Лекция №1 Тақырыбы



бет20/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Малдардың «сүйлік» ауруы. Бұл ауру Орталық Азия республикаларында жиі тіркеледі және «сүйлік» өзбектердің тілінде «демікпе» деген мағынаны білдіреді. С.Г.Юдиннің зерттеулері бойынша аурудың негізгі себебі ақ бас триходесмамен улану болатын көрінеді. Сондықтан ол ауруды автор триходесмоз деп атағанды дұрыс деп есептеген. Қазірде ол ауыру триходесмотоксикоз деген атпен белгілі.
Ақ бас триходесма биіктігі 70-80 см, сабағының бұтағы қалың, жапырағы жалпақ, үші үшкірленген, жемісі қауашақ көп жылдық өсімдік. Егістік жерді қатты ластайтын арамшөп.
Улы заты – алкалоид триходесмин және инканин. Олар көбінесе өсімдіктің тұқымында шоғырланады, өте күшті улы заттардың қатарына жатады. Малдың орталық жүйке жүйесіне, тыныс алу, ас қорыту жүйелеріне, әсіресе бауырға қатты әсер етеді.
Аурудың клиникалық белгілеріне көбінесе тыныс алу жүйесінің ауруларының белгілерінің үдемелі түрде дамуы жатады. Үздік-үздік құрғақ жөтел, аздап дене қызуының көтерілуі байқалады. Оған жүрек пен қан тамырларының қызметтерінің бұзылуы қосылады: жүрек түрткісі күшейеді, соғысы жиілейді.
Ең негізгі клиникалық белгісі ауырған малдың дем алысының жиілеуі (минутына 80-110-ға дейін) және демікпенің нақтылы анықталуы.
Сойылған малда геморрагиялық диатездің белгілері анықталады. Құрсақ қуысында, ас қорыту жүйесінің ағзаларында қанталағандық, тыныс алу жүйесі жағында нақтылы бронхопневмонияның белгілері; бауыр, бүйректер мен жүректе дегенеративтік, атрофиялық өзгерістер. Қан тамырлары қанға толы, бас ми ісінген. Кейбір жағдайда өкпелер ісінген, эмфизема.
Емі. Жылқылар мен ірі қара малдарына хлорлы кальций, уротропин және оймақгүл препараттарын қолданудың нәтижесінің жақсы екені туралы деректер бар. Оларды белгілі бір үлгімен қолдану керек: бірінші күні оймақгүлдің тұнбасы мен хлорлы кальций ерітіндісін, ал екінші күні оймақгүлдің тұнбасы мен уротропинді глюкозада ерітіп венаға жібереді. Ал үшінші күні тек аурудың клникалық белгілеріне қарсы қолданылатын дәрілік заттармен ғана емдейді. Оң нәтиже болғанға дейін осы үлгімен емдеуді 2-3 рет қайталауға болады.
Сақтандыру шаралары. Триходесмамен зақымданған дәнді дақылдан дайындалған жемді азық ретінде қолданбаған дұрыс. Тіпті болмаған жағдайда оны триходесмадан тазалау керек. Негізгі бағыт – егістікті арамшөптен тазалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет