Лекция №1 Тақырыбы


П левел – Плевел опьяняющий – Folium temulentum L



бет46/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
кож лекция

П левел – Плевел опьяняющий – Folium temulentum L. Сабағының ұзындығы 30-80 см, бір жылдық дәнді дақыл. Сабағы қатпарланған, жапырағы жіңішке, дәні сопақша келген, ішкі жағында науашығы бар, көп тараған арам шөп. Бидай, қара бидай, сұлы егістіктерінде кездеседі. Ылғалды күзде және жазғытұрым егіндікті қатты ыластайды. Өсімдіктің тек жетіліп піскен тұқымы ғана улы.
Әдеби деректерге сүйенсек өсімдіктің тұқымының улылығы оның Stromatinia temulenta саңырауқұлағымен жарақаттануына байланысты көрінеді. Саңырауқұлақ өсімдіктің тұқымыммен симбиозда бола тұрып ерекше алкалоид – темулин түзеді. Ол саңырауқұлақтың мицлиінде шоғырланады. Плевел қандай жерде өспесін ол аталған саңырауқұлақтың иесі болып табылады.
Өсімдіктің улылығы өте ертеден белгілі. Құрамында азды-көпті плевел бар ұннан дайындалған нан бас айналдырады, ұйқыны келтіреді, естен тандырады, тартылу құбылысын тудырады. Ондай нанды «мас қылатын нан» деп атаған. Өсімдіктің улылығы жауынды кезде жиі білінеді. Уланудың белгілері өсімдікті бергеннен кейін 3-6 сағаттан кейін біліне бастайды. Үй жануарларының ішінде күйіс қайыратын малдар өте сезімтал келеді. Ал шошқалар мен құстар үшін қатерлі емес. Тіпті плевелді жеммен шошқаларды семірткенде олардың майы дәмді болады деген деректер бар.
Жылқылардың 1 кг салмағына 7 г плевелмен уланғанда уланған мал өлім-жітімге ұшырайтын көрінеді. Ал ірі қара малы үшін 15-18 г.
Темулин алкалоиды ең әуелі орталық жүйке жүйесіне: бас ми мен жұлынға әсер етеді. Мал жабырқаңқы, ұйқылы-ояу, мастықтың белгісі, еттерінің жирылуы әлсіз, атаксия, дем алысы бұзылған. Уланған 46 бас жылқының 21 басы өлгендігі туралы әдеби деректер бар.
Негізгі клиникасы: көздің қарашығы ұлғаяды, мал шатқаяқтап жүреді, дененің әр жерінде еттің дірілі байқалады, кейде уланған мал құлайды, дем алысы жиілеп, қиындайды, тамыр соғысы жәй, әлсіз болады. Дене қызуы көбінесе қалыпты жағдайда, кейде төмендейді.
Емі. Бірінші кезекте ас қорыту жүйесін жуып тазалайды, іш өткізетін дәрілерді қолданады, терінің астына ареколин препаратын жібереді. Теріні скипидармен, камфора спиртімен ысқылайды, уланудың белгілеріне қарсы емдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет