Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет20/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf
241, С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара», 143088-21-265761, 239687-143088-22-334472, 317 (1), 239705-143088-22-334499, 239725-143088-22-334529, 2 5350324877561697439, math-sol, 239716-143088-22-334512, math-sol-kaz, Саба ты та ырыбы Жыр кейіпкерлері (Бірінші тарау) Сынып 7 «А», math-tasks-kaz, murat-monke-5640ecbd4690d
Тіршілік
қозғалмады. Денесi жеңiлдеп, iшi босағанымен құлазыған көңiл мүлде 
ессiз қалғандай, әлдебiр түсiнiксiз сезiмде күнi ұзақ жатқан оны ой 
жетегi оятты. Мүлде оятты. 
«Қой, тағдырдың жазуы осылай шығар, «жазмыштан озмыш жоқ» 
деп текке айтылмаған болар. Өлгеннiң артынан өлмек жоқ, серпiлейiн... 
Қарашаның елi бар, жұрты бар ғой қолтығымнан демейтiн. Ешкiм кет 
әрi демес». 
Аштықтың азабын тартқан, аурудан әлсiреген ел iшi көктем шыға 
ес жинай бастады. Қолдарында бар талқанын, айран-сүтiн бөлiсiп, 
әлсiздерге, жас бала-шағаға алдымен таттырып, қолдан келгендерiн 
аямай жер көгергенге жеттi-ау! «Көппен көрген ұлы той» деген-
ге мойынсұнғандай ләм-мим деспейдi, тiптi осындай қиын сәтте 
адамзаттың ой-санасы әлдебiр кiрбiң кiрден тазарып, көңiл күйлерiне 
iзгiлiк орнай ма дерсiң?! «Өзiме қамтып қалайын, өзiм аман қалайын
алдымен өзiмдi ойлайын» деген сияқты пендешiлiктiң нышандары еш 
адамнан елең берген емес. «Елде болса ерiнге тиедi, ауылда болса – 
ауызға тиедi» дегендi медет тұтқан едi ел ересектерi. Осылай талай 
адам ажал аранынан аман қалды. Мынау ауқатты едi, мынау кедей едi 
немесе анау бәлен жүздiң, мынау бәлен рудың адамы, бәлен атаның 
ұрпағы едi демедi олар. Өйткенi төбеге төнген, топалаңдай тыпырла-
тып, баудай сұлатып жатқан аштық та, ауру да жалпы қазақ басына 
түскен қасiрет қай елдiң баласы екенiн сұрамайтынын ұқтырды. 
Содан берi талай-талай заман өттi бастан. Бүкiл ауыл, қала бердi 
көршi ауылдардағы Қараша әулетiнiң қуанышын қуаныш етiп, 
қайғысын өз қайғысындай сезiнiп жүрiп жатқанына жарты ғасырдың 
жүзi болыпты. Ақ ниеттi осы бiр адал жанның тал бойынан бiр адамға 
деген жеккөрiнiш сезiмнiң жұрнағы да болмайтын. Өзiн әлдебiреу 
ренжiткен болса да, өзiнше жуып-шаятын. Тiптi болмаса, себеп таба 
алмағанда: «Е, басы қатты ауырып тұрған болар, адам жаны ауырған 
кезде ештеңеге де қарамай кетедi ғой» деп өзiн-өзi жұбататын. 
Қай шаңыраққа көмек керек, еш шақыру рәсiмiн күтпей-ақ кiрiп 
кетедi. Не жұмыс кезек күтiп тұр, үн-түнсiз iстей беретiн. Жұмысқа 
тындырымдылығын, тап-тұйнақтай етiп атқарып «туыстарына» жаға-
ты нын iштей мақтаныш қылатын да... Тiптi, Қараша әулетiнен басқалар 
көмек ке шақырса, одан сайын мәз болатын... «Мiне, көрдiң бе, менiң 
қандай қажет адам екенiмдi! Қараша атамның балаларын қойып, бас-
қалар да шақырып жатыр. Оған бармай қою күнә болады» дейдi де 
қолы босасымен солай қарай жүгiредi. 


44
Клара Қабылғазина
Жұрт қайғысын өз қайғысындай сезiнетiн адамдар туралы естiгенде 
әрдайым есiме Сүлен-апа түседi. Бiрде жұрағаттың Зәмзә атты келiнi 
қайтыс болғанда ол әйелдiң бар жақсы қасиетiн ақ, iзгi ниетiн жiпке 
тiзгендей етiп, жоқтауға қосып айтқанын естiп, жұрт жағасын ұстап 
таң қалыпты. Көкiрегiн қақ жара күрсiнiп алып, зарлы дауыспен жылап 
отырған кемпiрдi көргенде осы бiр адал, аппақ, кiршiксiз таза көңiлдi 
адамға көңiлдерi босап, қайран қалысты. 
Бұл ғұмырында бiреудiң ала жiбiн аттамағанын да, ел-жұрттың бәрi 
оған сенетiнiн де мақтаныш ететiн, ал «Сүлен-апа, келiп бiр шәугiм 
шай iшсеңiзшi!» деген iлтипаттан артық оған қошаметтiң, алғыстың 
керегi жоқ едi. 
Сол Сүлен-апа 85-ке келген шағында Қараша әулетiнiң бiр шаңы-
рағы нан о дүниеге аттаныпты. Бiраз уақыт көзi көрмей қал ға нында ол 
келiп-кетiп көңiлiн сұрағандардың жүздерiн көре алмай қапаланыпты. 
Бәрiне, бүкiл үрiм-бұтағына алғысын айтып, батасын берiп кетiптi. 
Бүкiл ауыл жұрты болып, барын әкелiп, қолынан келгенiн қосып, ақ 
арулап жерлептi. Ел жұрттың айтуына қарағанда көзiне жас алмаған, 
шын қиналмаған адам болмапты... Сәл қол, көмек керек бола қалса-ақ 
«Шiркiн! Сүлен-апаның жоғын-ай!» десiп қалады екен.. 
«Адамның күнi адаммен» деген осы екен ғой... Өзi жоқ болса да, 
жасаған жақсылығы ауыл үстiнде айналып ұшып жүргендей... Менiң 
көкiрегiмде: «қызмет бабы, жағдай болмады, уақыт жетпедi» дегендi 
желеу етiп, көп уақыт Сүлен-апаға барып хал-жағдайын сұрай 
алмағаным, тiршiлiк тырбаңынан аттап шыға алмаған пендешiлiгiм 
мәңгi өкiнiш болып қалып қойды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет