Кері байланыстың 3 негізгі қызметін қолданамыз



бет3/3
Дата29.01.2022
өлшемі23,81 Kb.
#115848
1   2   3
Байланысты:
жаңаша басқару

Кері байланыс ұстанымы.

Жоспарда мақсат-міндеттермен қатар күтілетін нəтижелер белгіленеді. Педагогикалық немесе басқару процесінде нəтиженің орындалу барысы, жолдары мен тəсілдері талданып, объективті баға беріледі. Кез келген педагогикалық жүйе – ашық əлеуметтік жүйе ретінде ортамен, ата-аналармен, түрлі қоғамдық, ұйымдарымен, ұжым ішіндегі адамдармен диалогтық қатынаста болады. Нəтижелілік ұстанымы күтілетін нəтижелердің алдын - ала нақты сипатталуы мен оған қол жеткізуге бағытталған технологиялар мен тиімді əдіс - тəсілдердің, ресурстардың таңдалуымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, нəтижелердің мақсатқа сəйкестілігі сараптамалар арқылы анықталады. Күтілетін нəтижелер соңғы кезеңде ғана емес, жұмыс барысын бағалау үшін бірнеше кезеңдер бойынша аралық нəтижелер ретінде де жасала алады. Басқару ұстанымдары-басқаруда басшылыққа алатын жетекші идея, қағида. Мықты ішкі корпоративтік мəдениет-ұйым ішіндегі этика мен ұйым мəдениетін қарастырады.

Талаптары:

1.Басқару этикасы талаптарын сақтау;

2.Ұйым ішінде ішкі мəдениетті сақтау;

3.Педагогикалық ұжымды қалыптастыру,

4.Жүйе құру;

5.Өзара құрмет,

6. Сенімді туғызу;

Адамға деген бір тұтас көзқарас ұстанымы – басшы педагогикалық ұжымдағы əрбір қызметкерді кəсіби қызмет түрін атқаратын жұмысшы ретінде емес, педагогикалық үрдіс барысында өзіндік қажеттілігі, өзіндік мақсаттары, мотивтері бар жеке тұлға ретінде қарастырады. Талаптары:



  • Педагогтар мен қызмет саласында ғана емес, жеке өмірі, ішкі жан дүниесіне ене отырып қарым-қатынасқа түсу (қызмет барысында ғана емес жеке басы, жеке өмірі жайлы сөйлесу);

  • педагог өмірінің көп бөлігін оның жұмысы құрайды, сондықтан оның жұмыстағы орны оған қуаныш сыйлайтындай болуы керек;


  • Педагог жұмысын байыту жəне мансаптық өсу ұстанымы – басшылықтың педагогтың кəсіби қызметін əртүрлі етіп ұйымдастыруға тырысуы, сол арқылы кəсіби қызығушылығын ояту жəне оның кəсіби сенімділігіне қолдау жасау.



  • Педагогтарды жаңашылдық іс-əрекет түрлеріне тартуға барынша жағдай жасау;

Әкімшілік-мұғалім қарым-қатынасын жоғары деңгейге көтеру мақсатында өз тәжірибемде қолданатын нақты қадамдар:




  1. Ұстаздардың жеке басына SWOT анализ жасай отырып мықты тұстарын жетістікке бағыттап, әлсіз тұстарын реттеуде ұсыныстар беріп отыру.


  1. Сабақтарына қатысып Асхат Алимовтың «Табысты сабақ қандай болуы керек деген 60 сұрақтарын» негізге ала отырып, бірнеше сұрақ қойып мұғалімге өз сабағына рефлексия жасатам.


  1. Кері байланыс туралы сауалнама алып, кездесетін қиындықтарды анықтап,жетістіке жететін жоспар құрам


  1. Мұғалімдерден жылына 2 рет TALLIS сауалнамасын жүргізіп, сауалнама нәтижесі бойынша іс-шаралар жоспарын құрып орындалуын қадағалаймын.TALLIS саулнамасын жүргізу өз нәтижесін береді, басқаруда жаңашылдық пен кәсіби өсуге ықпал етеді.


  1. «Мұғалім үні», «Оқушы үні», «Ата-аналар үні» сауалнамаларын жылына 1 рет жүргізу.


  1. Жарты жылда 1 рет әкімшіліктің жұмысына бірнеше критерий бойынша ұстаздар арасында, жоғары сынып оқушылары арасында,ата-аналар арасында бағалау сауалнамасын жүргізем. Бұл ашық сауалнама арқылы әкімшіліктің жұмысты тиімді ұйымдастыра алуы мен басқару жүйесінің дұрыстығына көз жүгірту, ұжымның бағасын, ұжымның, оқушылардың, ата-аналардың сұранысын, ұсынысын ескере отырып мектеп басқару жүйесіне жаңашылдық енгізу.



  1. Кері байланыс ата-аналардан,ұстаздардан, оқушылардан қабылдай алу.


  1. Ата-аналарға, ұстаздарға, оқушыларға кері байланыс беру.


  1. Жоспарланған әрбір креативті іс-шараның артындағы мақсат-оқыту сапасын арттыру.


  1. Ұстаздарды ағартушылық, құзырлылық, зерттеушілік мəдениетін əдістемелік сауаттылыктарын арттыру


  1. Мықты корпоротивтік мәдениет орнату


  1. Коллобративтік орта құру


  1. «Тігінен» (әкімшілік-мұғалім) және «көлденеңінен» (басқару субектілері арасында) басқару дегеніміз еңбекті бөлісуден басталады. Әр топтан жобаларды жүзеге асыру үшін лидер –ұстаздарды жұмылдыру.Әркім өз міндетін айқын түсініп,қоян-қолтық жұмыс істеген кезде ғана атқарған жұмыс тиімді болады. Осыған орай ұйымдастыру функциясының міндеті,еңбек әрекеті элементтері олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір лидер мұғалімдердің орны мен рөлін белгілеу, бірлескен жұмыс ұйымдастыру. Көлденең еңбек бөлінісі арқылы ұйымда барлық жүйенің қызметін қамтамасыз ететін жоспарлау, қаржы, жаңалықтар енгізу, қызметкерлерді басқару, жабдықтау бөлімдері құрылады.


  1. Білім берудің құндылықтары мен күтілетін нəтижелерін терең зерделей білуім тиіс.


  1. Құндылықтар мен нəтижелерді қамтамасыз ету үшін мектепте нені өзгерту керек екенін нақты ажырата алуым керек.


  1. Қандай əрекеттер мен жобаларды іске асыруға болатынын, өзгерістерді жоспарлау жəне орындау барысында ол өзгерістер немен өлшенеді, оның тиімділігі қалай бағаланатынын алдын-ала айқындап, оны қадағалай білуім тиіс деп санаймын.

Жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыру барысында жаңаша мектепті басқару үрдісі өз нәтижесін бір жыл ішінде береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет