Геофилалар топырақтың әр түрлі жарықшақтарында, қуыстарында мекендейді, сондықтан денелері ұзын, жіңішке, лента тәрізді. Жүру аяқтарының саны 31-ден 177-ге дейін. Мұртшаларының буыны - 14, көздері жоқ, соңғы жұп аяқтары құрылысымен, атқаратын қызметімен мұртшаларға ұқсас. Геофилалар жыртқыштар, насекомдармен қоректенеді, кейде жауын құртына шабуыл жасайды. Өсімдік қоректілері де бар. Ұрықтану кезінде аталықтары топырақтың жарықшақтарына өрмек жіптерін керіп, соған сперматофораларын жапсырады. Аналықтары гоноподия аяқтарымен сперматофораларды іліп алып, жыныс тесігіне енгізіп, жұмыртқаларын ұрықтандырады. Шығарған жұмыртқаларын денесімен орап алып, ұрықтары шыққанша қоректенбей жатады. Негізгі өкілдері: Escaryus retusidens, Pachymerium ferrugineum, Mixophilus indicus. Орталық Азияда геофилалардың ұсақ (3-4 см-ге дейін) түрлері жиі кездеседі (Geophilus туысынан).
Достарыңызбен бөлісу: |