Кримииалистиканың ұғымы, пәні, обьектілері және мақсаттары


Криминалистикалық диагностика



бет7/20
Дата19.01.2023
өлшемі19,7 Mb.
#165876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Криминалистика - альбом 1
Сабақ жоспары Вирус , 10 Су буы. Су буыны энтропиялы диаграммалары, 10 апта.Силлабус. Әдебиет, English File 4th edition Elementary Students book, mzh.-tamyrdy-shk-rylysy-floema-ksilema-kambiy.-zerthanaly-zhmys-sabaty-shk-rylysyn-zertteu-.-z, DOC-20230901-WA0015.
Криминалистикалық диагностика.
Криминалистикалык диагностика - бұл салыстырумен байланысы жоқ белгілі бір деректің, құбылыстың, объект кұрамының мәнін жүргізуші тұлғамен анықтау немесе іс бойынша тергеумен байланысты мәселелерді шешу үшін топтық тиістілікті бекіту.
Диагностика объектінің өзінің немесе көрінісі зерттелуінен тәуелсіз, объектінің белгілерін зерттеуге негізделген. Белгілердің ақпараттық жақтарына негізгі көңіл бөлнеді.
Диагностикалык зерттеулер жүргізудегі негізгі әдіс белгілердің ұқсастықтары бойынша теңестіру болып табылады.
Диагаостикалық зерттеулер объектінің құрамы мен жағдайын анықтау бойынша оның жағдайын анықтап қана қоймай, объектінің өткен жағдайын, сонымен бірге іздердің қалу әдісін және ол арқылы қылмыскердің әрекет бағытын айқындайды.
Диагностикалық зерттеулер келесі мақсаттарда жүзеге асады:
а) объектінің берілген сипаттамасына сай (сай емес) құрылымдары мен жағдайларын анықтау үшін;
ә) әрекет жағдайларын зерттеу үшін;
б) болған оқиға арасыңдағы себеші байланыстарын бекіту үшін.
3. Диагностикалық зерттеулерді үш деңгейге бөлуге болады:
- бірнші бұл объектінің тұрақты зерттеудегі құрамы мен жағдайын анықтау;
- екінші объектінің құрамы мен жағдайын көрініс бойынша анықтау;
- үшінші интегративтік диагностика, толық жағдай анализі.
Криминалистикалық техника.
Криминалнстикалық техника - бұл ғылыми жағдайлар жүйесін құрайтын және олардың негізі бойынша дәлелдерді жинау, зерттеу мен пайдалану және басқа да қылмыстарды ашу мен алдын алу әдістеріне арналған жаңартылған техникалық құралдарды, әдіс-тәсілдерді құрамына қосатын криминалистиканың бөлімі
Криминалистикада қылмыс іздерін қалдырушы объектілерінің және оларды зерттеудегі шешілетін криминалистикалық мәселелердің типтері арқылы криминалистикалық техниканың пәндік топталуы қалыптасты. Ондай топтау криминалистикалық техниканың келесі салаларын қамтитын белгілі бір жүйеге сай келетін білімді көрсетеді:
- криминалистикалық техниканың жалпы ережелері;
- криминалистикалық сурет, дыбыс және бейне жазу;
- криминалистикалық ізтану;
- криминалистикалық қарутану;
- қриминалистикалық құжаттану;
- адамның сыртқы бейнесі жайлы криминалистикалық зерттеу (габитология);
- криминалистикалық тіркеу.
Соңғы уақытта техниканың даму деңгейінде криминалистикалық одорология және вокалография (иіс пен дыбыс бойынша идентификациялау) сияқты криминалистикалық техниканың жаңа салалары орын алуда.
Криминалистикалық техника өзіне келесі мәселелерді қосады:
- өзіндік криминалистикалық құралдар;
- осы құралдарды қолдану әдістері, тәсілдері немесе олар арқылы техника-криминалистикалық мәселелерді шешу әдістері.
Пайда болу көзі мен қолдану деңгейіне байланысты соттық іс жүргізудегі қажетті техника-криминалистикалық әдістер мен құралдар үш топқа бөлінеді:
а) іздестіру және дәлелдеу ақпаратын арнайы жинау мен зерттеу үшін криминалистикадағы қарастырылған әдістер мен құралдар;
ә) басқа саладағы техника-криминалистикалық мәселелерді шешу үшін арналып құралған ғылымдар мен техникалардын криминалистикамен өзара байлаиысты әдістері мен құралдары;
б) басқа салалардағы ғылымдар мен техникалардың криминалистикамен байланысты және ешқандай өзгеріссіз қолданылатын әдістері мен құралдары.
Қылмыстың алдын алуда қолданылатын крнминалистикалық техниканың негізгі багьптары:
- қылмыстың жасалуына жол беретін шарттардың пайда болуы;
- қылмысты жасаған тұлғаларды жыадам табуға арналған шарттар;
- қылмыстың қорытындысын ауырлатуға немесе шешу барысына кедергі келтіруге арналған қылмыскерлердің саймандарына, қарсы тура алатын криминалистикалық техника құралдарын жақсарту;
- қылмысты тоқтатушы техника криминалистикалық| құралдарды жаңарту.
Техника-криминалистикалык құралдарды қолдану шарттарына мыналар жатады:
а) колдануға ыңғайлы әлеуметтік және жаратылыс-техникалық сілтемелері:
- адамгершілік нормасына сай келуі;
- ғылыми жағдайы қолдану қауіпсіздігі;
- пайдаланудың тиімділігі;
ә) қолданудың зандылығы:
- құқықтық негіздеменің болуы;
- басқарушы тұлғалармен қолданылуы;
- іс жүргізуші қалыптарын және қолдану тәртіп ережелерін сақтау;
- заң талаптарына сай қолдану қорытындысыи жабдықтау;
б) техника-криминалистикалық құралдарды қолдану негіздемесі:
- нормативтік құқықтық актілер;
- құқықты қолдану актілері;
Криминалистикалық техниканы қолданушы субъектілер болып ішкі істер органдары, соттар мен басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлері және сарапшы криминалистер болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет