Лекция №1 Тақырыбы



бет40/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Малдарға арнайы тәжірибе жасағанда, жылқыларға итжидектің 120-180 г құрғақ жапырағын немесе 60-90 г тамырын бергенде 5-6 сағаттан кейін малдың қатты уланғаны байқалған: мал қатты қозған, көздің қарашығы қатты ұлғайған, кілегей қабықтары құрғаған, жүректің соғысы жиілеген, дем алысы қысқа, жиі болған. Малдың іші кебеді, шаншу құбылысы байқалады, нәжіс құрғақ, кейде ішек бітеліп қалады. Көру процесі бұзылады. Артынан қозу процесі депрессиямен алмасады, жалпы жабырқау байқалады, Жиі-жиі салдану, тартылу құбылысы байқалады. Кейбір жағдайларда 30-50 сағат аралығында жылқы малының өлім-жітімге ұшырағаны тіркелген.
Итжидекке ір қара малы өте сезімтал. Оның 30 г тамырын немесе 60 г жапырағын бергенде уланудың жіті түрі байқалады. Мал қатты қозады, іші кебеді, құтырғанға сәйкес клиника пайда болады. Ал қой мен ешкі онша сезімтал емес. Тәжірибеде 750 г итжидектің жапырағын жеген ешкіге ешқандай зиянды әсері болмаған. Үй қояндарына қанша жесе де зияны байқалмаған.
Табиғи жағдайда малдардың итжидекпен уланулары өте сирек кездесетін жағдай. Әдебиетте ондай жағдайлар сиырлар мен шошқаларда кездесетіні келтірілген. Уланған малда уланудың клиникасы аяқ астынан болатыны жазылған: қозу, малдың күйінің нашарлауы, тәбетінің болмауы, ішектің бітелуі, еттерінің дірілі, қозғалысының қалай болса солай болуы, тартылу, көздің қарашығының ұлғаюы, кейбір малдарда дем алысының жиілеуі, жүрек қызметінің бұзылуы, кей кезде құсу байқалған. Ауырған мал 12 сағат ішінде өлім-жітімге ұшыраған.
Аяқ астынан өлген малды сойып қарағанда ешқандай өзгеріс байқалмаған. Тек бірнеше күн ауырып барып өлген малдың құрсақ қуысында сабан түстес сұйықтың жиналғаны анықталған. Бүйрек маңайындағы майлы клетчаткада қанталағандық байқалады.
Емдеу. Бірінші кезекте арырған малға танин немесе құрамында танин бар дәрілік заттарды береді. Жылқылардың асқазанын 1 %-ды танин ертіндісімен жуады. Шошқаларға құстыру үшін апоморфинді терінің астына жібереді. Ары қарай аурудың клиникасына байланысты дәрілік заттарды қолданады. Физиологиялық антидот ретінде пилокарпиннің тұз қышқылын немесе физостигминнің салицилатын терінің астына жібереді.
Қара меңдуана – Белена черная – Hyoscyamus niger L. Биіктігі 1 м жететін, жуан, тік сабақты екі жылдық өсімдік. Жапырақтары ірі, жасыл-сұр түсті. Сабағы, жапырақтары түкті, жағымсыз иісі бар. Гүлі ылай-сарғыш түсті, сия түстес тарамысы бар. Жемісі кувшин тәріздес қораб.
Өсімдіктің барлық бөліктері улы. Оның құрамында алкалоидтар гиосциамин және скополаминдер бар. Кептірген кезде гиосциамин толығымен атропинге айналады. Өсімдіктің әр бөлігінде улы заттардың мөлшері 0,3 %-ға дейін жетеді. Гиосциамин көбірек болады, бірақ улылық жағынан скополамин күштірек. Улану итжидекпен улану тәріздес болып келеді. Бірақ құрамында атжидекке қарағанда скополамин көбірек болғандықтан ұйықтату, тыныштандыру әсерлері байқалады.
Жағымсыз иісі мен дәмінің салдарынан қара меңдуананы малдар табиғи жағдайда жемейді десе де болады. Сондықтан ол аса көп қауіп тудырмайды. Улану ерте жазғытұрым байқалған. Уланған мал құлайды, дірілдеп-қалшылдайды, дем алысы үздік-создық, қырыл байқалады, аузынан көпіршік пайда болады, іші өтеді, іші кебеді, көздің қарашығы ұлғаяды, кілегей қабығы көкшіл-қызыл түсті болады. Уланған бұзаулардың көзі бір жұмадай көрмей қалады. Уақытында емдегенде малды жазып алуға болады.
Өсімдіктің ұрығымен балапандардың уланғандығы туралы деректер бар. Ұрығы өте ұсақ болатындықтан ірі малдар оларды шайнамайды, сондықтан улану байқалмайды.
Уланған малды емдеу, оның алдын алу итжидекпен уланғандағыдай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет