Күні: 24. 10. 2020 ж. Тақырыбы: Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері. Жоспары


Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі27,43 Kb.
#88017
1   2   3   4
Байланысты:
24.10.20жыл. Математика
24.10.20жыл. Математика, 24.10.20жыл. Математика, 24.10.20жыл. Математика
Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері

Анықтама. А және В оқиғаларының А+В қосындысы деп А оқиғасының немесе В оқиғасының, немесе екеуінің орындалуынан тұратын оқиғаны айтады.
Теорема. Үйлесімсіз оқиғалардың біреуінің орындалуының A немесе B ықтималдығы келесі формуламен анықталады:
P(A + B) = P(A) + P(B).
Мысал. Екі тиынды лақтырғандағы A оқиғасы – «Екі тиында да елтаңба жағы түсті». B оқиғасы – «Екінші тиында сан жағы түсті». A немесе B оқиғаларының біреуінің орындалу ықтималдығын анықтау керек.
Шешуі. «Е» елтаңба түсуін белгілейік, «С» санының түсуін белгілейік. A оқиғасының немесе «ЕЕ, ЕС, СЕ, СС» мүмкін жағдайларының ішінен «ЕЕ» жағдайының орындалу ықтималдығы: P(A) =1/4
Сол сияқты, B оқиғасының немесе «ЕЕ, ЕС, СЕ, СС» мүмкін жағдайларының ішінен «ЕС, СС» жағдайының орындалуының ықтималдығы: P(B) =2/4=1/2
Олай болса, A немесе B оқиғаларының біреуінің орындалу ықтималдығы былай анықталады:
P(A + B) = P(A) + P(B) =1/4+1/2=3/4




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет