Лекция №1 Тақырыбы


Табиғи көкнәр – Мак-самосейка – Papaver rhoeas L



бет44/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Табиғи көкнәр – Мак-самосейка – Papaver rhoeas L. Көкнәр тұқымдас бір жылдық өсімдік. Сабақтары мен жапырақтарының шеті ара темірдің жүзі тәріздес болып келеді. Сырты түкті. Дара өсетін гүлі қан қызыл түсті. Арам шөп ретінде көптеген жерлерде кездеседі.
Көкнәрдің сөлі әртүрлі алкалоидтарға бай. Олардың ішіндегі негізгілері: реадин, морфин, папаверин және тебаин. Гүлдеген кезде алкалоидтар өсімдіктің барлық бөлігінде кездеседі. Көкнәр толық піскенге дейінгі жасыл қораб өте қауіпті. Улану малды осындай қорабы бар астықтың қалдығымен азықтандырғанда пайда болады. Жасыл көкнәрді мал жемейді, сондықтан жайылымда малдың улануы болмайды десе де болады. Сиырларды құрамында көкнәр бар азықпен азықтандырғанда сиырлардың өздері уланбаса да оның сүтін емген бұзаулардың уланғандығы туралы деректер бар. Улану малдың кенеттен қозуын немесе кенеттен жабырқауын тудырады. Жалпы клиникалық өзгерістерге жататындар: мал қатты тынышсызданады, көз қарасында қорқыныш пайда болады, көздің қарашығы ұлғаяды, тістерін шықырлатады, маңайындағы заттарды сүзеді, кейде мүйізін сындырады, қалай болса солай қозғалып, жүгіреді, азық салатын орындарға шығып кетеді. Қозу жағдайы құтырудың белгілеріне жалғасады. Бастың, мойынның еттері тартылады, салдану байқалады. Осындай клиника 5-15 минутқа созылуы мүмкін. Артынан мал тыныштанып, жабырқау пайда болады. Уланған мал әлсірейді, ұйықтаған тәрізді жағдайда болады. Қатты уланғанда сезімталдығы, рефлекстері толық жойылады; іші кебеді, сілекей ағады, шаншу құбылысы байқалады, кейде іші өтеді, ол ішектің бітелуімен кезектесіп отырады. Шошқалар құсады.
Ж ылқылар уланғанда көбінесе жабырқаңқы: көздері жұмулы, сыртқы ортаға реакциясы жоқ, басы салбыраған, сезімталдық реакциясы болмайды, қиналып қозғалады, аяғын әзер қозғап жиі-жиі сүріне береді. Терісі құрғақ, көздің кілегей қабығы қызарған, көз қарашығы ұлғайған. Жүрек соғысы, дем алысы, дене қызуы қалыпты жағдайда. Көп жағдайларда уланған мал 2-3 күннен кейін жазылып кетеді. Ал қатты уланған мал көп жатып қалғанда, қан аралас іші өткенде, теріде анестезия пайда болғанда бірнеше күннен кейін өлім-жітімге ұшырайды.
Өлексені сойғанда мида және ми қабықтарында қызарғандық, қанның ұйымауы, ас қорыту жүйесінің ағзаларында қабынудың белгілері, нефрит байқалады.
Емі. Танин және құрамында танин бар препараттарды тағайындайды. Жылқының асқазанын танин немесе марганец қышқыл калий ерітіндісімен жуады, іш өткізетін дәрілер береді және клиникалық белгілеріне қарсы емдейді. Мал қозған кезде малдың бас жағына суықтықпен әсер етеді, калий бром препаратын тағайындайды. Мал жабырқағанда қоздыратын препараттарды береді. Шошқаларды құстырады. Физиологиялық антидот ретінде кофеинді немесе атропинді терінің астына жіберуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет