Мақсаты: Қазақ әліпбиі туралы жан-жақты мағлұмат алып,оның шығу тарихын зерттей отырып,студенттердің білімін кеңейту.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1. Араб әліпбиі.
2. Ахмет Байтұрсыновтың әліпбиі.
3. Латын әліпбиі.
4. Орыс әліпбиі.
5. Латын әліпбиіне қайта көшу
Қазақ әліпбиі - қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі.
Қазақ тілі тарихындағы 1072-1940 жылдар аралығындағы алфавиттердің ауысуы:
1. Араб әліпбиі. Ежелгі Вавилондағы (б.з.б. 2000-шы ж.) аккад, шуме тайпаларының жазба әріптері негізінде пайда болған көне жазуладың бірі. Оңнан солға қарай жазылады.Бас әріптері болмайды. Әріптері бір-біріне қосылып жазылады. Араб жазуында 29 әріп және бір белгіше бар ()– “жоғарғы һәмзә” бүкіл сөздегі жіңішке дауысты дыбысты белгілеу үшін, сөздің басына қосылады. Олардың үшеуі (а, и, у) созылыңқы дауысты дыбыстарды бейнелейді. Дауыссыз дыбыстардың асты үстіне харакаттар (көмекші белгілер) қойылады.Бұл белгілер Құранда, сөздікке, оқу құралдарында міндетті түрде қойылып,ал қалған кездерде қойылмауы мүмкін. Араб әліпбиі қазақ халқының рухани өміріне, мәдениетіне, зиялы қауымның қалыптасуына ықпал етті.Әліпби баспа жұмысының жанда нуына игілікті қызмет етті. Араб жазуы алғашқыда “қадым”, кейін “төте” жазу үлгілері түрінде Қазақстанда 1929 жылға дейін пайдаланып келді.
2. А.Байтұрсынов қазақ тілінің басқа түркі тілдерінен даралығын анықтап, ұлттың өзіне тән дыбыстық үнін танытатын таңбаларын Әліпбиге еңгізді.Байтұрсынов Әліпбиінің қазақ жазуы тарихында “жаңа емле” (төте жазу) деп аталып,халықты сауаттандыруға ірібет бұрыс жасады.
3. Латын алфавиті – көне және халықаралық алфавит. Латындар – римдік көне тайпалар. Олардың алфавиттері біздің дәуірімізден бұрын VIII-VII ғасырларда пайда болған. Кеңес Одағы кезінде түркі тілінде сөйлейтін халықтардың арасынан шыққан көрнекті ғылым қайраткері Н. Н. Нариманов араб алфавитінен жалпы түркіге ортақ жаңа алфавитке көшу қажеттігі жайында ұсыныс жасады.Латын алфавиті 1928-1929 жылдары Қазақстанда қолданыла бастады. Сөйтіп 1929-1939 жылдары Қазақстанда жаңа алфавитке көшу жазба мәдениетімізде белгілі бір тарихи кезең болған. Х.Досмұха -медов латын Әліпбиіне қарсы болса да, мемлекет қайраткері ретінде қазақ тіліне үйлестіріп латын әліпбиін жасады.
4. Орыс алфавиті негізінде қазақ әріптерін жасау 1939 жылы қолға алынды. Бұл графика – орыс алфавиті қазақтардың үйренуіне, оқуы мен жазыуна аса қолайлы болды. Сондықтан да жаңа Алфавитке көшуге тіл білімінің көрнекті өкілдері ғалымдар С.Кеңесбаев,С. Аманжолов, Н.Сауранбаев және т.б. белсене қатысты. 1940 жылы Кеңес Одағы халықтары біртекті Әліпбиіді қолдануы қажет деген саясатпен осы Халықтарға орыс Әліпбиі қолданысқа енгізілді. Орыс тілінде жоқ қазақ тілі дыбыстарының таңбалары кирилл таңбаларына ұқсастырылып ( қ-к, ғ-г, ө-о, ң-н) кіргізілді. 1939-1940 жылдары түгелдей орыс алфавитіне көшу туралы үкіметіміз арнаулы қаулы алды.
5. Бүгінгі күнге дейін Тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда қызу талқылауда ойларын да айтып бөлісті. Айта кетсек, солардың бірі - филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің пікірі: «Латын әліпбиіне көшудің қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, бізге өзге тілден енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайтынын, латын әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшуін және қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, әліпби және емле ережені бірдей қамтиды – деп айтты. Әрине, ұлт үшін маңызды өзекті мәселелердің оңды шешілуіне қосып отырған кәсіби білікті мамандардың пікірлері ескеріліп, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін жасалу жолдарына қатысты өрбісе және басқа жоғарыда аталған елдердің тәжірибесіне қарап салыстыра отырып жасалса құба-құп болар еді. Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған, бірақ орыс графикасында ғана жасалған, болашақта қазақ графикасында жасалады деген ойдамыз. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып отыр. Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.