Лекция №1 Тақырыбы


Лекция 7 Тақырыбы: МАЛ АЗЫҒЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕРДЕГІ УЛЫ



бет25/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Лекция 7
Тақырыбы: МАЛ АЗЫҒЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕРДЕГІ УЛЫ
ЗАТТАРДЫ АНЫҚТАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

Малдәрігерлік тәжірибеде арнайы лабораторияларда мал азығындағы, азық дайындайтын өсімдіктердегі, асқазанның жынындағы, басқа да мал сойылғанда немесе өлексе ағзаларындағы улы заттарды анықтау жиі болып тұрады. Бұл еңбегімізде улы заттарды анықтаудың барлық әдістерін толық келтірмесек те, жоғарыда келтірілген уланулардың улы заттарын анықтаулардың негізгі әдістері мен жолдарына тоқтала кеткенді жөн көрдік.


Өсімдіктердегі алкалоидтарды анықтау. Ол үшін 10-30 г мөлшерінде кептірілген немесе жас, көк өсімдікті алып, оны ұсақтайды. Кепкен өсімдіктерден немесе басқа азықтардан ұнтақ жасайды. Оны шыны ыдысқа салады да үстіне 50 мл 1 % сірке қышқылының ерітіндісін құяды. Оны отқа қойып қайнатып алады. Ерітіндіні шайқап отырып 15 мин. аралығында суытады да, қағаз немесе мақта сүзгісі арқылы сүзеді. Сүзілген сұйықтың бір тамшысын сағат әйнегіне тамызып, оған тиісті реактивті қосу арқылы алкалоидтың бар-жоғын анықтайды. Егер онда алкалоид болса, онда қоспада әртүрлі түске боялған тұнба пайда болады, ал алкалоид болмаса қоспа өзгеріссіз мөлдір түрінде қалады.
Жалпы реактив ретінде Бушардың, Зонненштейннің, Драгендорфтың, Шейблердің, Мейердің реактивтері қолданылады. Әрбір реактивті дайындау технологиясын арнай анықтамалардан алуға болады. Бұл реакциялардың негізінде алкалоидтар мен қышқылдар қосылғанда суда ерімейтін тұздардың түзілу қасиеті жатыр. Ал алкалоидтардың жалпы мөлшерін Ман мен Ледерлей ұсынған әдіс бойынша анықтауға болады. Сондай-ақ, әрбір алкалоидты жеке-жеке анықтау әдістері де бар. Ол әдістерді де анықтамалардан алуға болады.
Цикутотоксинді анықтау. 50 г у тамыр өсімдігінің тамырын немесе уланған малдың 100-200 г асқазанының жынын алып, оны спиртпен экстракция жасайды. Экстрактыны оның бетінде сарғыш талшық пайда болғанша су ваннасына қояды. Одан кейін оған петролей эфирін қосып, шайқап араластырады. Ең ақырында цикутотоксинді этил эфирі арқылы бөліп алады. Бөлінген сұйықтан 15-20 мл алып, эфирмен ылғалданған сүзгі арқылы өткізеді. Оның 0,2-0,3 мл мөлшерін фарфор ыдысқа құйып сусыздандырады. Ондағы цикутотоксинді бірнеше түрлі реакциялар арқылы анықтауға болады. Соның біреуін келтіре кеткенді жөн көрдік.
Ол үшін тұнбаға 5 % резорциннің спирттегі ерітіндісінен 2-3 тамшы тамызып оны ерітеді де, оған 2 тамшы концентрациясы күшті күкірт қышқылын тамызады. Егер онда цикутотоксин болса, онда қоспа бастапқыда қызыл-сия түстес болады да, артынан көк-сия немесе қызыл түске боялады.
Биологиялық әдіс бойынша 0,5 мл асқазан жынының эфир экстрактісін бақаға терісінің астына жібергенде егер онда цикутотоксин болса, онда бақада клонико-тоникалық тартылу, салдану байқалады.
Спорыньяны анықтау. Ұнды өнімдерді зерттегенде, ондай азықта алкалоидтар барма-жоқпа оған қарамай, міндетті түрде ондағы спорыньяның бар-жоғын анықтау керек. Ол үшін 100 мл-лік колбаға 10 г зертелетін ұнды салады да, оған 70 % спиртті 5 % тұз қышқылымен қосып құяды. Ол ерітіндіні су ваннасында жарты сағаттай қыздырады. Онда ұн тұнбаға түседі. Егер спорынья болатын болса, онда ерітінді жас еттің түсі тәрізді қызыл түске боялады. Бұл әдіс арқылы ұнда спорынья 0,03-0,04 % және одан жоғары болғанда анықталады. Бірақта, ұнның құрамында басқада заттар болғанда оның қызыл түске боялуы мүмкін.
Өте сезімтал әдіс ретінде төмендегідей әдісті қолдану керек. 20 г зерттелетін ұнды азықты фарфор ыдысқа салып, оған 60-70 мл 80 % ыстық спирттің ерітіндісін құяды да, су ваннасында араластыра отырып 10 минут ұстайды. Одан кейін марлі арқылы сүзеді, 80 % спиртпен екі қайтара жуады да, сығып, қалдықты құрғатқыш шкафқа қояды. Кепкен қалдықты ұсақтайды да оны 1,5 мл 25 %-ды күкірт қышқылымен араластырады. Жарты сағаттай тұрғаннан кейін оған 30 мл күкіртті эфирді құйып, жақсы жабылатын колбада келесі күнге дейін қалдырады. Тұнған ерітіндіні қағаз сүзгі арқылы сүзеді де, жақсы жабылатын өлшегіш цилиндрде оның көлемін 40 мл-ге жеткізеді. Оған суықта жақсы қаныққан екікөмірқышқыл натрий ерітіндісін қосып, жақсылап араластырады. Осындай әрекетті құрамындағы спорынья белгілі азықпен де қатарынан жүргізеді. Соңында екі ерітіндінің боялған түрін салыстыру арқылы азықта спорыньяның бар-жоғына қорытынды жасайды.
90º спирт пен 10-15 тамшы 20 %-ды күкірт қышқылын қолдана отырып кебектің, ұнның құрамындағы спорыньяның сан мөлшерін де анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет