Кәсіби бағдардың теориялық негізі туралы білімі қалыптасады


Оқушылардың технологиялық білім берудегі бейінді оқыту жолдары туралы түсініктері қалыптасады



бет4/4
Дата09.05.2020
өлшемі26,91 Kb.
#66831
1   2   3   4
Байланысты:
бейіндік оқыту 8

Оқушылардың технологиялық білім берудегі бейінді оқыту жолдары туралы түсініктері қалыптасады.

«Технология» мазмұны материалды руханимен қоса адамзат қызметінің бір-бірімен тығыз байланысты әлеуметтік аспектін де қамтиды. Бұл материяны (материалды), энергияларды және ақпараттарды жоспар бойынша және адамның, қоғамның, табиғатты қорғаудың мүддесі тұрғысынан қолданылатын білім, әдістер мен құралдар саласы. Бұл жеке тұлғаның, оның ойының дамуына бағытталады.

Мазмұны жағынан «технология» көп модульді және көп деңгейлі пән, оның логикасы пән саласының функционалды және эстетикалық қасиеттерін қалыптастыру мақсатын иемденетін жобалық және атқарушылық қызметтің барлық кезеңдерінде оқушыларды жұмылдыру арқылы құрылған.

Оқытуда оқушылардың танымдылық және шығармашылық қабілеттерінің дамуына көп көңіл бөлінеді, соның арқасында мұғалімнің басшылығымен жақсы жобалар жасалып, мектептегі мини кәсіпорындарда оқушылардың оларды жүзеге асыруына өз әсерін тигізеді.

«Технология» жалпы және технологиялық мәдениетті беруді қамтамасыз етеді, жастарды өз бетінше өмір сүруге және нарықтық экономикасы бар демократиялық азаматтық қоғамда өз еңбектік қызметіне даярлайды, негізінде адам және қоғам, табиғатқа технологиялық көзқарас жүйесі жағынан технологиялық дүниетанымды қалыптастырады. (Чудинский Р.М., Калашникова О.Г., Райымбекова А.Д., Ортаев Б., Қасымбекова Ж.Б. және т.б.).

Технологиялық білім берудің жалпы міндеттеріне: оқушыларды технологиялық біліммен қаруландыру, технологиялық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру, жеке тұлғаның технологиялық маңызды қасиеттерін тәрбиелеу, яғни технологиялық құзыреттілік элементтері жатады.

Технологиялық білім берудің жалпы міндеттеріне: оқушыларды технологиялық біліммен қаруландыру, технологиялық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру, жеке тұлғаның технологиялық маңызды қасиеттерін тәрбиелеу, яғни технологиялық құзыреттілік элементтері жатады.

Технологиялық білім - технологияның әлемді тану үдерісінің нәтижесі және оның ұғым, елес, ойлау, ой қорытындылау түріндегі адам санасында бейнеленуі. Оқушылар базалық технологиялық ұғымдарды білуі тиіс: технология, технологиялық орта, технологиялық үдеріс, түрлендіру қызметтерінің әдістері және т.б. Одан басқа олар материалды және рухани өндірістің озық технологияларын және адам қызметінің негізгі формалары туралы білулері тиіс.

Технологиялық іскерлік дегеніміз - алған ғылыми білімінің негізінде адам игерген қызмет әдістері. Оған төмендегілер жатады: өз қызметін жоспарлай білу, оның нәтижесі мен тиімділігін болжау және бағалау, қажетті білімін өз бетінше іздеу, графикалық жұмыстар атқару, технологиялық ортада жұмыс жүргізу, өзінің кәсіби қажеттілігін анықтау.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, жалпы білім беру жүйесіндегі технологияның негізгі мақсаты мен алғышарттарын қалыптастыруға болады: технология оқушыларды белсенді өзіндік әлеуметтік және еңбектік өмірге даярлайды, қоғамдағы гуманистік қызметке, нарықтық экономикалық жағдайындағы өндірістік қатынастар жүйесіне әлеуметтік- еңбектік, өзін-өзі анықтауы мен келешекте түрлі мамандықты меңгеруі.

Оқушыларға технологилық білім берудің мазмұнының өзгеруі жалпы білім берудің тиімділігін өзгертеді. Ол технологиялық ақпараттың, жобаның құзіреттіліктер деңгейі мен мектеп бітірушілердің кәсіптік өзін-өзі анықтаулары болып табылады.

Қазақстан Республикасында технологияны оқытудың педагогикалық тәжірибесі көрсеткендей, қазіргі кезде оқушыларды тәжірибелік даярлау мектептің оқу шеберханаларының базасында жүзеге асырылуда. Оқу өндірістік үдерісін материалды-техникалық қамтамасыз етудің шектеулі мүмкіндіктері оқушыларды еңбектік даярлау бағытының өзгеруіне әкеледі. Мектеп шеберханаларында оқыту көбіне қол еңбегі саласына бағытталады, Бұл технологиялық білім беру мақсаттары мен міндеттерінің деградациясына, стагнациясына әкеледі.

Оқушылардың заманауи кәсіптік білім беру қажеттіліктері қоғамдық өндірістің түрлі салаларындағы технологиялық қызмет мазмұнына жаңа талаптар қояды. Тәжірибе көрсеткендей әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруімен нақты өндіріс үдерісінде оқушылардың тәжірибелік даярлығы мен диагностикасын жүзеге асыруды қолдайтын кәсіпорындардың оқу учаскелерінің мүмкіндіктері мен қызметтері тез қысқарды. Білім беру жүйесінің экономикалық базасының заманауи қысқаруы жағдайында жалпы және кәсіптік білім беру мекемелерінің білім беру ресурстарын комплекстік қолдану мен байланыстыру мүмкіндіктері аз қолданылуда.

Тәжірибе көрсеткендей материалдық өндіріс саласындағы жұмыс оқушылардың бір ғана бөлігіне бағдар болып табылады.

Негізгі мектепті бітіргеннен кейін қала мектептерінің оқушыларының үш бөлігі және ауыл оқушыларының жартысына жуығы өндірістік бейін бойынша және өндірістік емес мамандықтардың бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесіне оқытуға өтеді. Кәсіптік траекторияны таңдауға тек жеке тұлғалық қасиеттер емес, сонымен қатар еңбек нарығының конъюнктурасы, оқушылардың әлеуметтік мүмкіншіліктері мен қоғамдық жағдайлары әсер етеді. Жоғары сыныптарға өткен оқушылар жалпы еңбектік немесе бейінді болуы мүмкін технологиялық білімді жалғастырады. Оның жалпы еңбектік немесе бейіндік болуы оқушылардың арнайы даярлық міндеттерін шешуге білім беру жүйесінің даярлығына тәуелді.



Еңбек нарығының салалық құрылымдарын талдау, жалақының қатысты деңгейі мен оқушлардың кәсіптік талпыныстары соңғы жылдардағы қазақстан аймақтарының мысалында көретін болсақ (ҚР әр жылғы статистикалық материалдары) заманауи қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының ортақ жүйеге келмеуіне және оны қамтасыз ету үдерісін жетілдіру қажеттілігіне меңзейді.

Бірақ технологиялық білім беру жүйесінің ерекшеліктерінің арасынан оның шаруашылықтық қызметінің салалары мен компоненттері бойынша базалық бөлігінің әлеуметтік негізделген құрылымының негізін атап өтсек болады. Бұл кәсіптік қызметтің объектісі мен типіне сәйкес оқушылардың кәсіптік маңызды оқуларын тұлғалық-бағдарлы құрастыру міндеттерімен қарама-қайшылықта болады. Сонымен қатар технологиялық оқу үдерісіндегі оқушыларды жынысына қарай бөлу контингенті (балалар және қыздарға) болмыстық еңбек бөлінісі үдерісінде өзін-өзі қамтамасыз ету мәселелерін дәстүрлі шешуге жауап береді, бірақ оқушылардың кәсіби бағдарланған міндеттерін шешпейді. Оқушыларды жалпы және еңбектік оқытудың кәсіптік мотивациясының төменгі деңгейін және осы маңызды құраушыны оқу үдерісінде қамтамасыз ету қажеттілігін атап өту қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет