Коммерциялық емес акционерлік қоғам электртехникалық материалтану


 Дәріс №10. Өткізгіштік материалдар



Pdf көрінісі
бет33/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#89194
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
Байланысты:
ess 48
Презентация Microsoft PowerPoint, Қатты дене физикасы 7 апта, 2065
 
10 Дәріс №10. Өткізгіштік материалдар 
Дәрістің мазмұны:
- өткізгіштердің классификациясы; 
- электрөткізгіш металдардың табиғаты. 
Дәрістің мақсаты: өткізгіштердің қасиетін зерттеу және оларды аппа-
раттың құрылысымен, басқа электротехникалық бұйымдармен байланыстыра 
білу. 
 
10.1 Өткізгіштік материалдардың анықтамасы, классификациясы 
және қолданылуы 


38 
Өткізгіштік материалдардың анықтамасы, классификациясы және 
қолданылуы бұл токты жеңіл өткізетін заттар. Өткізгіш материалдарға сұйық 
және қатты заттар жатуы мүмкін. Қатты өткізгіштерге металдар және олардың 
қорытпасы, ал сұйыққа – металдардың қорытпасы, ртуть - 20°С температурада 
сұйық күйінде қалатын металл. Газдар иондалған жағдайда плазма күйінде 
(10
4
температурада ) өткізгіш бола алады. 
Қатты өткізгіштер және сұйық металдар электронды өткізгіштікке ие 
болады; сұйық ерітінділер – иондық өткізгіштікпен; плазмалы өткізгіштіктер 
бұл жерде қарастырылмайды; газдар және металдың булары қалыпты 
жағдайда диэлектрик болады. 
Электрөткізгіштігі бар қатты өткізгіштер бірінші текті өткізгіштер 
болып классификацияланады. Екінші текті өткізгіштер немесе элетролиттер 
бұлар судың және тұздың ерітіндісі, қышқылдар, сілтілер және молекуласы 
иондық құрылыстан тұратын заттар. Электролит арқылы токтың өтуі 
электролиз құбылысымен байланысты; бұл жерде электр зарядтары 
молекуланың (иондар) электролиттері бөлшегімен бірге қозғалады, Фарадей 
заңы бойынша электроттарда электролиз өнімдері белгіленеді, ал 
электролиттің құрамы өзгереді. Электр өткізгіштігі бар металдарда олар 
арқылы ток өткенде металдың массасының және химиялық құрамының 
өзгерісі байқалмайды. 
Электртехникада маңызды қатты өткізгіш ретінде металл және олардың 
қорытпалары алынады.
Электрөткізгіш материалдар электрөткізу мөлшеріне және қолданысына 
қарай келесі түрде жіктеледі: 
а) өткізгіштігі жоғары металдар (қалыпты температура кезінде меншікті 
кедергілерді 
Олар электр машиналардың орамдарына және аз 
шығынмен үлкен қашықтықтарға электр энергиясын тасылмалдау үшін 
қолданылады;
б) кедергілері жоғары қорытпалар 
, элекрэнергияны 
жылу энергияға айналдыруға, электротехникалық көмірден жасалатын 
кедергілерге, компазициялық резисторларда, прожекторларда, электролиттік 
ванналарда, микрафондарда пайдаланылады;
в) өте төмен (криогендік) температура кезінде меншікті кедергілері тым 
аз болатын материалдар – асқын өткізгіштер және криогендік өткізгіштер;
д) электротехникада пайдаланылатын әр түрлі металдар және олардың 
балқымалары, яғни дәнекерлер және термоқостар.
Металдағы электронды газдар туралы болжамды көптеген тәжірбиелер 
растайды, олар: 
1) 2 метал контактары арқылы ұзақ уақыт ток өткенде ол металдардың 
массасының өзгеруі байқалмайды және бір металдан келесісіне атомдардың 
өтуі байқалмайды. 
2) Металдарды жоғарғы температураға дейін қыздырған кезде бос 
электрондардың жылу қозғалу жылдамдығы артады және термоэмиссияны 


39 
тудырып сыртқы потенциалды жеңу арқылы неғұрлым жылдам электрондар 
металдардан ұшып кетеді. 
3) Жылдам қозғалыстағы біліктің күрт тоқтауы қозғалыстың бағытын 
жылжыту мүмкін, бұл тоқтатылған біліктің соңында потенциалдар айырымын 
туғызады. 
4) Көлденең магнитті өріске салынған металл пластинкада көлденең 
ЭҚК пайда болады және өткізгіштің электрлік кедергісі өзгереді (Холл 
эффектісі; алдында қарастырылған).
Металды жүйе ретінде қарастыратын болсақ ,ондағы оң иондар мен 
қозғалыстағы электрондарды байланыстыратын болсақ, онда металдардың 
негізгі табиғи қасиетін білуге болады: ырғақтылық, созымдылық, 
жылтырлығы, жоғарғы жылуөткізгіштігі және үлесті электрөткізгіштігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет