Пән: химия
Сынып: 8
Сабақ тақырыбы: Химиялық формула. Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі. Зат құрамының тұрақтылық заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Химиялық формула, химиялық элементтердің атомдарының валенттілігін, зат құрамының тұрақтылық заңын түсіндіру.
Дамытушылық: Период, топ бойынша элемент атомындағы электронның орналасу тәртібі мен заңдылығын және элемент қасиетінің өзгеру себебін түсіндіру, білімдерін дамыта түсу. Заттардың химиялық формуласын құруды үйрену.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі : баяндау, сұрақ – жауап
Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру
2. Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары
Өткен тақырыптарға пысықтау тапсырмалары (есептер):
Зат мөлшерін анықтау
Зат мөлшері арқылы заттың массасын табу.
Мольдік массаны анықтау.
Сабақтың барысы:
Заттың химиялық формуласын құру:
Валенттіліктерін үстіне қойыңдар (кестеден қараңдар): Н О
Элементтердің үстіндегі сандарды көбейтіңдер. Шыққан санды Н –тің үстіндегі санға бөліп, Н-тың төменгі индекске (Нх) жазыңдар.
Шыққан санды (көбейтіндіні) О валенттілік санына бөліп, шыққан санды О-тің төменгі индекске (Ох) жазыңдар.
Заттың химиялық формуласын жазыңдар: НхОх.
Есеп№1.
СаО құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын (СаО құрамындағы кальций мен оттек қандай массалық қатынаста әрекеттескен) анықтаңдар.
Үлгі: m(Са) : m(О)=40 : 16=2.5:1 немесе Аr(Са): Ar(О)= 40 : 16=2.5:1
Есеп №2 (өздерің шығарыңдар).
NaCl құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын анықтаңдар.
Есеп №3.
СаО түзілу үшін Са 6г және О 5 г алынды. Түзілген заттың құрамындағы қай зат артық алынды? Жауаптарыңды есептеп дәлелдеңдер.
«Валенттілік – атомның басқа элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті» деген анықтаманы келесі мысал негізінде түсіндіріңдер:
СаСl2
Қосымша материал.
Атом моделінің электрон бұлтының құрылысы
Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз.
Ақырғы деңгей электрон саны = топ нөмеріне сәйкес (валенттілікке сәйкес).
|
Жаңа тақырыпты бекіту:
жаттығулар беріледі.
Үйге тапсырма: § 9,11,13. 10 тапсырма, 36б., есеп №9, 40б..
Бағалау
Химиялық формула. Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі.
Зат құрамының тұрақтылық заңы.
8 сынып
химия
Келесі тапсырмаларды дәптерлеріңе орындаңдар (қосымша материалмен танысыңдар):
Заттың химиялық формуласын құру:
Валенттіліктерін үстіне қойыңдар (кестеден қараңдар): Н О
Элементтердің үстіндегі сандарды көбейтіңдер. Шыққан санды Н –тің үстіндегі санға бөліп, Н-тың төменгі индекске (Нх) жазыңдар.
Шыққан санды (көбейтіндіні) О валенттілік санына бөліп, шыққан санды О-тің төменгі индекске (Ох) жазыңдар.
Заттың химиялық формуласын жазыңдар: НхОх.
Есептерді (№2,3) шығарыңдар:
Есеп№1. Есептің шығарылу жолымен танысыңдар (ауызша).
СаО құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын (СаО құрамындағы кальций мен оттек қандай массалық қатынаста әрекеттескен) анықтаңдар.
Үлгі: m(Са) : m(О)=40 : 16=2.5:1 немесе Аr(Са): Ar(О)= 40 : 16=2.5:1
Есеп №2 (өздерің шығарыңдар).
NaCl құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын анықтаңдар.
Есеп №3.
СаО түзілу үшін Са 6г және О 5 г алынды. Түзілген заттың құрамындағы қай зат артық алынды? Жауаптарыңды есептеп дәлелдеңдер.
«Валенттілік – атомның басқа элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті» деген анықтаманы келесі мысал негізінде түсіндіріңдер (ауызша):
СаСl2
Қосымша материал.
Атом моделінің электрон бұлтының құрылысы
Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз.
Ақырғы деңгей электрон саны = топ нөмеріне сәйкес (валенттілікке сәйкес).
Ескерту* Дәптерге 1.деп жазып, бірден тапсырманы орындай бересіңдер.
|
Химиядан сабақ жоспары
Сыныбы 8
Тақырыбы
|
Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Жаңа химиялық элементтердің ашылуы туралы мәліметтер.
Көрсетілім №2 (2.1) «Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық кестесі».
|
уақыт
|
Білімділік мақсаты:
дамытушылық:
тәрбиелік:
|
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау;
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу, химиялық қасиеттерін сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін құрастыра білу, түсіндіру, есте сақтау,көңіл аудару,есеп шығару білім-білік дағдыларын жетілдіру;
сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру
|
|
Сабақ типі:
|
Жаңа сабақ.
|
|
Сабақ өткізілу түрі:
|
Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, жаттығулар орындау, фронталды әңгімелесу,дәптермен жұмыс, алгоритммен жұмыс
|
|
Құралдар мен реактивтер:
|
интерактивті тақта, 10-ЕТЖ-1, ХЭПЖ, кітап, дәптер.
|
|
Ұйымдастыру
кезеңі:
|
(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;
-оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.
|
1-2
|
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
|
Сабақтың білімділік мақсаты:
-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;
-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;
-кеткен кемшіліктерді жою.
Периодтық кесте бойынша элементтердің жіктелуі туралы түсіндіріп беру.
|
5-7
|
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
|
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.
(Актуализация )
Білімділік міндеттері: .
-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.
-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.
2.Оқыту проблемалары:
Химияның бастапқы ұғымдары
1.Білімді жаңғырту:
1. Фронталды әңгімелесу:
Атом ,молекула, химиялық элемент деген не?Анықтама беріңдер;
Мына элементтердің салыстырмалы атомдық массасын есептеңдер: калий, магний, алюминий.
|
3-4
|
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
|
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды
шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.
2.Мұғалімнің түсіндіруі:
Жаңа сабақты түсіндіру:
2. Алгоритммен жұмыс
3.Нашарүлгеретін оқушыларға көңіл аудару.
|
|
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын
алғашқы тексеру кезеңі:
|
Білімділік мақсаты:
- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;
-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;
- кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -
1. Периодтық кестемен танысып, өз білетіндерін айту. Бұрыннан таныс емес мәліметтерді табу (периодтық кестедегі сандар, химиялық элементтер топтары, оттекті және сутектік қосылыстары).
Алгоритммен жұмыс
Периодтық кестеде неше элемент бар?
Периодтық кестеде неше металл бар?
Периодтық кестеде неше бейметаллл бар?
Актинойдтар мен лактанойдтар периодтық кестеде қайда орналасқан? Олардың атаулары неге байланысты?
Неше радиоактивті элемент бар?
Неше топ бар? Ол нені білдіреді?
Неше қатар бар?
Неше период бар? Ол нені білдіреді?
Периодтық кестеде элементтер қандай қасиеттеріне қарай орналастырылғанын анықтаңдар.
Сілтілік металдарды теріп жазыңдар.
Сілтілік жер металдарды теріп жазыңдар.
Халькогендерді теріп жазыңдар.
Галогендерді теріп жазыңдар.
Инертті газдарды теріп жазыңдар.
«ІА және ІВ топ» деген жазу нені білдіреді?
І В топ элементтерін көшіріп жазыңдар.
ҮІА топтың жоғары оксидтерінің формулаларын жазыңдар (оксид- химиялық элементтердің оттектіқосылысы). Неліктен жоғары оксидтері деп аталады?
Галогендердің жоғары оксидтерінің формулаларын құрып, валенттіліктерін үстіне жазыңдар.
ҮІІІ А топтың салыстырмалы атомдық массаларын жуықтап жазыңдар.
10-14 сұрақтардың жауаптарын жаттап ал.
|
20-22
|
Білімді қорытындылау және жүйелеу:
|
-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;
-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;
Атом – күрделі өте кішкентай бөлшек
Молекула –бұл жай немесе күрделі заттың құрамы мен химиялық қасиетін сақтайтын, кішкентай бөлшектер
Химиялық элемент –ядро зарядтары бірдей атомдардың түрі.
1 мольдің массасы - бұл молярлық масса
Молекулалық кристалл торы бар күрделі заттар, алыну әдісіне қарамастан құрамы тұрақты болады: құрам тұрақтылық заңы
Әрбір молекуланың салыстырмалы молекулалық массасы болады. 23
Кез-келген заттың 1 молінде 6.02*10 бөлшек болады
Бұл Авогадро саны
Бірдей жағдайда әртүрлі газдың бірдей көлеміндегі молекула саны да бірдей. Бұл Авогадро заңы.
|
2-3
|
Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:
|
-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;
Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.
-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу.
|
3-4
|
Үй тапсырмасын беру кезеңі:
|
Білімділік міндеттері:
-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету
1. Үй тапсырмасын беру.
|
1-2
|
Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.
|
- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.
|
1-2
|
Достарыңызбен бөлісу: |