, бұл графиктер көбінесе диаграмма түрінде болады. Білім беруде компьютерлік графика университеттердегі дәріс оқуда, мектептегі сабақ беруде, компьютерлік оқыту программаларында, сонымен бірге Internet беттерінде қолданылады. Іскерлік графиканың программалық құралдары әдетте кестелік процессорлардың (электрондық кестелердің) құрамына кіреді.
Конструкторлық графика. Бұл автоматтандырылған проектілеу жүйесінің элементі. Оның міндеті:
техникалық конструкцияны проектілеу процесінде (жазық және үшөлшемді бейнелерді алу) сызба дайындау;
модельдеу (графика+есептеу) – оптимальды конструкциялау.
Безендірмелік графика. Компьютерде графикалық редакторлар көмегімен сурет салу;
Көркемдік және жарнамалық графика. Өте күшті графикалық пакеттерді пайдаланып жарнамалық роликтер, компьютерлік ойындар, мультфильмдер, қиын шынайы графикалық бейнелер құру. Яғни, графикалық бейнелерді құру
және өңдеу үшін қолданылады, мысалы, баспа басылымдарын, жарнамалық роликтерді, фотобейнені қалпына келтіру және өңдеу, мультфильм құру, видеосабақ, компьютерлік ойын жасау үшін қолданылады. Архитектурада сызба дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды қабаты бойынша жобалауға мүмкіндік береді.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Компьютерлік графиканың бағыттарын ата.
Олардың міндеттері мен қолданылу аймақтарын түсіндір.
3-дәріс. Графика форматтары
Дәрістің мақсаты: Графикалық файлдардың форматтарымен жеке танысу.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Графика форматтары.
Форматтардың ерекшеліктері.
Дәрістің тезисі: Компьютерлік графикада мәліметтерді сақтау үшін аз дегенде файлдардың отыз шақты форматтары қолданылады. Бірақ солардың ішінде бірнешеуі ғана көпшілік программада қолданылып, стандарт ретінде қалыптасқан. Ережеге сай, сәйкес келмейтін форматтар растрлық, векторлық, үш өлшемді бейнелі файлдар болып келеді, дегенмен әр түрлі класқа жататын мәліметтерді сақтауға мүмкіндік беретін форматтар да жоқ емес. Көптеген қосымшалар өзінің жеке «өзіне тән» (спецификалық) форматтармен ғана жұмыс істейді; олардың файлдарын өзге программаларға ауыстыру арнайы фильтрлерді қолдануға немесе бейнені «стандартты» форматқа алмастыруға мәжбүрлейді.
TIFF (Tagged Image File Format). Формат жоғары сапалы растрлық бейнелерді сақтауға арналған (файл атының кеңейтілуі TIF). Кеңінен таралған форматтар қатарына жатады, көптеген графикалық, дизайнерлік программалар тарапынан қамтамасыз етілген. СМҮК түсбөлінісінің монохромды ақ-қара түсінен бастап 32-разрядты модельдерге дейінгі түстердің кең диапазонын қамтиды. 6.0 версиясынан бастап TIFF форматында бейненің маскілері (контурлары) жайлы мәліметтерді сақтауға болады. Файлдың көлемін азайту үшін ішкі LZW сығымдау алгоритмі қолданылады.
PSD (Photoshop Document). Растрлы графикалық ақпаратты сақтау мүмкіншілігіне қарай анағұрлым қуатты программалардың бірі (файл атының кеңейтілуі PSD). Көптеген маскілерді, айқындық дәрежесін, арналарды, қабат параметрлерін сақтауға мүмкіндік береді. Әр түрлі түстік модельдер мен түс бөлу, түсті 48-разрядпен кодтау қолданылады. Басты кемшілігі, ақпаратты сығымдаудың тиімді алгоритмінің болмауынан файл көлемінің өсуіне алып келетіндігінде.
PСX. Формат Z-Soft фирмасының PC PaintBrush программасының растрлық мәліметтерін сақтау форматы ретінде пайда болды және анағұрлым кең таралғандардың бірі болып табылады. (файл атының кеңейтілуі . PSХ). Түске бөлінген бейнені сақтау мүмкіндігінің болмауы, түстік модельдердің жетіспеушілігі мен өзге де шектеулер форматтың танымалдылығының жоғалуына алып келді. Қазіргі кезде формат көнерген болып саналады.
PhotoCD. Формат жоғары сапалы сандық растрлы бейнелерді сақтау үшін Kodak фирмасында жасалған. (файл атының кеңейтілуі .PSD). Мәліметтерді файлда сақтау форматы Image Pac деп аталады. Файл бейнені көрсетілімнің белгіленген шамасында сақтауға мүмкіндік беретін ішкі құрылымнан тұрады, сондықтан да бұл форматта сақталған кез-келген файл көлемінің бір-бірінен айырмашылығы болмашы ғана және 4-5 Мбайт аралығында болады. Әрбір көрсетілімге 512х768 нүктеден тұратын базалық деп аталатын (Base) деңгейден оқылатын жеке деңгей бекітілген. Файлда барлығы Base/16-дан (128х192 нүкте) бастап Baseх 16-ға (2048-3072 нүкте) дейін бес деңгей бар. Бастапқы бейнені бірінші мәрте сығымдауда іс жүзінде сапа жоғалмайтын субдискреттеу әдісі қолданылады.
Windows Bitmap. Windows операциялық жүйесінде растрлық бейнелерді сақтау форматы (файл атының кеңейтілуі .ВМР). Сәйкесінше бұл ортада жұмыс істейтін барлық қосымшаларда қолданылады.
JPEG (Joint Photographic Experts Groups). Формат растрлық бейнелерді сақтауға арналған (файл атының кеңейтілуі . JPG). Бұл формат файлды сығымдау дәрежесі мен бейне сапасы арасындағы арақатынасты реттеуге мүмкіндік береді. Сығымдауда қолданылатын әдістер «артық» ақпаратты өшіруге негізделген, сондықтан да форматты тек электрондық жарияланымдар үшін қолданған жөн.
GIF (Graphics Interchange Format). Түстердің саны (256) белгіленген сығымдалған бейнелерді сақтау құралы ретінде 1987 жылы стандартталған (файл атының кеңейтілуі .GIF). Жоғары дәрежеде сығымдалуы арқасында Интернетте танымал болды. Форматтың соңғы нұсқасы бейненің жолтастап жүктелуіне және түссіз фонды суреттер құруға мүмкіндік береді. Түстер санына шектеу қойылуына байланысты бұл формат тек электрондык жарияланымдарда ғана қолданылады.
PNG (Portable Network Graphics). Бейнелерді Интернетте жариялауға арналған салыстырмалы түрде жаңа (1995 жыл) сақтау форматы (файл атының кеңейтілуі .PNG). Бейненің үш типі – түрлі-түсті 8 немесе 24 биттік тереңдікпен және сұр түстің 256 градациясы бар ақ-қара түс қолданылады. Ақпаратты сығымдау іс жүзінде ешбір жоғалыссыз жүргізіледі және 254 деңгейлі альфа- канал қарастырылған.
WMF (Windows MetaFile). Windows операциялық жүйесінің векторлық бейнелерін сақтау форматы (файл атының кеңейтілуі .WMF). Анықтама бойынша жүйенің барлық қосымшаларында қолданылады. Бірақ полиграфияда қабылданған стандартты түстік палитралармен жұмыс істеуге арналған құралдардың болмауы және өзге де кемшіліктер оның кеңінен қолданылуына кедергі жасайды.
EPS (Encapsulated PostScript). Векторлық, сондай-ақ растрлық бейнелерді іс жүзінде баспаға дейінгі процестер мен полиграфия саласында стандарт болып табылатын Abode фирмасының PostScript тілінде сипаттау форматы (файл атының кеңейтілуі .EPS). PostScript тілі әмбебап болып табылатындықтан, файлда векторлық және растрлық графика, қаріптер, контурлар (маскілер), құрал-жабдықтарды пішімдеу параметрлері, түстік профильдер бір уақытта сақтала алады. Экранда векторлық мәнді көрсету үшін – WMF, ал растрлық үшін – TIFF форматы қолданылады. Бірақ экрандық көшірме жалпы алғанда EPS-тің елеулі кемшілігі болып табылатын тек нақты бейнені ғана көрсетуге қабілетті. Шынайы бейнені шығару құрылғыларының, не болмаса арнайы көру программарының көмегімен немесе файлды Acrobat Reader, Acrobat Exchange қосымшаларының PDF форматына түрлендіргеннен кейін ғана көруге болады.
PDF (Portable Document Format). Abode фирмасы шығарған құжаттарды сипаттау форматы (файл атының кеңейтілуі .PDF). Дегенмен, бұл формат негізінен құжатты тұтастай сақтауға арналған, оның таңқаларлық мүмкіндіктері бейненің шынайы көрінуін қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Формат аппаратты-тәуелсіз болып табылады, сондықтан да бейнені монитор экранынан бастап фотоқұрылғыға дейінгі кез келген құрылғыдан шығаруға болады. Бейненің аяқталған көрсетілімін басқару құралдарының көмегімен сығымдаудың қуатты алгоритмі жоғары сапалы иллюстрациялары бар файлдарды ықшамдауға мүмкіндік береді.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Компьютерлік графиканың форматтарын ата.
Олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндір.
4- дәріс. Графикалық редакторлар. Графикалық кескіндерді сақтау форматтары
Дәрістің мақсаты: Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Графикалық редактордың интерфейсі және жұмыс істеу режимі.
2 Графикалық кескіндерді сақтау форматтары
Дәрістің тезисі:
Әр түрлі форматтағы растрлық, векторлық графика әр түрлі әдіспен сақталады. Суреттің өлшемі жеке жазба ретінде сақталады, ал суреттің барлық видео пикселдерінің түсі бір үлкен деректер блокы ретінде сақталады.
Ең жиі кездесетін графикалық кескіндерді сақтау форматтары:
BMP(BitMap) – Microsoft корпорациясымен жасалған Windows жүйесінде қолдануға негізделген растрлық формат.
PCX – PC Paint Brush бағдарламасына арналып Zsoft фирмасымен жасалған растрлық форматтарының алғашқыларының бірі.
TIFF-(Tagged Image File Format) – Сканерленген суреттерді сақтау үшін Aldus фирмасымен арнайы жасалған.
PSD- Adobe PhotoShop бағдарламасының өзінің форматы.
JPEG(Join Photographic Expert Group) – бұл форматта алғаш рет суреттің сапасын кемітіп сығу принципі жүзеге асты. Ол суреттегі адамның көзіне көрінбейтін (немесе нашар көрінетін) бөліктерді өшіріп тастауға негізделеді.
CIF(Graphic Interchange Format) – CompuServer (бүгінгі America Online бөлімшесі) фирмасымен аумақтық желілерде растрлық суретті жіберу үшін арнайы жасалған.
CDR –CorelDraw иллюстрияциялық программасының форматы болып табылады, бірақ кезектегі версия программасына өзгертулер енгізіледі.
PDF (Portable Document Format)- әмбебап формат Adobe System фирмасында электрондық дакументті тарату үшін жасалған.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
1. Компьютелік графиканың кескіндерін сақтаудың қандай форматтары бар? 2. Айырмашылықтарын атап беру
3 тақырып. Компъютерлік графикада түстермен жұмыс істеу әдістері. Түсті басқару жүйелері.
5- дәріс. Компъютерлік графикада түстермен жұмыс істеу әдістері
Дәрістің мақсаты: Түс үлгілерін оқып үйрену.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Түс ұғымы.
2 Түс палитралары.
3 Түсті басқару жүйелері.
Дәрістің тезисі: Суреттің көріну әсерін күшейту және ондағы ақпараттың көлемін жоғарлату құралы ретінде түс компьютерлік графикада өте маңызды. Сәулелі немесе бейнелейтін обьектілерден көзге түскен жарықты талдау нәтежесінде адамның миында түсті сезу қалыптасады. Түсті сезгіш жүйкелер, әр қайсысы бір ғана түсті қабылдайтын – қызыл, жасыл немесе көк, үш топқа бөлінеді деп есептелінеді. Қай топтың болсада жұмысының бұзылуы дальтонизм – түсті теріс қабылдау, пайда болуына әкеледі.
Түстің тобы, үш <<таза >> түстердің (қызыл, жасыл, көк) және олардың туындыларының (ағылшын тілді әдебиетте RGB – Red, Green, Blue аббревиатурасын қолданады) сәулеленуі қалыптасады.
RGB түстік моделі. RGB моделі түсінуде өте қарапайым. Бұл моделде мониторлар және телевизорлар жұмыс жасайды. Қандай болсын өң үшін негізгі компоненттен тұрады деп есептелінеді: қызылдан, жасылдан және көктен.
CMYK түстік моделі. Бұл моделді экрандық емес, басып шығаратын суреттерді жасау кезінде қолданады. Олар өтпелі емес бейнеленген жарықта көрінетіндігі мен ерекшеленеді. Қағазға бояу қаншалықты көп салынас, соншалықты
HSB түстік моделі. Кейбір графикалық редакторлар HSB түстік моделімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. RGB моделі – компьютерге, CMYK моделі – типографияға ыңғыйлы болса, HSB моделі – адамға ыңғайлы. Ол қарапайым және түсінікті. HSB моделінде үш компонент бар: түстің өңі, түстің қоюлығы, түстің ашықтығы. Бұл үш компонентті басқара отырып қалған екі моделмен жұмыс жасағандағыдай көп түс алуға болады.
Түстік палитра – бұл түс қандай кодпен кодталғаны туралы ақпарат сақталатын деректер кестесі. Бұл кесте графикалық файлмен қатар жасалады және сақталады
Компьютер үшін түстік кодтаудың ең ыңғайлы әдісі – 24 разрядты True Color. Бұл режімде түстік құрауыштарын R (Қызылды), G (Жасылды), B (Көкті) кодтауға бір байттан бөледі. Әр құрауыштың ашықтығы 0 – 255 ке дейінгі санмен анықталады және 16,5 миллион түстің қайсы бірі болсын компьютер 3 код бойынша шығарады. Бұл жағдайда түстік палитра қажет емес. Себебі 3 байттың ішінде пикселдің өңі туралы жеткілікті дерек сақталады.
Түстерді сәйкестіру үшін компьютерлік графиканың жөндеу қадамдарында түстерді басқару жүйесі қолданылады. (Color Management System – CMS).Бұндай жүйелерде түстік деректермен алмасу кезінде барлық құрылғыларға қажетті обьективті параметрлер жиыны бар.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары: 1. Түсті сипаттау әдістері
2. Грассман заңы
3. Гетенің табиғи түстер шеңбері
4 тақырып. Растрлық графиканың негізгі ұғымдары. Растрлық графикамен жұмыс істеу программалары. Adobe Photoshop бағдарламасының ерекшеліктері.
6,7 - дәріс. Растрлық графиканың негізгі ұғымдары. Растрлық графикамен жұмыс істеу программалары. Adobe Photoshop бағдарламасының ерекшеліктері
Дәрістің мақсаты: Растрлық графикамен жұмыс істеу бағдарламаларымен, соның ішінде Adobe PhotoShop бағдарламасын таныстыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Adobe PhotoShop бағдарламасына түсінік.
2 Adobe PhotoShop бағдарламасының артықшылықтары.
3 Adobe PhotoShop жұмысының негізгі тәсілдері.
Глоссарий (анықтама, сөздік);
Пиксель - cуреттің экрандық көшірмесі үшін растрдың элементарық нүктесі.
Move - Ерекшеленген облыстарды жылжыту құралы.
Lasso - Еркін формадағы облыстарды ерекшелеу құралдары.
Magic Wand - Бір түсті облысты ерекшелеу құралдары.
Crop - Суреттің шет жақтарын көрсету құралы.
Slice - Суретті фрагменттерге бөлетін құралдар.
Healing Brush - Суреттерді өңдеу құралдары.
Дәрістің тезисі: Пакеттердің әйгілі мүмкіншіліктері кеңейтілген және жаңа пакеттер қосылған.
PhotoShop және Image Ready құрамына тез қарап шығу және суреттер тобын басқару модулі енген. Алғашында басқадай жасаушылардың утилиталары қажет болған, мысалы ACDSee немесе ThumbsPluse.
WBMP форматындағы, қалтаға салатын компьютерлерде (PDA) қолданылатын инфорт және экспорт филтрі қосылған. Бұл форматтың қатаң шектеулерін ескере отырып суретті оптимилизациялау автоматты түрде жүріледі, сонымен қатар суреттің сапасын ең ...... мөлшерде кемітеді.
Бірнеше суреттерді немесе суреттің көшірмелерін бір параққа қоятын құрал пайда болды. Оның сыртында бұл құралды суреттерде алдын ала миниатюр ретінде көруге мүмкіндік беретін Web галерияларды жасауда қолданады.
PhotoShop 7 ге алғаш рет топтасып жұмыстауға арналған құралдар енді<<каробколық>> версиясының құрамына әр түрлі қолданушылардың барлық Adobe өнімдеріне қатынауды қамтамасыз ететін After Cast серверлік кеңейтілуі енді, егер қолданушының біреуі файлға өзгеріс енгізссе онымен бірге жұмыс істейтін адамдардың барлығы оны көреді. Бірақ After Cast баптау жүйелік админстратордың жұмысы, сондықтан PhotoShopты үйде ғана қолданатын адамдар бұл құралмен таныс емес.
Кисть (аэрограф) баптауының 12 параметірі бар. Бұл алдыңғы версиясына қарағанда 3 есе көп. Бұл дәстүрлі сурет (живопис) салу құралдарын нағыз түрде жасай алады. Шаблон ретінде әр түрлі растрлық суреттер қолданылады. Суреттің прагменттері негізінде текстура жасау құралдары жетілген.
Healing Brush жаңа құралы пайда болды. Оны Clone Stamp құралының жетілдірілген түрі ретінде немесе суреттің бетіндегі әр түрлі артефактерды жоғалту құралы ретінде қолдануға болады. Бұл жағдайда жарықкөлеңке ойыны және түп нұсқаның текстура суреті толығымен сақталады. Жасаушылар Healing Brush құралын портреттік суреттердегі шаң басқанда кішкене жарақаттарды сондай-ақ, әжімді, меңдерді жасыруға қолдануды ұсынады.
Сырттай түскен жарықты жасыруға болатын AutoСolor құралы қосылды. Бұл құралды қолдану сандық және қарапайым камераклармен жасанды жарық кезінде алынған суреттерді жөндеуді жеңілдетеді. Сканерленген негативтерден маскаларды өшіру кезінде AutoСolor жақсы нәтиже береді. PhotoShop құрамына алғаш рет дұрыс жазуды тексеру құралы енді.
Web гарафикамен жұмыс жасауға арналған Image Ready бағджарламасы жаңарды. Image Ready-де анимацияларды басқару өзгерген. Сондықтан алғашқы версияларына қарағанда қарапайым болады. Интернетке тараеуға арналған графиктерді оптимилизациялау құралдары жетілдірді. Бұрын бұл модуль жұмысы сынау обьектісі болған және Web мастерлерге басқа фирмалардың өнімдерін қолдануға тура келеді. PhotoShop және Image Ready <<шығу кезінде >> қарсылас бағдарламалық өнімдер жөндеуге файлдарының көлемінен көп айырмашылық жоқ файлдарды береді.
Құралдар панелі. Пиктограммасы экранда көрініп тұрған құралды активтендіру үшін оның пиктограммасына шертіңіз. Кейбір пиктограммалардың жанында кішкентай бағыт белгісі орналасқан. Оған шерткен кезде сол топқа кіретін құралды таңдап алуға болатын қалқып шығатын палитра ашылады.
Пернетақта көмегімен құралдарды шақыру өте ыңғайлы. Егер сіз пернелер комбинациясын ұмытып қалсаңыз курсорды құралдың пиктограммасына апарып бірнеше секунт күте тұрсаңыз қалқып шығатын мәтін оны есіңізге түсіреді. Пиктограммасы жасырылған бір топқа кіретін құралдарды кезектеп шақыру үшін Shift пернесін және сәйкес келетін <<ыстық>> пернені басыңыз. Сондай-ақ Alt пернесін басып тұрып көрініп тұрған құралдың пиктограммасына шертуге болады.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
Abode PhotoShop бағдарламасын қолдану технологиясы.
Adobe PhotoShop Суретті өңдеу әдістері.
5 тақырып. Векторлық графиканың негізгі ұғымдары. Векторлық графикамен жұмыс істеу программалары. Corel Draw бағдарламасы жайлы түсінік.
8,9 - дәріс. Векторлық графиканың негізгі ұғымдары. Векторлық графикамен жұмыс істеу программалары. Corel Draw бағдарламасы жайлы түсінік
Дәрістің мақсаты: CorelDraw бағдарламасының ерекшеліктерін студенттерге таныстыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 CorelDraw бағдарламасына түсінік.
2 CorelDraw бағдарламасының артықшылықтары.
3 CorelDraw бағдарламасын пайдалану ортасы.
Дәрістің тезисі: Corel Draw суреттік графика жұмысына арналған интеграцияланған объектілі – бағытталған бағдарламалар пакетін құрайды.
«Біріккен кешен» ұғымын былай түсінуге болады. Corel Draw 9 әр түрлі көптеген міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалардың кешенін құрайды. Бірігуін мына мағынада түсіну керек: бұған кіретін бағдарламалар мәліметтермен жеңіл алмаса немесе әр түрлі әрекеттерді сол және басқа да мәліметтермен бірізділікпен орындай алады.
Біздің дәрістер курсымыз Corel Draw суреттерді дайындау бағдарламасы-қуатты пакеттің бір ғана құрылымына арналған.
Суретті графика машиналық графиканың қолданбалы тармағын құрайды. Суретті графика аймағына суреттер, жарнамалық хабарламалар, қыстырмалар және т.б көркем өнімдер деп атауға болатындардың бәрі жатады. Суретті графиканың объектілері басқа қолданбалы объектілерден өзінің алғашқылығы мен ерекшеленеді – олар суретшінің немесе дизайнердің қатысуынсыз автоматты түрде кейбір бастапқы мәліметтермен құрыла алмайды. Олардан айырмашылығы диаграммалар (іскерлік графика), сызбалар (инженерлік графика), функцияның графикасы (ғылыми графика) сияқты графикалық тәсілін ұсынады.
«Объектілі-бағытталған» терминін мына мағынада түсіну керек, бейнені құру және өзгерту үрдісінде орындалатын барлық операцияларды, қолданушы бейненің семантикалық-жүктелген элементтер-объектілермен жүргізеді.
Екінші ерекшелігі мынада: объектілердің әр стандартты кластарына сәйкесінше басқарушы параметрлердіғң немесе кластардың атрибуттарының бірегей жиынтығы қойылады.
Үшінші ерекшелігі мынада: Объектілердің әр стандартты кластарына стандартты операциялардың тізімі анықталған. Corel Draw 9-тың объектілі-бағыты қолданушыға жұмыста шексіз икемділік береді. Бейненің жеке объектілерді ерекшелеуге және жұмыстың кез-келген кезеңінде өзгертуге болады.
Windows стандарттарына сәйкес тақырып жолының астында меню өте күрделі, яғни саны көп меню ішіндегі менюлер мен командалар. Жұмыс кеңістігінің сол жақ бөлімінде жұмыс тәртібін (режим) таңдауға арналған элемент интерфейсі-құралдар тақтасы (Toolbox) орналасқан. Таңдау тәртібі құралдар тақтасындағы кез-келген батырмаға тышқанға шерту арқылы орындалады.
Құралдардың кейбір батырмаларының төменгі оң жақ бұрышынд үшбұрыш жабдықталған, ол дегеніміз бұл батырмамен бірнеше құралдар байланыстылығын көрсетеді.
Меню жолынан кейін құралдық жол (Toolbars) орналасу мүмкін. Кез-келген құралдық жол тәуелсіз тақта түрінде экранның кез-келген жерінде еркін жағдайда да болуы мүмкін.
Ол үшін жолақтың сол жақ бөлігіндегі аймақты екі сызықпен басып алып және сәйкес тақырыппен тақта түрін алған жолды орналастыру қажет. Қайтадан жолға айналдыру үшін тақырыпты басып алып және оны жоғары орналастыру керек.
Сол және басқа жолдарды шығару Windows (Терезе) менюі Toolbars (Құралдық жолдар) командасы арқылы шақырылатын Options (Параметрлер) диалог терезесіндегі Customize (Баптау) бөлімінде қамтамасыз етіледі.
Стандартты құралдар тақтасында (Standart) файлдарды ашуға, файлдарды ашуға, файлдарды сақтауға, алмасу буфері жүйелерінің операциялары және т.б сәйкес жиі орындалатын командалар-басқару элементтері орналасқан.
Стандартты тақтадан төмен Атрибуттар тақтасы (Property Bar) немесе қасиеттер тақтасы орналасқан. Ол ерекшеленген объектінің және стандартты операциялардың басқару параметрлеріне сәйкес келетін, оларды таңдалған құралдың көмегімен орындауға болатын барлық басқару элементтерінің жиынтығын ұсынады.
Corel Draw терезесінің төменгі бөлігінде қалып-күй жолы (Status Bar) бар. Онда жұмыс үрдісіндегі ерекшеленген объект жайлы мәліметтер шығады. Жұмыс кеңістігінде суреттеме орналасатын баспа бетінің бейнесі көрініп тұр.
Көлденең орналасқан айналдыру жолағының сол жағында беттен бетке көшуге болатын, беттің атымен аталған батырмалар мен таңбашалар, яғни навигатор деп аталатын басқару элементі орналасқан.
Айналдыру жолақтары, координаталық сызғыштар (координаталарды өлшеу үшін). Түйісілетін терезе (Dockers) ерекше роль атқарады. Докерлер бағдарламасының функциясына кіруді қамтамасыз етеді. Әр түрлі міндеттер үшін әр түрлі докерлер арналған, олар оннан астам. Оларды қажет кезінде ашады.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
CorelDraw бағдарламасында жұмыс жасау.
CorelDraw бағдарламасында құралдары.
CorelDraw бағдарламасында мәтіндермен жұмыс.
6 тақырып. Анимация құру құралдары Flash– технологиясы.
10,11 - дәріс. Анимация құру құралдары Flash– технологиясы.
Дәрістің мақсаты: FLASH бағдарламасының интерфейсін қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Шығу тарихы.
2 Графикалық кескіндердің түрлері.
3 Анимацияның түрлері.
Дәрістің тезисі:
FLASH бағдарламасының шығу тарихы
FLASH бағдарламасы алғаш рет 1996 жылы пайда болды. Оның ең бірінші екі нұсқасы өте ыңғайсыз болды. Өйткені олар векторлық графика негізінде анимацияны жылдам құра алмады. Үшінші нұсқасында көптеген қосымша құрал – саймандар пайда болды,осының әсерінен Интернетте FLASH құралдары арқылы жасалынған сайттар пайда бола бастады. Бірақ бұл бағдарлама тек төртінші нұсқасы жасалған кезде ғана танымал болды. Оған қуатты иілгіш құрал – ActionScript тіл сценариі қосылды. Осы кезде FLASH технологиясы негізінде жасалынған Web – сайттарының саны күрт өсті. Ал 2000 жылдың тамыз айында Macromedia компаниясы шығарған FLASH бағдарламасының бесінші нұсқасы жарық көрді. Бұл бағдарламаға Безье қисықтарын меңгеру үшін жаңа құрал – саймандар, көптеген кітапханалар қосылды. Бұл кітапханаларды әр кезде кез келген адам қолдана алатын болды.
Графикалық обьектілермен жұмыс
Векторлық графика
FLASH бағдарламасымен танысуды әдетте бірнеше кезеңге бөледі және оның алғашқысы графикалық редакциялау және салу модулінің мүмкіндіктерімен танысу болып табылады. FLASH бағдарламасы растрлық емес векторлық кескіндермен іс - әрекет жасайды.
Растрлық кескіндер
Барлық кескіндер компьютерде екі түрлі тәсілдермен ұсыныла алады. Әрбір нүктенің кескіні үшін дәл түсі көрсетіледі. Бұл жағдайда барлық кескіндер тізім түрінде сақталады. Оның әрбір пункті бұл кескіннің бір нүктесінің түсін анықтайды.
Мұндай тәсіл фотосурет сияқты кескіндерді нақты бейнелеуге мүмкіндік береді, егер кескіндерден тұратын нүктелердің өлшемі біршама кішкентай болса. Мысалы, егер компьютерге сканер арқылы нақта фотосуретті енгізсе, онда алынған кескіннің сапасы сол кескіннің қанша нүктеге бөлінетіндігіне тура байланысты болады. Бұл параметр «шешу» деп аталады және бір дюймге сәйкес келетін нүктелердің санымен өлшенеді. Жоғарыда айтылған кескін растрлық кескін деп аталынады. Оның артықшылығы да, кемшілігі де бар. Растрлық кескін файлының өлшемі нүктелердегі кескіннің биіктігі мен еніне байланысты. Демек, толық экранды суреттердің файлдарының өлшемдері соншалықты үлкен, оларды Интернеттен жүктеу тіпті қолайсыз. Егер даын растрлық кескіндер болса, бізде оның өлшемдерін масштабтау жолымен ұлғайтуға мүмкіндігіміз жоқ, себебі әрбір жеке нүктенің ұлғайю эффектісіне байланысты пішіннің көзге көрінетін бұрмалануы пайда болады.
Вектролық кескіндер
Мына және басқада себептерге байланысты кескіндерді векторлық көрсетуімен пайдаланған жиі орынды болып табылады. Бұл жағдайда әрбір нүктенің түстерін жүйелі атап шығудың орнына, файлда суретте қандай обьектілер орналасқаны туралы ақпарат болады.
Әрине, кескін неғұрлым қарапайым болса, оның векторлық ұсынылуы соғұрлым тұтас бола алады. Аталмыш жағдайда біздің бейнелеуіміз тым тұтас болды. Себебі барлық кескіндер бір графикалық қарапайымдылықта тұрған. Әдетте біз едәуір күрделі кескіндермен де жұмыс жасаймыз. Оларды графикалық қарапайымдылықтар жиынтығы түрінде елестету онша қиын емес. Бұл түзүлер, Безье қисықтары, шеңбер доғалары, әртүрлі фигуралар және тағы басқа болуы мүмкін. Осы аталғандардың барлығы графикалық қарапайымдылықтардан құралған кескіндердіңконтурларын жасайды. (2-сурет)
Бірақ мұндай контурлар тек қана кескіннің “қаңқасы”. Кескін толық болу үшін векторлық графикада әрбір контурдың ішін бір түспен толтырады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: векторлық формат толық түсті фотографиялықтардан гөрі салынған кескіндердің суретін дәл беру үшін келеді. Бірақ, фотографияларды векторлық форматта көрсетуге болмайды деп айтуға болмайды. Фотографияда түстер көп болса, векторлық көрсетілуі сапалы болса, файлдың өлшемі әрі түсі бояулар және ұсақ контурлардың көптігінен өте үлкен болып кетеді. Сонымен растрлық кескіндерге қарағанда векторлық форматта ұсынылған кескіндердің өз артықшылықтары және кемшіліктері бар. Бірақ, векторлық графиканың редакциялаудың қарапайымдылығы, кескіннің масштабына байланысты емес файлдың үлкен емес өлшемдері және тағы басқа сол сияқты қасиеттері көп жағдайда оны керекті етеді. Интернетте векторлық кескіндердің көпшілік мақұлдаған стандарты әлі жасалған жоқ.
FLASH стандартын де – фактостандарты деп есептеуге болады. Бұған қосымша FLASH бағдарламасы анимациялар және интерактивті композициялармен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
FLASH редакторындағы кескіндердің түрлері
Анимацияның түрлеріне мысал келтіру
7 тақырып. Web-кескіндерді өңдеу: HTML құралдарымен; Macromedia Flash бағдарламасы құралдарымен. 3D Studio Max бағдарламасы.
Дәрістің мақсаты: Үш өлшемді графиканың ерекшеліктерін студенттерге таныстыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Суретті құжатқа қою
Графикалық кескіндерді өңдеу тэгтері
Дәрістің тезисі: Суретті құжатқа қою.
Бұнда А элементі арқылы мультимедиялық файлға сурет арқылы сілтеме жасауға болады. Ол келесі түрде жазылады:
< A href = “ http :// Travel Del. Com/video/ Midle Sea.avi ” >
Екінші жолы Web параққа арнайы элементтерді қолдану арқылы орындалады. Ол элементтер:
IMG, APPLET, OBJECT, EMBED, BGSOUND
Қарапайым сілтеме келесі түрде құрылады:
Сілтеме мәтіні
Мысалы:
< A href =”review.html”> шолу
Шолу сөзіне шерткенде review.html құжатына көшеді. Басқа торапқа көшу үшін тегі қолданылады:
жазылады және де қандай да бір файлға сілтеме тегі арқылы жүзеге асырылады.
гиперсілтеме мәтіні сілтемелерді безендіру үшін style атрибуттары қолданылады, келесі түрде жазылады:
Style =”font – weight:bold; font – variant: small – caps”>
5-бөлім. мәтін
Шрифтердің қоюлығы = - сызу варианты.
Түстері:
link – активтелмеген сілтемелер түсін орнатады.
vlink – қаралған сілтеме түсін орнатады.
alink – тышқан көрсеткіші апарылып көрсетіп тұрған сілтеме түсін орнатады.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
HTML тілінің графикалық кескіндерді құжатқа қою тэгтерін ата
HTML-құжатта кескіндерді өңдеудің қандай жолдары бар?
Достарыңызбен бөлісу: |