Кафедра:№1 Акушерия және гинекология


Жаңа туған нәрестенің күтімі.Біріншілік күтім



бет15/18
Дата01.12.2022
өлшемі1,67 Mb.
#160785
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Толықтырылған Айдынғали Орынгүл Күнделік Акушерия мен Гинекология 407А практика

Жаңа туған нәрестенің күтімі.Біріншілік күтім
Қалыпты босанған әйелден жаңа туған нәрестені қабылдап, біріншілік өңдеу істей білу керек. Олардың орындалу тәсілі:
1) Нәрестенің басы сырттай бұрылған соң, электросорғыш немесе балончик көмегімен мұрын және ауыз қуысынан кілегей сорылып алынады.
2) Нәрестенің тыныс алуын және тері жамылғыларының түсін босанғаннан кейінгі алғашқы 1 -сағатта 15 минут сайын және 2-сағатта 30 минут сайын бағалау. Егер терінің түсі көгерсе немесе тыныс алуында киындық туындаса (1 минутта <30немесе>60), маска арқылы оттегі беру және дереу неонатологты шақыру қажет;
3) Нәресте туғаннан кейін көзі стерильді тампонмен (әр көзді жаңа тампонмен), сыртқы бұрыштан ішке қарай сүртіледі.
4) Әр көздің қабағын астына қарай тартып, ішіне 30% сульфацил натрий ерітіндісінің бір-бір тамшысынан тамызылады.

5) Үлкен жыныс ернеулерін саусақпен ақырын ашып, қынаптың кіреберіс бөлігінің бұлшық еттеріне 30% сульфацил натрий ерітіндісін тамызады.
6) Кіндік тамырының соғысы тоқтағаннан кейін кіндік сақинасынан 10-15 см қашықтықта арақашықтығы 2 см-ден болатын екі Кохер қысқышы салынады.
7) Қысқыштар арасындағы шаң-тозаң 96% спиртпен өңделеді.

8) Қысқыштар арасы стерильді қайшымен кесіледі.

9) Жаңа туған нәресте жылы ағынды сумен жуындырылып, стерильді орамалмен сүртіледі.
10. Резеңке қолғап ауыстырылып, кіндік сақинасынан 0,3-0,5 см арақашықтығында (96% спиртпен өңдеп) Кохер қысқышы салынады.
11) 1-2 мин. кейін қысқышты алынып, кіндік қалдығына металдан жасалған Роговин скобасы немесе мәрлі мен дәкеден жасалған үшбұрыш салынып, қатты таңылады. Кіндік қалдығы 5% калий перманганат ерітіндісімен өңделеді.
12) Скоба бекітілген кіндік қалдығына стерильді мәрлі дәкесімен таңу жасалады.
13) Стерильді майға батырылған мақта тампонымен нәрестенің қатпарлары (шап, қолтық асты) сүртіліп, босану бөліктері алып тасталынады.
14) Босанғаннан кейін 30 минуттан соң және басқа бөлімге ауыстырмас бұрын электрондық термометрмен нәрестенің дене температурасын өлшеу, егер температурасы 36,5 С төмен болса – жылы жаялық, қалпақ және носкиді ауыстырып кигізу кажет, нәрестені жылыту үшін қосымша әдістерді колдану (анасымен бірге жатқызып қосымша көрпе жабу, анасы мен баласы жатқан төсектің үстіне жылытқыш лампаны қою және т.б.);
15) Жаңа туған нәрестенің салмағы мен бойы сантиметрлі лентамен төбеден табанға дейін өлшенеді.
16) Сантиметрлі лентамен нәресте басының айналымы (тік өлшемі) және иық айналымының ұзындығы өлшенеді.
17) Клеенкада келесі мәліметтер жазылуы керек:
а) тегі, аты-жөні;
б) босану күні, сағаты;
в) жынысы (нәрестенің);
г) дене салмағы;
д) нәресте ұзындығы;
ж) анасының босану тарихы;
е) босану тарихының нөмері.
18) Клеенка нәрестенің екі қолына стерильді жіптермен байланады.
19) Үшінші клеенка жаңа туған нәрестенінің стерильді жаялығына немесе көрпесінің үстіне байланады.
20) Осыдан кейін жаңа туған нәресте жылытатын үстелдің үстінде 2 сағатқа қалдырылып, жаңа туған нәрестелер бөлімшесіне ауыстырылады.
21) Акушер резеңке қолғабын шешіп, қолын жуады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет