Ас тұзын анықтау әдісі. Тексерілетін материалдың сығындысын сүзеді де, одан 1-2 мл алып колбаға құяды. Оған 1-2 мл 2 %-ды күміс нитрат ерітіндісін қосады. Егер сығындыда ас тұзы болатын болса, онда ерімейтін хлорлы күмістің ақ түсті тұнбасы түзіледі. Егер оған аммиактың ерітіндісін қоссақ, онда тұнба ериді.
Тексерілетін материалдағы ас тұзының сан мөлшерін тікелей титр жасау әдісімен анықтауға болады. Ол әдіс анықтамаларда бар. Оның формуласы:
Х = (а-б) х 0,00585 х 100 = а – б х 0,585;
Ондағы: Х – хлорлы натрий немесе ас тұзының мөлшері, %;
а – хлорды тұндыруға кеткен күміс нитратының мөлшері;
б – артық қалған күміс нитратының титрына кеткен аммоний роданидінің мөлшері;
0,00585 – күміс нитратының 1 мл 0,1 н ерітіндісіне пара-пар хлорлы натрийдің мөлшері.
Сонымен қатар мал жемдеріндегі ас тұзының мөлшерін анықтау үшін қолданылатын экспресс-әдіс те бар. Бұл әдіс тексерілетін материалдағы белок заттарын азот қышқылының ерітіндісі арқылы тұнбаға түсіріп, қышқыл сықпадағы хлоридтің мөлшерін Фольград әдісімен титрлеп анықтауға негізделген.