Улы сүтшөп – Латук ядовитый – Lactuca virosa L. Күрделі гүлді, биік сабақты, екі жылдық өсімдік. Жапырағы үшкілденіп келген, сия түсті дағы бар. Гүлі ұсақ, сары түсті, бестен шоғырланған. Өсімдік гүлдеген кезде жағымсыз иіс шығарады.
Ө сімдік ескі бақшаларда, жайылымда, тасты жерлерде өседі. Ақ түсті, жағымсыз иісті сөл бөледі. Онда улы заттар – лактуцин және лактукопикриндер болады. Ол сөлдің наркоздық қасиеті бар. Ол әсері опияның әсеріне ұқсас. Малдар жағымсыз иісіне және ащы дәміне байланысты өздігінен жемейді. Бірақ әдебиетте онымен уланған деректер кездеседі. Авторлардың деректері бойынша уланған малда көкөніс пен темекіден уланған малдарда болатын клиника анықталған. Бастапқыда көздің қарашығы кішірейеді, тамыр соғысы сиреп, тыныс алуы жиілейді. Одан кейін бұлшық еттері әлсірейді, мал шатқаяқтап қозғалады, құлайды, еріксіз зәр, нәжіс бөлінеді, сөйтіп барып мал өледі.