Курстық жұмысы


Бірінші перденің бірінші суреті



бет11/24
Дата30.11.2022
өлшемі99,47 Kb.
#160430
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
stud.kz-63123
Документ
Бірінші перденің бірінші суреті қазақ даласындағы әлеуметтік теңсіздікті көрсетеді.
Қаладағы базарға келген кедей жігіт Жайнақ пен қарт Тәуке кенет оқиғалар дүрбелеңінің куәсі болады. Азан-қазан болған шіркеу қоңыраулары, ерсілі-қарсылы жүрген урядниктер, шоқша сақалдаларды іздеушілерден қашқан жігіттер патша өктемдігін танытса, ағылшын подрядчигі әр елдік «ақ қылшықтардың құлқынын» меңзейді. Герман соғысында аяғынан айрылып қайтқан капитан Петр Логинов Аманкелдіні іздеуде. Оған Тәуке шал көмектеседі. «Аманкелді ояз начальнигінің үйін өртеді» деген жаламен жүрген пристав Дробилин Аманкелдінің өзін танымай атын тартып алғысы келеді. Оған Петр араша түседі. Аманкелді де қаймықпай сес көрсетеді. Ояз бастығы Алексей Логинов пен інісі Петр Логиновтың және Аманкелдінің арасында бітімсіз жік:
А.Логинов бұларға: «Жоқ, Петя, келісім бол алмайды мұнымен! Өзің де сақтан, Петя! Заң орталықта шығады да шетке шыға қатая береді» деп ызғармен кетеді.
Петр Аманкелді патшаның июнь жарлығын табыс етеді. «Оқы да, түсін. Түсін де, ойлан» — дейді. Аманкелдіні ұстауға Дробилин солдаттарымен келеді. Бірақ ол Петрдің ескертуімен қашып үлгереді. Бұлар арғы күні «Батпақ –Қорада» кездеспек. Бір суреттің өзінде кіші-гірім алты оқиға белең береді.
«Би-төренің арқасында айырма жоқ, ақ төбет пе, қара төбет пе, бәрібір төбет дейтін өздерің, Аманкелді екеуің болатынсыңдар...» - дейді Тәуке қарт Петрге. Бұдан байқалатыны, Тәуке сияқты ел адамдарының саяси көзқарастарының қалыптасып, оң мен солын тани бастағандығы көрінеді. Қарсақбайда өндіріс орнын ұстап отырған ағылшындар жайында Тәуке: құдайдың жұты анда-санда келсе, ағылшындардың жұты күнде тонап жатқан жоқ па? дейді.
Соғыстан қайтқан Петр де «Алтын иықтар маған ұнамайды, мен оларға ұнамадым. Әйтеуір бір бітімсіз кірбең кірді арамызға... Екі жыл соғыста болғаным ескі үміттерді біржола кесіп түңілтіп қайтарды. Қандай мол күшті құнсыз етіп құртып жатырмыз! Сенің намысың келсе, еліңнің атағы мен даңқы үшін намыстанайын десең, сен бір құюыжық қыңыр адам саналасың. Кімдер, кімдер десеңші, соны істейтін?.. Жалынсыз, жансыз азғындар ғой. Майданда еліңнің атағы мен даңқы аяққа басылып жатқанын көруден ауыр не бар дейсің? — дейді Аманкелдіге. Империалистік соғыстың жыртқыштық сырын Петр түсінген, оны Аманкелді де ұғады, «Даланың құлағы да ашылған осы күні, Айта бер...! дейді оған Аманкелді.
Автор бірінші суреттің өзінде-ақ біршама саяси оқиғаларды шынайы көрсетіп береді. Мұғалім пьесаға шолу жасағанда осы жайттарға баса көңіл бөлгені жөн. Патшалы Ресейдегі қайшылықтар даланы да дүрліктірмей қоймайды. Аманкелді басшы, Петр сияқтылар қосшы болып, теңдік үшін күрескенін көрсетеді.
Уезд бастығы А.Логунов бұған дейін Аманкелдіні азғырып, өз жағына шығармақ ниетте болған, қазіргі оның аса қауіпті адам екеніне көзі әбден жеткен. Оны ұстауға бұйрық беруі де осы себепті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет