Лекция №1 Тақырыбы


К әдімгі шайқурай – Зверобой обыкновенный – Hypericum perforatum L



бет38/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51
Байланысты:
кож лекция

К әдімгі шайқурай – Зверобой обыкновенный – Hypericum perforatum L. Биіктігі30-80 см, бұтақты тік сабағы бар, жапырағы сопақша келген, сабағының бас жағына шоғырланған жасыл түсті гүлді көп жылдық өсімдік. Ашық күн көзі жақсы түсетін жерде өседі. Жапырағын саусақтың арасына салып ысқылағанда жағымды қара майдың иісі білінеді.
Әсер ететін заттары – бояғыш гиперицин және псевдогиперицин. Олар көбінесе жапырағы мен гүлінде шоғырланады. Сонымен қоса құрамында эфир майы да болады. Қойлар жиі, ал жылқылар мен ірі қаралар сирек уланады.
50 сурет кәдімгі шайқурай Шайқураймен уланған буаз биелердің іш тастағаны туралы деректер бар. Қазақстанда ақ түсті ешкілердің жайылым жағдайында уланғаны туралы әдебиетте кездеседі. Малдың улануына күн көзінің әсері бар екендігі эксперимент жүзінде дәлелденген.
Уланған малда фагопиризм – терінің бөртуі, пайда болады. Бастапқыда қозу, тынышсыздану байқалады, артынан уланған мал жабығады, тамыр соғысы жиілейді, әлсіз; кілегей қабықтары қызарады. Танауынан көпіршіктенген сұйық бөлінеді. Күн көзінде малдың клиникасы үдей түседі. Жиі-жиі іші өтеді. Терінің пигментсіз жері қызарып, ісінеді. Ауырсыну сезімталдығы үдей түседі. Қатты уланған малдың терісінің қызарып ісінген жерінің эпидермис қабаты өлі еттенеді, ол жердің беті сыдырылғанда қанды жарықшақ пайда болады. Сұр, ақ түсті жылқылар үшін улану өте қауіпті. Әсіресе жас малдар қатты уланады. Уланған жылқылардың тәбеті жоқ. Бір орнында тұрып басын жан-жағына шайқайды. Жүрісі нақтылы емес, қалай болса солай бағытсыз қозғалады. Естуі, көруі нашарлайды, көздің қарашығы ұлғаяды, кілегей қабығы қызарған. Мал көбінде жартылай жатады. Танауы қызарған. Кей кезде өлім-жітіммен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет