Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет85/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы
b2087, Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер
Меңгеру. Меңгеру байланысқан сөз тіркесінде басыңқы сөздің мағынасына қарай бағыныңқы сөз септік жалғауларында тұрып байланысады. Барлық септіктегі сөздер емес, атау, ілік септігінен басқа сөздер меңгеріледі немесе меңгерілетін сөздер деп аталады. Меңгерілетін сөздер таза септік жалғауында тұрып та, шылаудың көмегімен байланысады. Сөз тіркесінде меңгеруші сыңары тек етістік деген көзқарас басым, алайда есімдер де басыңқы сыңарды меңгереді. М.Балақаев меңгеру мен меңгерілуде негізгі сөз табы етістік болғанымен, оған есім сөздер де жататынын, оның қазақ тіл біліміндегі түрлі заңдылықтарын дәлелдейді. Сонымен бірге, ортақ меңгеру мен дара меңгеруге тоқталады. Дара меңгеру – меңгерілуші сөзді тек есім не етістіктің меңгеруі. Мысалы: қалаға барды, терезені ашты, орталықтан алыс. Ортақ меңгеру – сөз тіркесіндегі меңгеруші сыңарының әрі есім, әрі етістіктен болуы. Мысалы: Маған уәде берді.
М.Балақаев есімді меңгеру жайында былай дейді:
«...Есімдердің есімдерді меңгеруі етістікті тіркестердегідей әрі мағыналық, әрі синтаксистік тығыз байланыс сияқты, етістіктерді бөлек алғанда олардың лексикалық мағыналары қаншалықты түсінікті болғанымен, мүшелік мазмұнда бір күңгірттік бар сияқты болады да тұрады. Ол күңгірттікті жойып, мүшелік мазмұнын толық ашу үшін кетті, келді етістіктерінің алдына кім кеткенін, кім келгенін, қайда кеткенін, қайдан келгенін көрсету керек. Мысалы: Асқар қалаға кетті, Темір қаладан келді. Осындағы сөз тіркестері – қаладан келді, қалаға кетті – меңгеріле байланысқан етістікті тіркестер. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері етістікті меңгеруге қарағанда сирегірек қолданылады және барлық есімдер ондай сөз тіркесінің меңгеруші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбіне бастауыштың күйін, халін білдіретін сөздер есімді сөз тіркестерінің басыңқысы болып жиі жұмсалады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет