Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет105/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Клара Қабылғазина
пынан көмектер көрсетіледі. Ондай көмектің 43,8 пайызын жергілікті 
тұрғындар емес, сырттан келгендер алады екен. 
Осындай жағымды жаңалықтармен Швейцарияның ірі өнеркәсіпті 
қаласы Цюрихқа да келіп қалдық. Цюрих – Швейцариядағы халқының 
саны жағынан ең үлкен қала, ірі іскерлік орталығы. Лиммат өзені 
мен Цюрих көлінің құйылысында орналасқан кантон орталығы. Ел 
29 кантонға бөлінеді (Кантон – біздегі облыс деген түсінікті береді). 
Қалада мәдениет ошақтары көп шоғырланған, 50 ден астам музей, га-
лерея, театр, концерт залдары бар. Біздің қалада саусақпен санарлық 
қана мәдениет орындарының бар екені де біздің мәдениетіміздің алға 
баспай жатқанының бір себебі де болар. Цюрихта жыл сайын тамыз 
айында әлемдік заманауи музыканы дәріптеу мақсатында стрит –па-
радты өткізу дәстүрге айналған. Мұнда Европадағы ең ежелгі, тара-
лымы үлкен газет «Нойе цюрхер цайтунг» 1780 жылдан бастап неміс 
тілінде шығып келеді екен. Бұл қалада университет және жоғары 
федералды политехникалық мектеп бар. Әр түрлі архитектуралық 
ежелгі стильдерді сақтау дәстүрі Европаға тән жай. Бұл қаланың да 
сол ерекшелігі сақталған. ХІІ ғасырдың аяғында салынған үйлердің сол 
тұстағы безендірілуі әлі күнге дейін назар аударады. Біз социалистік 
қоғамның қалдырған ескерткіштерін түп тамырымен құртуға ат салы-
сып жатқанда, олар бір кезде бізге көсем болған В. И. Лениннің тұрған 
үйін туристер келетін орынға айналдырып қойыпты. Көненің көзін 
көздің қарашығындай сақтау да еуропалықтарға тән қасиет. Лиммат 
өзенінің үстімен ХІV-XV ғасырларда салынған ағаш көпірді өртеніп 
кеткеннен кейін 8 млн. еуро шығарып, қайтадан орнына келтірген екен. 
Цюрих – неміс тілді кантонның астанасы және әкімшілік орталық 
болып табылады. 2011 жылы Цюрих халқының өмір сүру сапасы 
жөнінде әлемде 2-орынды алса, 2012 жылы әлемдегі ең қымбат қала 
болып табылды. Қала халқының 77, 7 пайызы үшін неміс тілі ана тілі 
болып саналады, екінші орында итальян тілі тұр. Жалпы Швейцарияда 
4 мемлекеттік тіл қолданыста. Олар – неміс, француз, итальян және 
роман. Бұл ел шенген келісіміне енген және БҰҰ 2002 жылдан бері 
мүше. Бұл мемлекеттің әр кантонының өз заңы, конституциясы бар, 
алайда олардың бәріне федералдық конституция басшылық жасайды. 
Елдің президенті жыл сайын федералдық кеңестің мүшелерінен сай-
ланады. Заң шығарушы орган құрамында 125 депутаттары община-
лар кеңесі болып танылады. Олар әр төрт жылда ашық түрде сайлауға 
түседі. 


217
Тіршілік
Цюрихтің ең әйгілі көшесі Банхофштрассе- қаланың орталығы. Бұл 
көшемен автокөліктер жүруге болмайды, тек қана трамвай жүреді. Бұл 
қаланың бір ерекшелігі бүкіл фонтандарға мүсіндер қойылған. Барлық 
мүсіндердің авторы XVI ғасырда өмір сүрген скульптор Ганс Гинг. Әр 
мүсіннің тарихы бар. Мысалы, бір фонтанда әлдебір қорқынышты 
адамның аузында кетіп бара жатқан баланың құйрығы бейнелен-
ген. Яғни, жылауық, тілазар, бұзық баланы осы ата жеп қояды. Мұны 
швейцарлықтар бала тәрбиесіне қолданады екен. Ескі қаланың ор-
тасында Қасиетті Петр мен Фраумюнстер шіркеулері орналасқан. 
Соңғы шіркеу кезінде зиялы қыздар мектебі болған. Сөз ретінде айта 
кету керек, Швейцарияда әдепті, мәдениетті, білімді, көргенді, сы-
пайы қыздар мектебі осы күнге дейін бар. Диана ханшайым, герцоги-
ня Корнуоля т. б. оқыған мектептер әлі күнге дейін зиялы қыздарды 
тәрбиелеп келеді. Осы Фроумюнстер шіркеуін өрнектеп, безендірген 
атақты орыс суретшісі Марк Шагал екенін де осы тұста естідік. 
Қаладағы политехникалық университетте әлемге танымал ғалым 
Альберт Эйнштейннің оқығанын жергілікті халық мақтан етеді. Осы 
оқу орнының қабырғасынан шыққан жиырмадан астам ғалымдар 
Нобель сыйлығының лауреаттары екені үлкен ұлттық мақтаныш. 
Міне, ғылымы дамыған ел деп осыны айтады. Оның қасында Цю-
рих университеті тұр. Цюрих – өте ежелгі қала. Тіпті 10 ғасырда 
салын ған үйлер бар. Және үйлердің салынған жылдары, неше түрлі 
өрнектердің астарында әр кезеңдегі аңыздар жатыр. Швейцарлықтыр 
– тарихты өте бағалайтын халық. Мысалы, жүзім шаруашылығының 
негізін қалағандар, алғашқы тоқымашылар үйі. Музейлер өте көп: 
ойыншықтар, динозаврлар, өнеркәсіптік, тоқымашылар, жүзім кәсіп-
шілігі музейі т. б. Халықаралық футбол федерациясы ФИФА да осын-
да орналасқан. 
Берн қаласындағы үкімет үйінің алдында қарапайым халық қыды-
рыс тап жүр. Жол бастаушының айтуынша қарағанда үкіметтің пре зи-
денті, министрлер қолдарындағы хотдог, гамбургер сияқты т. б. бір-
де ңелерін жеп, жалғыз өзі, еш оққағарсыз жүре береді екен. Өйткені, 
халықтан оңаша, оқшау ештеңе жүзеге асырылмайды. Тіпті, уақытты 
алмастыру (жазғы, қысқы уақыт) дегеннің өзі халықтық талқыға сала-
тын көрінеді. Қаруды үйде ұстау, ұстамау, зейнет уақытын ұзарту т. б. 
сияқты мәселелер шешілуден бұрын алдын-ала жазылып, қоғамның әр 
мүшесі өз даусын қосу үшін үйді-үйлеріне таратылып беріледі. Сөйтіп, 
халықтық, қоғамдық пікірдің қорытындысы бойынша жүзеге асырыла-
ды. Фукусима реакторлық орталығы жарылғанда Швейцария халқы да 


218
Клара Қабылғазина
елдегі атом электр станциясын жабуды сұрап үкіметке құжат жолдаған. 
Сондықтан, қазір ғалымдар басқа заманауи энергия көзінің балама-
сын табу үшін жұмыс істеуде. Ал, атом электр станциясын біртіндеп, 
көрсетілген мерзімге дейін жабу қарастырылып, халыққа уәде берілген. 
Үкімет үйінің қасына атақты швейцар банкі орналасқан. Бұл 
елде құпиялылық өте ерекше сақталынады. Тіпті отбасылық табыс 
көзінің өзі өзара да жария етілмейді. Сондықтан болар, біздің елдің 
де көптеген шенеуніктері өз қаржыларын сол Швейцариялық бан-
кте сақтайтыны. Американдықтар өз елдерінен шыққан, Швейцария 
банкіне салынған қаржының көлемін сұрап, жариялауды талап ет-
кен бір оқиға болған көрінеді, бұл жай үлкен мемлекетаралық дауға 
ұласса да жарияламаған екен. 
Крамгасс көшесінде жылжымалы мүсіндері бар сағат орналасқан, 
бір кездері ол Бернге кіретін 1191 ж. салынған қақпа болған, ал 
мүсіндер 1527-1530 жылдары жасалған. Әрбір санды соғардан төрт 
минут уақыт бұрын мүсіндер шығады. Бұл әйгілі сағат уақытты ғана 
емес, сонымен бірге аптаны, айды, жұлдыз жорамалды, айдың фаза-
сын көрсетеді. 
Швейцариядағы шағын болғанымен тарихи маңызды қалалардың 
бірі-Люцерн. Бұл қаланың туристер көп келетін орындарының бірегейі 
– өлім алдындағы арыстанның мүсіні. 1792 жылы Людовик ХVI ко-
рольге қарсы шыққан көтерілісшілер сарайға шабуылдаған кездегі ко-
роль мен оның отбасы үшін жан аямай күрескен швед гвардиясының 
әскеріне арналған. Бұл мүсінді көрген жазушы Марк Твен «әлемдегі 
тасқа салынған шығармалардың ішіндегі ең қайғылысы, ең аянышты-
сы осы» деп жазған екен. Тіпті сарайдың талқандалған түрін, қырылған 
әскерлерді, король отбасының аяусыз жазаланғанын көрген Наполеон 
«бұлардың біразын аяусыз қырып жібергенде, қалғандарының өздері 
де мұнда жоламайтын еді», -депті. Олай дегеніне себеп- өз халқына оқ 
атқызғысы келмеген король мәселені бейбіт жолмен шешпек болған 
көрінеді, сөйтіп бұйрық бермеген. Ал ашынған жұрт тобырлық әрекет 
жасаған. Мүсін Бертель Торвальдсен деген дат мүсіншісінің жоба-
сы бойынша жасалған. Осындай сан түрлі ақпаратқа толы саяхаты-
мыз Альпі таулары баурайындағы Рейн сарқырамасында жалғасты. 
Альпінің асқар шыңдары есімізге Алатауды түсірді, елге деген сағыныш 
сезімі оянып, «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» дегендей 
үлкен армандармен, пікірлермен оралдық. 


219
Тіршілік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет