Кіріспе зерттеу birthday20080828 тақырыбының



бет5/6
Дата28.11.2022
өлшемі105,65 Kb.
#160131
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Оралхан Бөкей 2

ҚОРЫТЫНДЫ
Жазушының шығармашылығы туралы айта келіп, «Жер бетіндегі миллиондаған адамдар қаншалықты бір-біріне ұқсамайтын,әйтеуір бір ерекшелігімен дараланса,олардың мінез-құлқы,жан-қалтарыстары да соншалықты өзгеше,ешқандай ілім-білімнің қолынан келмейтін жұмбақты дер едім.
Жазушы ойынан көретініміз, табиғат қаталдығы, ол - қажет нәрсе. Сондықтан да ол Алтай жайлауына барар жолға бетоннан құйылып жасалатын көпірге қарсы. Себебі, ол енді «Сайтан көпір» бола алмайды, адамдар қорықпай, қарқ-қарқ күліп өте шығады да, Алтай жайлауынан қадір-қасиет кетеді. Адамдар бойынан қатерден сескену сезімі жоғалып, мүлдем құрып бітіп, есінетер ессіздік үстемдік алады. Табиғат пен адам қарым-қатынасына арналған шығармалардағы кейіпкерлерді табиғатқа деген позициясына қарай «ойлампаздар», «жасампаздар», «жыртқыштар» деп топтарға бөлсек, О.Бөкей повестеріндегі кейіпкерлерді типтік жағынан «ойлампаздар» қатарына жатқызуға болар еді. Олар табиғатты қорғауға белсене араласып жүрген адамдар емес, Ақтан, Дархан сияқты кейіпкерлер табиғат − Ананың тәй-тәй баспаған нәрестелері сияқты. Қоғамдық қарама-қайшылықтан тыс өмір суруге ұмтылған олар үшін ең бастысы − табиғатпен бірге болу.
Курстық жұмыс жазу барысында әңгімелері мен повестерімен танысып, кейіпкерлердің нағыз бет-бейнесі бастарына іс түскенде ашылғанын және повестің кейіпкерлерінің рухани деңгейі биік,арманшыл адамдар екенін білдік. Жазушы әр шығармасында табиғат пен адам арасында гармониялық үйлесім болуын тілейді. Осы табиғаттың керемет сұлудығын адамдар көбіне көп түсіне бермейді.Табиғатты сүюді,оған қамқор болуды елей бермейміз.Міне осы шығармаларда кейіпкерлер қиналған сәтте ғана аспанға,айналасына қарап сүйсінеді екен. Сондай-ақ ақынның шығармалары адам бойындағы жаман әдеттерден арылуды көздейді.Жақсылық пен Жамандықты салысытырып ,әрқашан да Жақсылықтың жолының ашық болатынын дәлелдейді.
.. Оралхан Бөкей шығармаларын талдай отырып,жазушының әр шығармасы адамның сезім тұңғиығына, жан – дүние тереңіне ой – арманына үңіліп,оқырмандарға ой тастайтынын білдік.Оның шығармалары туған халқымен бірге жасасып, оның рухани игілігіне қызмет ете береді.«Адамды ардақтау, оның ұлылығын жырлау, жалпы алғанда, Оралхан повестерінің негізгі тақырыбы десе де болады». Серік Қирабаев ағамыздың сөзін келтіретін болсақ,айналасындағы адамдарды құрметтеп,ардақтап,сыйлап өтуі керек.Өйткені өмір адамға бір-ақ рет беріледі.Өмір сүрудің ең жақсысы - айналаңа жарық тарату!
Түйіндей келгенде, өмірден ерте кеткенімен артына мол әдеби мұра қалдаырған Оралхан Бөкей- ұлттық көркемөнерімізде өзіндік орны бар ірі суреткер.Жазушының адамның сезім тұңғиығына,жан-дүние тереңіне ой-арманына үңілген шығармалары туған халқымен бірге жасасып, оның рухани игілігіне қызмет ете береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет