Лекция №1 Тақырыбы


Стахиботрис саңырауқұлағымен зақымданған азықтармен уланулар – Отравления кормами, пораженными грибом стахиботрис



бет22/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Стахиботрис саңырауқұлағымен зақымданған азықтармен уланулар – Отравления кормами, пораженными грибом стахиботрис.

Стахиботрис саңырауқұлағымен малдың қатқыл азықтары зақымданады. Бұл саңырауқұлақ целлюлозаны талқандайтын, Dematiaceae тұқымына жататын, нағыз сапрофит. Оның патогенді және патогенді емес екі түрі бар. Бұл екі түрі де табиғи жағдайда өсімдіктердің өлі клетчаткасында дамиды. Көбінде қырман басында үйіліп жататын ылғалды үйінділерде көп болады. Оның дамуына қажетті жағдай жоғарғы ылғалдылық пен жоғарғы температура. Мал азығының зақымданатын негізгі жолдары:



  1. Саңырауқұлақтың спорасының ауадан мал азығына түсуі;

  2. Мал азығының саңырауқұлақпен зақымданған өсімдікпен тиісуі;

  3. Мал азығының саңырауқұлақпен зақымданған топырақпен қатысы.



Саңырауқұлақтың улы заты ол спора салғаннан бастап түзіле бастайды. Мал азығы зақымданғаннан кейін 5-6 күннің ішінде әжептәуір улы зат жинақталады. Жасанды түрде зақымданған қатқыл азықтың 200-300 грамы жылқының қатты улынуын туғызғаны туралы деректер бар. Улы заттың жергілікті және кумулятивті әсер ететін қасиеттері бар. Негізінен малдың ауыз қуысы, асқазаны, бүйен ішектері жарақаттанады. Жалпы геморрагиялық диатездің белгілері дамиды. Ауру стахиботриотоксикоз деп аталады, көбінесе жылқылар, ал кейбір жағдайларда ірі қара малы да ауырады. Аурудың жыл мезгіліне баланыстылығы бар. Көбінде қолда тұрған малдардың арасында болады да, ал оларды жайылымға шығарғанда тиылатын көрінеді.
Жылқыларда екі түрлі клиникалық формада жүреді: нақтылы және нақтылы емес.
Нақтылы түрінде ауыз қуысының кілегей қабығының, еріннің және бет терісінің зақымданғаны байқалады. Ерні ісінеді, жарылады; стоматиттің клиникалық белгілері анықталады. Көп мөлшерде сілекей ағады. Таңдайда, ұртта, тілде некроз. Бастың төменгі жағында ісік пайда болғанда малдың басы бегемоттың басына ұқсап кетеді. Жақ астының лимфа бездері ұлғаяды. Аурудың жеңіл түрінде мал азығынан саңырауқұлақпен зақымданған азықты алып тастағанда біртіндеп жазылып кетеді. Ал егер зақымданған азық үнемі түсе беретін болса, онда ауру барлық организмді қамтиды. Оны қандағы өзгерістер дәлелдейді. Қанда тромбоциттер жоқ, лейкоциттер біртіндеп азая береді.
Ауру жылқылардың жалпы жағдайы төмендейді, тәбеті нашар, тез шаршағыш келеді. Демікпе пайда болады, алдыңғы аяқтарының бұлшық еттері дірілдейді, ас қорыту жүйесінің ағзаларының қызметтері бұзылады. Аріннің тұсында, ауыз қуысының кілегеей қабығында некроз. Осындай жағдай 5-20 күндей болады. Бұл жағдайда мал азығынан зақымданған азықты алып тастау арқылы малды жазып алуға болады. Егер зақымданған азықпен малды ары қарай азықтандыра бергенде малдың күйі күрт нашарлайды. Дене қызуы көтеріледі, жүректің қызметі нашарлайды, қанда лейкопения жылдам дами бастайды, ретракциясы жоғалады. Мал өлер алдында қанның түсі желатинге ұқсас, сарғыш түсті. Ауыз қуысында, ерінің маңайында, тілде некроз. Осындай уланудың қиын стадиясы 1-6 күнге созылады да, ақырында мал өлімімен аяқталады.
Аурудың нақтылы емес формасы жіті түрде өтеді. Зақымданған азықты көп жеген малдың жағдайы 8-10 сағаттың ішінде күрт қиындай түседі. Дене қызуы жылдам көтеріледі, жүректің соғысы жиілейді, аритмия пайда болады; демікпе, кілегей қабықтары көгерген, танаудан ақпа, өкпелерді дыңдағанда қырыл-сырыл дыбыстары естіледі. Бұл өзгерістер өкпелердің ісінуінің салдары. Терінің сезімталдығы жоғалады, көздің көруі нашарлайды, кейде тіпті көрмей де қалады. Кілегей қабықтарда ұсақ қан нүктелері. Танаудан, тік ішектен қан ағады. Аурудың нақтылы түрінен бір айырмашылығы ауыз қуысында, бастың төменгі жағында, қанда айтарлықтай өзгерістер байқалмайды. Бұл түрінің ұзақтығы 24-36 сағат, кейде нажағайдың жарқылындай өте жылдам өтеді де, өліммен аяқталады.
Өлекседегі өзгерістер аурудың нақтылы түрінде өзіне тән болады: ас қорыту жүйесінің ағзаларында некроз және жалпы организмде геморрагиялық диатездің нақтылы белгілері. Кілегей қабықтарда, тері асты шелінде, паренхиматозды ағзаларда қан нүктелері, жолақтары анықталады. Лимфа түйіндері ұлғайған, қанталаған; кескенде қан ағады. Өкпелері ісінген, қанға толған. Жүректің көлемі ұлғайған, эндокард пен эпикардтың астында көптеген жерлеріне қан құйылған.
Қолда тұрған, зақымданған қышқылды азықпен азықтандырылған ірі қара малдарының ішінде де улану байқалған. Клиникалық, лабораториялық өзгерістері жылқылардікіндей.
Емі. Арнайы емі жоқ. Сондықтан да көбінесе аурудың клиникалық белгілеріне қарай емдеу әдістерін қолданады. Аурудың жеңіл түрінде рационнан зақымданған азықты алып тастағанның өзі жеткілікті. Танин, марганец қышқыл калий, сода ерітінділерімен ауыз қуысын жуып, тазалау. Іш өткізетін дәрілік заттарды қолдану. Жараларды, жарылған жерлерді зарарсыздандыратын майлармен майлау, венаға 10 %-ды хлорлы кальций ерітіндісін жіберу керек. Терінің астына 1:1000 концентрацияда адреналин, камфора майын; венаға йодты калий ерітіндісін жібереді.
Ірі қара малының венасына 10 %-ды хлорлы натрий ерітіндісін жібереді. Руминаторлық дәрілік заттар, кофеин қолданылады.
Сақтандыру шаралары. Егінді жинау, оның шөбі мен сабанын маялау технологиясын қатаң сақтау керек. Стахиботрис саңырауқұлағының өсуіне, дамуына жағдай туғызбау керек. Топырақты зарарсыздандыру мәселесіне көңіл бөледі. Оны ас тұзымен, хлорлы известь ерітінділерімен өңдейді. 1 м² жерге 0,8-1,0 кг мөлшерінде қолданады. Ылғалды жылдары шөп пен сабанды маялағанда оны тұздаған дұрыс. 1 ц азыққа 2-3 кг мөлшерінде ас тұзын маяланатын шөп пен сабанның арасына салады.
Ботулизм. Мал азығында дамыған ботулинус микробының әсерінен онда түзілетін өте улы затпен ауыр түрде улану. Bac. Botulinus табиғатта кең тараған микроорганизм. Бұл микробтың өсіп, дамуына мал азығын дұрыс сүрлемдемеу, дұрыс маяламау, жемді дұрыс сақтамау себеп болады.
Жылы қанды жануарлар мен құстар ауырады. Әсіресе жылқыларда жиі анықталады. Басқа малдардың арасында өте сирек кездеседі.
Ботулинустың токсині нағыз нейротропты улы зат. Ол жүйке жүйесінің орталықтарының торшаларына таңдамалы түрде әсер етеді. Уы өте күшті. Мысалы, оның сорпадағы культурасының 0,00002 мл дозасы ақ тышқандар мен теңіз шошқаларының терісінің астына жібергенде оларды өлтіретін көрінеді.
Бұл аурудың ерекшелігі - организмдегі қозғау жүйесін салдандыру әсері. Негізінен шайнау және жұтыну аппараттары салданады. Денені қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер салданады. Ауру жылқы орнынан әрең дегенде тұрады да, аздан кейін қайта жатады. Малдың жұтыну актісі бұзылады. Мал азықты алады да, көпке дейін ауыз қуысында ұстайды. Осылай сілекеймен ылғалданған азық қайтадан түсіп қалады. Ішкен суы ауызынан, мұрнынан қайта төгіліп жатады. Ауыз қуысынан көпіршіктенген сілекей ағады. Мұнынан ақпа бөлінеді. Ішектердің жирылуының әлсіреуі, кейде тіпті болмауы салдарынан нәжіс қатып қалады. Зәр сирек бөлінеді. Дем алысы қиындайды. Әр жердің бұлшық еттерінде діріл пайда болады. Көздің қарашығы ұлғайған, ол жарыққа реакция бермейді. Тахикардия, тамыр соғысы әлсіз, кей кезде білінбейді де. Мал шатқаяқтап қозғалады. Жатқанда алдыңғы аяқтарымен суда жузген тәрізді қимыл жасайды. Сезімталдықтары қалыпты жағдайда болады.
Қатты уланған малда ботулизм жіті түрінде өткенде ауырған мал 1,5-2 тәуліктің ішінде өлім-жітімге ұшырайды. Уланған малдың жазылып кетуі өте сирек кездесетін жағдай. Ауырған малдың өлімі 100 %-ға жуық.
Өлген малды сойғандағы өзгерістер нақтылы емес, әртүрлі болып келеді. Жұтқыншақтағы және оның төңірегіндегі тіндердегі өзгерістерге көңіл бөлген жөн. Ол жерлерде геморрагиялық қабынудың белгілері анықталады. Тіл ісінген, жарақаттанған. Өкпелері ісінген, кескенде көпіршікті қанды сұйық бөлінеді. Кеңірдек, бронхылардың кілегей қабықтары ісінген, қанталаған. Қан қарамай тәрізді, ұюы нашар. Дене бұлшық еттері сұрғылт түсті, оңай жыртылады.
Емі. Бірінші кезекте ас қорыту жүйесін тазалау керек. Оны әртүрлі әдістерді қолдана отырып тазалап жуады, құсатын малдарды құстырады, терінің астына ареколин ерітіндісін жібереді. Ареколиннен кейін асқазанға зонд арқылы 12-15 л су құяды, жылы клизма жасайды. Ботулинге қарсы қанның сары суын қолданады. Оны 500-800 мл мөлшерінде венаға жібереді.
Сақтандыру шаралары. Жылқылардың улануы көбінесе сүрлеммен азықтандырғанда болатындықтан сүрлем дайындау технологиясын қатаң сақтау керек. Тышқандар, егеуқұйрықтар ботулинус микробын тасымалдаушыларға жататындықтан мал азығында олардың өлекселерінің болмауын қадағалау керек. Мал азығының яслилерін таза ұстау керек. Оны ауық-ауық зарарсыздандырып отырады.
Сүрлемнен басқа үйіліп жатып қалғанда, ылғалды жерде өздігінен қызатын жем, шөп, сабан, дәнді дақылдардың сабақтары да жылқылар үшін қауіпті екенін естен шығармау керек.

Мал азықтарын қорда сақтағанда оларды зақымдайтын көптеген жәндіктердің түрлері де бар. Олардың ішінде шөптің биті мен қырыққабат қырықбуынының маңызы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет