Лекция «12 жылдық білім беру жүйесі» Жоспар: 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері


жылдық білім беру жүйесіне өтудегі негізгі басымдықтар



бет18/43
Дата13.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#125051
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Байланысты:
12 жыл ҚН негіздері лекция
~$зеркепсихологизм22, 12 жыл ҚН негіздері лекция
12 жылдық білім беру жүйесіне өтудегі негізгі басымдықтар
Лекцияның жоспары:

  1. Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру мәселелері

  2. 12 - жылдық мектептің жоғарғы сатысында білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңартудың негізгі идеясы

1) Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеті - білім берудің қазіргі заманғы сапасын қамтамасыз ету және білім беру жүйесінің барлық құраушыларын жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті әрі болашақ сұраныстарына сәйкестікке келтіру болып табылады.



Жаһандандыру жолымен келе жатқан қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік жағдайына тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың ең маңызды факторы болып табылады. Кез-келген дамыған елдің бәсекелес-тік мүмкіншіліктері көбіне білім беру жүйесінің жай-күйімен анықтала-тын оның әлеуметтік капиталының дамуына байланысты.

Қазақстанда жүргізіліп отырған білім беру жүйесін реформалау білім берудің барлық деңгейлерін қамтиды, дегенмен жалпы білім беру мектебіңің жоғарғы сатысын ауқымды өзгерістер күтіп отыр. Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту еңбек рыногының сұраныстарын ескере отырып, 12 жылдық мектептің жоғарғы сатысындағы оқушыларды әлеуметтендіруді көздейтін бейіндік оқытуды жүзеге асыруға, мектептің
кәсіби білім беру ұйымдарымен икемді байланысын шындауға бағытталған.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетте 2006 жылғы 27 мамырда оқыған «Инновация және білім арқылы экономиканы білу» атты дәрісінде: «Әлемнің бәсекеге анағұрлым қабілетті 50 елінің қатарына Қазақстанның кіру міндеті тек мына жағдайда ғана шешілуі мүмкін, егер оны өмірге нарықтық экономикаға бейімделе алатын, басқару тәжіри-белері бар, ғылыми технологиялар білімін игерген жоғары білікті мамандар өндіретін болса», - деп атап өтті.

Даму үстіндегі қоғамға әртүрлі салада табысты түрде жұмыс істеуге дайын мамандардың жаңа типі кажет. Қазіргі заманда мамандарға талапты еңбек нарығы қалыптастырады. Проблемаларды шеше алу және команда құрамында бірге жұмыс істей білу дағдысы, мақсатты дұрыс қоя білу қабілеті және оған тиімді жолмен жете білу, тәуекелшілік, бастамашы бола болу, білім деңгейін ұдайы арттыруға ұмтылу және тағы басқалар ерекше құндылыққа ие болып отыр. Сонымен қатар, адамнан жеке жауап-кершілік, міндеттілік, тіл табыса білу сияқты қасиеттер де талап етіледі.

Қазақстандық білім берудің қолданыстағы жүйесі еліміздің әлеумет-тік-экономикалық дамуын кадрлық тұрғыдан қолдауды толық түрде қамтамасыз ете алмай отыр, жеке тұлғаны дамыту және мектеп оқушысын кәсіби тұрғыдан өз орнын табуына қажет біліммен қамтамасыз ету, өзінше талдау жасау, өзін-өзі тану қабілеттілігін дамыту міндеттерін жеткілікті түрде шеше алмай отыр. Қазіргі мектеп түлектері өзінің білімін жалғас-тыруына қажет бағыттарды тез әрі дұрыс таба алмай отыр, өзінің болашақ кәсіби кызметі мен мемлекеттің экономикалық технологиялық және қорғаныс қабілетінің дамуы арасындағы байланысты жеткілікті білмей отыр. Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы жоғарғы сынып оқушыларын болашақ кәсіби әрекетке бағыттау бағытында мектептердің жұмысына маңызды өзгерістер енгізу болып табылады.

Жалпы орта білім беру мектебінің жоғарғы сатысы қазіргі білім беруде негізгі орын ала отырып, көбіне кәсіби білім беру жүйелерінің мүмкінші-ліктеріне және жас адамдардың кәсіби әрекетінің сапасына үлкен әсерін тигізеді. Жоғарғы деңгей ерекше білім беру кеңістігін құрайды, себебі оның шеңберінде жеке тұлғаның әлеуметтік, кәсіби және азаматтық тұрғыдан қалыптасу сатысы өтеді. Қоғамның қандай білікті кәсіби маман алуы жас адамның қандай азаматтық және адамгершілік позициялар тұрғысынан білім алуды және кәсіп таңдауды жүзеге асыруына тәуелді.

Бейіндік білім беру жүйесі - жоғарғы сынып оқушыларына арналған мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге, жеке тұлғаның мүддесіне, жасөспірімнің жас ерекшеліктеріне және білім беру саласындағы әлемдік ағымдарға сай келетін оқыту үдерісін ұйымдастырудың анағұрлым тиімді формасы.

Әлемдік білім беру тәжірибесінде бейіндік білім беру орта білім беру мектебінің жоғарғы сатысындағы бағыттар және бейіндер бойынша оқушыларды арнайы дайындау жүйесі ретінде қарастырылады.

Тұтас жүйе ретінде бейіндік білім беру мыналарды қамтамасыз етеді:

- оқушыларды бейіналды және бейіндік дайындау мазмұнының кәсіби біліммен сабақтастығы;

- бейіндік пәндер бойынша дайындықтың терендігі;

Көптеген дамыған елдерде сол елдердің мәдени және тарихи дәстүр-леріне тән ерекшеліктері, сондай-ақ жалпыға ортақ қасиеттері бар жалпы орта білім беру аясындағы бейіндік білім беру жүйелерінің қалыптасқанына көп болған, әрі табысты түрде жұмыс істеуде.

Бейіндік оқыту жүйесі әлемнің жетекші елдерінің білім беру саясаты-ның негізін құрайтын бөлшектеп саралау және даралау идеяларына құрылған.

Бөлшектеп саралаудың негізгі типтері мыналар болып табылады:



  • оқу орындарын әртүрлі типтер бойынша бөлу;

  • бір оқу орнының ішінде бейіндерге және ағымдарға бөлу;

- сыныптарды бейіндік топтарға бөлу.

Көбіне бейіндік «аға» мектеп білім беру мекемесінің дербес түрі ретінде ерекшеленеді: мысалы Францияда-лицей, Германияда - гимназия, АҚШ-та - «жоғарғы» мектеп.

Оқу орнының ішінде оқытуды бөлшектеп саралау Еуропаның көптеген елдерінде таралған, онда негізгі орта білім беру мектебінің 1-сыныбынан бастап 6-сыныбы бойынша барлық оқушылар жалпы түрде бірдей дайындық алады, 7-сыныптан бастап оқушы өзінің ары қарайғы жолын таңдайды. Әрбір оқушыға негізгі мектепте білім алуды жалғас-тырудың екі нұсқасы ұсынылады: жоғарғы білімге жол ашатын академия-лық және көбіне қолданбалы және бейіндік пәндерден тұратын жеңілдетілген оқу жоспары бойынша оқыту жүргізілетін кәсіби.

Бөлшектеп саралау және әр тараптандыру идеялары топтық оқытуды ұйымдастыруда көрініс тауып отыр. Топтар әртүрлі принциптер бойын-ша ұйымдастырылады: жылдам, орта және баяу (АҚШ); оқушыларды қабілеттері, мүмкіндіктері бойынша бөлу (Ұлыбритания), оқу бағдарламаларының деңгейлері бойынша бөлу (Германия) және т.б.

Бейіндік дайындықты ұйымдастыру білім алушының жеке оқу жоспарын қалыптастыру тәсілі бойынша ерекшеленеді: міндетті оқу курстарының қатаң тізімінен бастап (Франция, Германия) бүкіл оқу кезеңінде ұсынылатын көптеген курстарды жинақтау мүмкіншілігіне дейін (Англия, Шотландия, АҚШ және т.б.). Әдетте, мектеп оқушылары (кредиттердің) ұзақтығы бір семестрге дейінгі оқу курстарының белгілі бір санын таңдап алуы тиіс. Жоғарғы сатыдағы міндетті оқу пәндерінің (курстарының) саны негізгі мектеппен салыстырғанда айтарлықтай аз. Оқу пәні әртүрлі деңгейлерде оқытылуы мүмкін. АҚШ-та, Жапонияда «аға» мектепте оқу бағдарламаларының екі типі қолданыста: жалпы және арнайы білім беру. Германияда ПРОА жүйесі қолданыста, оның шеңберін-де оқу пәндері П – кәсіби курс, Р - кеңейтілген курс, О - негізгі курс, А - бейімделген курс түрінде ұсынылған. Бұл ретте міндетті және таңдап алынған бейіндік пәндердің көбісі жоғары деңгейде оқытылады.

Жоғары бейіндік мектепті аяқтағаны туралы дипломдар (куәліктер), әдетте, жоғары оқу орындарына (медициналық және әскериден басқа) емтихансыз түсу үшін негіз болып табылады және оқушылар игерген бағдарламаларға және олардың академиялық нәтижелеріне байланысты әр түрлі деңгейлік болып табылады.

Бейіндік оқытудың шетелдік жүйелеріне жүргізілген талдау бейіндік оқытудан өткен , мектеп оқушыларының үлесі жылдан - жылға өсіп келе жатқанын көрсетіп отыр (қазіргі уақытта кемінде 70%), ал ол өз кезегінде бұл жүйенің қажеттілігін және оның оқушылардың сұраныстарына сай келетінін көрсетіп отыр.

Қазакстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы жағдайында орта білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігімен интеграциялауға бағытталған жүйені кұрудың орасан зор мәні бар.



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (1991 ж.) мемлекеттік саясаттын бірқатар ең негізгі принциптерін белгіледі, оның ішінде: жалпы орта білім берудің вариативтілігі, оқытылушылардың; кәсіби бағыт алуы, оқытудың вариативтік бағдарламаларын, оның ішінде тереңдетілген және кәсіби алдындағы бейіндік дайындықты кең түрде жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлерін (лицейлер, гимназиялар, колледждер) құру.

1992 жылдан бастап Қазақстанда мектептік білім беруді реформалау басталды, оның жетекші идеясы оқушыларды вариативтік жалпы орта білім беруге дайындау үшін бірегей білім беру кеңістігін сақтай отырып, жағдайлар жасау арқылы білім беру жүйесін дамыту болып табылады.

Кеңестік мектептің біркелкілігінен алшақтай отырып, білім берудің мазмұнын жаңарту жолдарын іздеу Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарты туралы ережеде, Қазақстан Республикасының жалпы білім , беру мектебін дамыту тұжырымдамасын-да және жалпы орта білім беру мазмұнының тұжырымдамасында (1996 ж.) көрініс тапты.

Бұл құжаттарда мектепті гуманитарлық және жеке даралық білім беруге бұру, оқушылардың ынталарын ескере отырып, оқытуды жаратылыстану-математика, гуманитарлық-эстетикалық, кәсіби-техника-лық бағыттар бойынша бөлшектей отырып ұйымдастыру жарияланған, бұл барлық міндетті пәндер бойынша білім беру стандарттарының және оқу бағдарламаларының бірінші варианттарында (1996,1998, 2000 ж.) жүзеге асырылды.

Жалпы орта білім берудің Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында (ҚР 2.003-2002 МЖБС) жалпы білім беру мектебінің жоғарғы сатысындағы білім беруді ұйымдастырудың принциптері ары қарай дамуда. Қазақстандағы мектептік білім беру реформасын жүзеге асыру аясында ҚР МЖБС - 2002 ережелеріне сәйкес 2006/2007 оқу жылынан бастап 10-11 сыныптарда қоғамтану – гуманитар-лық, жаратылыстану - математика бағыттары бойынша оқушыларды бейіндік оқыту енгізілді. Стандарт негізінде оқытудың екі бағыты бойынша пәндік бағдарламалар әзірленген. Стандартты енгізу тәжірибелік сынақтан өткен әрі жалпы білім беру мектептерінің 10-сыныптарында пайдаланылған алғашқы отандық бейіндік оқулықтарды және УМК-ны жасаумен нығайтылған.

Мектептік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру жылдарында республикада әртүрлі инновациялық оқу орындары құрылды әрі мектептің жоғарғы сатысында оқушыларды бейіндік және жеке оқытуды ұйымдас-тыру бойынша белгілі бір тәжірибе жинақталды.

Сонымен бірге оқытудың жаңа ұйымдастырушылық формаларын енгізу белгілі проблемалардың пайда болуымен қоса жүруде.

Мектептердің басым бөлігінде бейіндік пәндердің икемді емес жиынтығынан құралған бейіндік оқу жоспарларының қатаң варианттары бекітілген. Кішігірім ауыл мектептерінде бейіндік сыныптардың құрылуына байланысты да проблемалар пайда болуда. Кадрлық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты бірқатар мектептер тиімділігі аз ішінара бейіндікті енгізуде (мысалы, бір пәнді тереңдетіп оқыту). Бейіндік оқыту принциптерін іс жүзінде жүзеге асыра алатын мұғалімдерді дайындау және қайта даярлау мәселесі өте өткір тұр.

Сонымен Қазақстан Республикасындағы мектептік білім беруді реформалаудың бейіндік оқытуды енгізу дайындығынын қазіргі сатысында бағыттар және бейіндіктер бойынша оқытуды ұйымдастыруда жеткілікті іс-тәжірибе жинақталды.

Сонымен қатар, оқытуды бейімдендіруді жүзеге асыратын жалпы білім беру мекемелерінің (гимназиялар, лицейлер, мамандандырылған мектеп-тер, ресурстық орталықтар және басқалар) жүйесі әзірге нашар дамыған.

Білім беру жүйесін дамытудың болашақ бағыттарын анықтайтын нормативтік-құқықтық құжаттарда: Қазақстандағы білім беруді дамыту-дың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында оқушылардың кәсіби және азаматтық тұрғыдан сапалы түрде өзін-өзі тани білуі үшін жалпы орта білім беру мектебінің жоғарғы сатысында әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-математи-калық және технологиялық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды ұйымдастыру қарастырылған. Ұсынылатын әрбір бағыттың ішінде оқушылардың таңдауы бойынша бейіндік және элективтік пәндердін әртүрлі жинақтары негізінде әртүрлі бейіндіктерді ұйымдастыру карастырылған.
2) 12 - жылдық мектептің жоғарғы сатысында білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңартудың негізгі идеясы мынада: ол анағұрлым дараланған, функционалды және тиімді болуы тиіс. Мектептің жоғарғы сатысына қатысты алғанда білім беруді реформалау стратегиясының негізгі принциптері осыған сүйенеді:

♦ өзінің құқықтары мен міндеттерін анық білетін, қолда бар мүмкіншіліктер мен ресурстар спектрін көре білетін әрі тандап алған тұғырын кез-келген әлеуметтік кеңістікте табысты түрде іске асыра білетін, әлеуметтік тұрғыдан көзі ашық және икемді жеке тұлғаны қалыптастыруға арналған мақсатты бағыт;

♦ білім, дағды және шеберлік жүйесін (ЗУН) көшіруден оқушылар-дың функционалдық сауаттылығын және тіршіліктің әртүрлі салаларын-дағы қоғам, өзгерістеріне байланысты туындайтын проблемаларды дербес шешуге мүмкіндікті қамтамасыз ететін негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға арналған қазіргі кезде басым болып тұрған білім беру парадигмасының біртіндеп бағытын өзгерту;

♦ оқушылардың білім беру траекториясын дараландыру, оқушылар-дың дербес танымдық және зерттеушілік әрекетін жүзеге асыру үшін мүмкіндіктерді кеңейту.

Оқушылардың жеке білімдік сұранысын қанағаттандыру үшін бейін-дік білім беруді енгізу жалпы орта білім берудің жоғарғы сатысының жұмыс істеуінің басым бағыты болып табылады.

Бейіндік білім беру - оқушылардың тұлға ретінде өз жолын табуын қамтамасыз ететін оқытуды жеке-дараландыру және бөлшектеу принципі іске асатын жалпы орта білім берудің соңғы сатысы. Бұл жоғары сынып оқушыларының қабілеттері, мүдделері, және сұранысы ескерілетін, оқушылардың танымдық және кәсіби ниетіне сәйкес олардың барынша дамуына шарттар жасайтын оқу әрекетін ұйымдастыру жүйесі.

12 жылдық мектепке бейіндік білім беруді енгізудің басты мақсаты - оқытылушылардың кәсіби бағыт алуын және өз жолын табуын қамтама-сыз ету, оқушылардың кәсіптік таңдауды, саналы түрде жүзеге асыруы үшін оларға қажетті ресурстарды қалыптастыру мүмкіншілігін беру.

Бейіндік білім беруге көшу кезінде келесі міндеттер іске асырылуы қажет:



  • түлектердің еңбек және білім рыноктарына кіру процестеріне мектептің назарын күшейту арқылы жалпы орта білім берудің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;

  • оқушылардың жекелеген пәндерді таңдап алу бейімі бойынша жалпы орта білім беру көлемінде тереңдеп оқу мүмкіншілігін қамтамасыз ету;

- мектептегі білім беру процесінің вариативтілігін және жеке адамға бағыт алуын қамтамасыз ету, оқушылардың білім алу әрекетінің ынталық деңгейін арттыру;

- оқушыларға бейіндік оқу шеңберіндегі курстарды таңдауға және икемді жеке білім бағдарламаларын құруға мүмкіндік беру;



  • білім мазмұнын жетілдіру негізінде білім беру процесін іс жүзінде бағыттауды және оның әрекеттік құраушысын (жобалау- зерттеу және коммуникативтік қабілеттерді игеру) күшейтуді іске асыру;

  • оқушыларды әлеметтендіру мүмкіншіліктерін кеңейту, жалпы және
    кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлектерін кәсіби жоғары білім бағдарламаларын игеруге анағұрлым тиімді дайындау.

Бейіндік білім беру барлық жалпы орта білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады және қоғамның, мемлекеттің, жеке тұлғаның сұраныстары ескеріле отырып, құрылады.

Білім беруді бейімдендіру алынған терең білімдердін және кәсіби дағдылардың негізінде еркін қимылдауға, өзін-өзі ашуға, өзіндік дамуға және тез өзгеретін өмірде өздігінен дұрыс әрі жауапты шешімдер қабыл-дауға қабілетті болатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаттарына бағытталған.

Қойылған мақсаттарға сәйкес 11-12 сыныптарда білім беру процесін ұйымдастырудың мынадай ұстанымдары қалыптасады:

• білім беру үдерісінде жеке тұлғаға бағытталған, іс-әрекетке дайын, құзыретті, денсаулық сақтау жолдарын іске асыру;

• мұғалім мен оқушының өзара әрекетін және ынтымақтастығын мақсатты түрде ұйымдастыру;


  • бейіндік бағытқа қатысты оқушының өз әрекетін өзі белгілеуі;

  • оқу әрекетінің формаларын даралау, оқушылардың өнімді және қайталама әрекетін ұштастыру, өз бетінше жұмыс істеу әдістерін үнемі қолдану, окытудың белсенді әдістерін қолдану;

• зерттеушілік дағдысын алуға оқушыларды бағыттау, негізгі құзырет-тіліктерді қалыптастыру және дамыту бойынша қол жеткен нәтижелерді көрсету тәсілі ретінде оқу жобаларын міндетті түрде орындау;
• оқу әрекеті және оның нәтижелері бойынша оқушылардың өзіне-өзі ұдайы талдау жасауына және өзіне-өзі баға беруіне жағдайларды қамтамасыз ету;

• жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағытта өз орнын табу құралы ретінде білім мазмұнының вариативтілік, саралану және практикалық бағытта болуы;

• Аталған принциптерді жүзеге асыру үшін мынадай педагогикалық құралдар мен оқу процесін ұйымдастыру әрі оның нәтижелерін бағалау формалары пайдаланылады;

• жоғарғы сынып оқушыларының танымдық белсенділігіне бастау болатын және оқушылардын негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына мүмкіндік беретін қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық технологиялар;



  • жасөспірімнің жас ерекшеліктеріне мейлінше сай келетін білім беру процесін ұйымдастыру формалары (дәріс, семинарлық сабақтар, практикум, әңгімелесу, есеп алу, оқу-зерттеушілік және жобалау шеберханасы, топтық және жеке оқу сабақтары, кеңес беру және т.б.);

  • оқушылардың жеке білім алу траекториясын қалыптастыру шарттарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларын құрылымдау негізінде оқу процесін модульдік кұру;

  • орта және жоғарғы кәсіби білімге бейімделу үшін қажетті зерттеу-шілік және оқу-жобалау қабілеттерін алу және дамыту үшін оқушыларға мүмкіншілік беретін жобалар әдісі;

  • жекелеген оқу пәндері бойынша оқу сапасына диагностика жүргізу-ден басқа, оқушылардың алынған нәтижелерге талдау жүргізуін, өзін-өзі бағалау рефлексиясын, жеке білім траекториясының (портфолио,
    жобаның тұсаукесері және т.б.) ерекшеліктерін көрсететін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың адекваттык әдістері;

  • оқушылардың оқудағы жетістіктеріне мониторинг жүргізу және оның негізінде мұғалім мен оқушының түзету жұмысын ұйымдастыру.

Бейіндік білім берудің негізгі параметрлері мен сипаттамасы дамудың тарихи, әлеуметтік және педагогикалық ағымдары, сондай-ақ Қазақстан-ның білім беру жүйесінің халықаралық білім кеңістігіне қосылу перспек-тивасы ескеріле отырып жобаланған.

Осы стандарт оқытуды бейімдендіру, білім алуды үш бағытта: әлеумет-тік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және технологиялық бағыттарда білім алуды жалғастыру үшін оқушылардың таңдап алған оқу пәндерін терең игеруін қамтамасыз етеді.

Оқытуды бейімдеудің бағыты - белгілі білім салаларындағы топтық пәндерді жоғары деңгейде оқып үйренуді қамтамасыз ететін бейіндік оқытудың ұйымдық формасы. Оқудың бейіндік бағыттарын тандау оқушылардың сұраныстарына, ата-аналардың пікіріне, мектептің мүмкіндіктеріне сәйкес анықталады.

Оқу процесіне қатысушылардың жеке мүдделерін ескеру бейіндік оқуды таңдау кезінде іске асырылады.

Бейіндік оқу - оқу бағытының ішінде оқушы таңдап алатын, оқушының танымдық сұранысын және ынтасын қанағаттандыруға әрі оның жеке білімдік траекториясын іске асыруға бағытталған бейіндік пәндердің және элективтік курстардың жиынтығы.

Оқушының әлеуметтендіру мүмкіндіктерін кеңейту бейіндік оқытуды енгізудің мақсаттарының бірі болғандықтан, білім беру ұйымы белгілеген рәсімдерге сәйкес өз таңдауын және оқу бейімін өзгертуге оқушының құқы болуы тиіс.

Білімнің құрылымы мен мазмұнын жаңғырту міндеттері жалпы орта білім берудің жаңа базистік оқу жоспарына (бұдан әрі - БУП) жауап береді.

Жалпы орта білім берудің жоғарғы сатысы үшін әрбір бағытқа арналған оқу пәндерінің жиынтығы және оларды оқып-үйрену деңгейі инвариантты (базалық және бейіндік құраушылардан тұратын), вариативтік және жеке адамға бағытталған бөліктерден тұратын БУП-пен анықталады.

Белгіленген бағыттар аясында бейіндер бойынша оқытуды бөлшектеу бейіндік құраушының инварианттық бөлігінің, сондай-ақ вариативтік және жеке адамға бағытталған бөліктерінің мазмұны негізінде жүзеге асырыла-ды. БУП әрбір білім беру саласынан оқу курстарының үш типін, басқаша айтқанда базалық жалпы білім беру курстарын, бейіндік курстарды және элективтік курстарды (арнайы курстарды) бөлу қарастырылған бейіндік білім берудің икемді жүйесін қамтамасыз ете отырып, оқу пәндерінен әртүрлі комбинациялар құрау мүмкіншілігін көздейді.

Инвариантты бөліктің базалық, құраушысы бірегей білім беру кеңісті-гін қамтамасыз етуі тиіс және барлық бағыттар мен оқыту бейіндіктері үшін міндетті болып табылатын пәндерді базалық (жалпы білім беру) деңгейде оқытуды ұсынады.

Базалық құраушы тұлғаның қалыптасуы және дамуы үшін орта жасайтын және барлық бағыттарда оқытылуға міндетті базалық жалпы білім беру пәндерін құрайды, яғни ана тілі мен әдебиет, қазақ тілі және әдебиет/орыс тілі және әдебиет, шетел тілі, математика, информатика, тарих, қоғамтану, өзін-өзі тану, жаратылыстану, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық. Бұл оқу пәндері оқушыларды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға жақындастыруға бағытталған, оқушылардың бейіндік емес салада білім алуын аяқтауға арналған және көбіне интегративті, жалпылама курс болып табылады. Базалық пәндердің мазмұны оқу пәндері мазмұнының базалық деңгейімен анықталады.

Мектеп оқушыларының білімдік мүдделеріне және сұраныстарына сәйкес бейіндік құраушы аясында бейіндік пәндерді оқып үйрену ұйымдастырылады. Бейіндік оқу пәндері - типтік оқу жоспарларында,


(бұдан әрі - ТУП) көрсетілген мамандануды және нақты оқыту бағытының мазмұнын анықтайтын әрі жалпы білім беретін пәндер.

Бейіндік пәндер оқушылардың олар таңдап алған бағыттағы және оқыту бейімі бойынша жалпы білім дайындығын кеңейтуге әрі тереңдету-ге арналған және олар үшін міндетті болып табылады.



Бейіндік пәндер таңдап алған бағыттағы және мамандану саласындағы келесі білім деңгейімен (орта кәсіби немесе жоғары кәсіби) сабақтас-тықты қамтамасыз етуге арналған. Мысалы, математика, информатика, физика, химия, биология, география, жаратылыстану ғылымына оқытатын бейіндік пәндер; ана тілі, қазақ тілі және шетел тілдері, тарих, құқықтану, қоғамтану - әлеуметтік- гуманитарлық және т.б. бағыттағы бейіндік пәндер. Бейіндік курстардың мазмұны оқу пәндері мазмұнының бейін-дік деңгейімен анықталады. Әрбір бағыттың шеңберінде оқушылар бейіндік деңгейде кемінде 4 пәнді оқып үйренуі тиіс.

Жалпы орта білім беру деңгейінде кредиттік технология элементтерін енгізу - пәндерді мамандандыру (тереңдетілген) деңгейінде пәндерді оқып үйренуді білдіреді. Осыған байланысты жекелеген пәндер бойынша кредит алғысы келетін және оны жоғарғы оқу орнында оқу кезінде пайдаланғысы келетін оқушылар тандап алынған бейіндік пәндердін бір бөлігін тереңдетілген деңгейде оқып үйрене алады. Негіздік жалпы білім беру және бейіндік пәндер бойынша талаптар деңгейіне оқушылардың жету-жетпеуі Бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелері арқылы анықталады.

Оқытудың әртүрлі бағыттары үшін оқу жоспарының вариативтік бөлігі оқушылардың жеке даму сипатын қамтамасыз етеді, олардың жеке ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Білім мазмұнының вариатив-тік бөлігі есебінен оқушылардың сұраныстары, аймақтың өзгешелігі, мектептің ерекшелігі жүзеге асырылады. Білім беруді демократияландыру тұрғысынан бұл аймақтың өзгеше ерекшеліктеріне және талаптарына сай келетін әрбір мектептің өзінің жеке оқу жоспарын жасауға деген мүмкіншілігін білдіреді.

Бейіндік оқу мазмұнының вариативтік бөлігіне оқушылардың таңдауы бойынша элективтік курстар және қолданбалы «Зерттеушілік және шығармашылық жұмыстың негіздері» арнайы курсы кіреді. Элективтік курстар - оқушылардың тілегі бойынша таңдап алынған, мектеп оқушы-ларының жеке білімдік ынталарына сай келетін, мазмұны оқушылардың танымдық қызығушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, пәндер бойынша білімнің кеңеюіне әрі терендеуіне жағдай жасайтын міндетті оқу курстары. Элективтік курстарды оқып үйрену қолданбалы білімді, дағдыларды және өмірдің белгілі бір саласына қажет, таңдап алынған бейіндік пән қолданылатын қызметті игеруге бағытталған.

Оқушылардың жеке сұраныстарын зерттеу негізінде оларға бейіндік оқыту мазмұнынан бөлектенетін, бірақ оқушының білімге деген сұраны-сын, жеке бағдарын қамтамасыз ететін элективтік курстар ұсынылуы мүмкін.

Элективтік курстар қысқа мерзімді болады және әртүрлі бағыттағы қосымша білім бағдарламаларына негізделеді. Мектеп немесе басқа білім беру ұйымдары ұсынатын элективтік курстардың саны оқушы таңдауға тиіс курстардың санынан артық болуы тиіс.

Оқытудың барлық бағыттары үшін оқу жоспарының жеке құраушысы оқушылық жобаларды әзірлеу кезінде, сондай-ақ оқушылардың тілегі бойынша өткізілетін жеке және топтық консультациялар формасында оқушылардың дербес жобалау-зерттеу әрекеті арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен, оқушының жеке білімдік траекториясы бейіндік мектептің оқу жоспарына сәйкес жүзеге асады, оқушы таңдап алған оқу бағытына сәйкес мыналарды оқып-үйренуі тиіс:


  • міндетті негізгі пәндерді;

  • таңдау бойынша кемінде 4 бейіндік пәнді;

  • таңдау бойынша кемінде 3 элективтік курсты;

  • тандау бойынша «Зерттеу және шығармашылық қызмет негіздері арнайы курсының модулін.

11-12 сынып оқушыларының аудиториялық оқу жүктемесінің жалпы саны рұқсат етілген оқу жүктемесінің 36 сағатынан аспауы тиіс.

Оқушыға зиян келтірмей, бейімді ауыстыруды қамтамасыз ету үшін білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде бейіндік курстардың бөлімдері, сондай-ақ элективтік курстарды аяқталған жарты жылдық немесе тоқсан-дық модульдер (кредиттер) түрінде жоспарлауға кеңес беріледі. Жарты жылда бір рет оқу жоспарының вариативтік құраушысын қамтамасыз ететін таңдап алынған модульдерді өзгертудің қажеттілігі туған жағдайда оқушыға құқық беріп қана қоймай, сонымен бірге барлық оқушыларды алдағы жарты жылдыққа арналған білім алу траекториясын нақтылап алу, яғни белгілі модульдерді таңдау мүмкіншілігін іске асыру жағдайына қою керек. Мәртебесі бейіндік еместен бейіндікке ауысатын пәндерді шеру деңгейін түзету механизмдерін арнайы қарастыру керек.

Білімді жаңғыртудың негізгі міндеттерінің бірі - оқытуды жеке- даралауға бағыт ұстау және нарықтық қатынастардың нақты жағдайын-да оқушылардың әлеуметтенуін қамтамасыз ету. Бейіндік оқыту - білім беру процесінің құрылымын, мазмұнын және ұйымдастырылуын өзгерту есебінен білім беруді жеке-даралау және бөлшектеу тәсілі. Бұл оқушылар-дың ынталарын, бейімділіктерін және қабілеттіліктерін толық ескеруге, білімді жалғастыруға және қазіргі заманғы мамандықты алуға ынталылық-ты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай міндеттер психологиялық сүйемелдеу ұйымдастырылғанда анағұрлым тиімді шешілуі мүмкін. Сүйемелдеу дегеніміз - өмірлік таңдаудың әртүрлі ситуацияларында даму субъектісінің оңтайлы шешім қабылдауы үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін әдіс.

Бұл ретте әрбір нақты жағдайда даму субъектісі ретінде бала да, оның ата-аналары да, педагогтар да, ең жақын орта да болуы мүмкін. Таңдаудың әрбір ситуациясы дамудың қайсы бір бағдарламалық өрісінен туған шешімнің көптеген варианттарын тудырады. Сүйемелдеу даму субъектісі-не бағдарлық өрісті қалыптастыруға көмек ретінде, өз әрекетіне субъект-тің жауапкершілігі ретінде түсіндірілуі мүмкін. Бейіндік оқытуды психо-логиялық сүйемелдеудің мақсаты мектеп оқушыларының жеке ерекшелік-терін ескере отырып, психология принциптерін, зандылықтарын қолдану негізінде оқушылардың кәсіптік және тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі анық-тауына тиімді дайындық жүргізу әрі қамтамасыз ету болып табылады.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу ұсынылады:


  1. Бейіндік оқытуды психологиялық сүйемелдеу бойынша бағдарлама-лар мен әдістемелік кеңестерді әзірлеу әрі жүзеге асыру.

  2. Бейіндік оқытуды психологиялық сүйемелдеу мәселесі бойынша кәсіптік бағыттау курстарын әзірлеу және жүзеге асыру (білім беру мекемелерінің педагогтары үшін).

  3. Бейіндік оқытуды психологиялық сүйемелдеудің тиімділік критерий-лерін анықтау.

  4. Оқу бейімін тандауда оқушылардың өз орнын табуын табысты жүргізу үшін қажет әдістерді іріктеп алу, олардың жеке ерекшеліктеріне, біліміне, дағдыларына, себептерге диагностикалауды жүргізу және нәтижелерді талдау.

  5. Оқу бейімін таңдауда оқушыларға олардың жеке ерекшеліктеріне, қабілеттеріне, бейімділіктеріне және мүдделеріне сәйкес көмек көрсету

  6. Оқушылардың өзінің кәсіптік және тұлғалық жолын табуы жөніндегі жұмысының табыстылығына бақылау жасау формасын анықтау (Оқы-тушылардың әдістемелік есептері, тәжірибені қорытындылау бойынша педагогикалық конференциялар, жоғарғы сынып оқушыларының өзіне-өзі есеп беруі т.т.).

  7. Мектептің оқушы және педагогикалық ұжымдарында оқушының өз жолын табуы және дамуы үшін әлеуметтік- психологиялық қолайлы климатты қалыптастыру.

  8. Оқу бейімін таңдауда және кәсіптік, әрі тұлғалық тұрғыдан өз жолын табуда оқушыларға психологиялық қолдау көрсету.

  9. Оқу бейімін таңдау кезінде және өзін- өзі көрсете білуі бойынша балаларға қолдау көрсету жөніндегі ата-аналармен ақпаратгық-ағартушы-лық және психологиялық жұмыс жүргізу.

  10. Инновациялық үдеріс ретінде бейіндік оқытудың тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру; бейіндік оқыту-ды енгізуге қатысушылар арасында психологиялық кедергілерді азайту бағытында жұмысты ұйымдастыру.

Бейіндік оқытуды психологиялық сүйемелдеудің белгіленген міндеттерін және мақсаттарын табысты түрде жүзеге асырудың маңызды шарты - таңдау субъектінің дамуы әрі инновацияларды игеруі ретінде қаралатын жүйелік-бағдарлық жолды қолдану болып табылады. Бұл ретте бейіндік оқуды енгізуге барлық қатысушылардың: атап айтқанда, педагогтардың, психологтардың, ата-аналардың, оқушылардың өзара іс-қимылының қажеттілігі түйсініледі.

Кәсіпті дұрыс тандау, яғни жеке адамның кәсіптік тұрғыдан өз жолын таба білуі едәуір уақытты қамтитын ұзақ әрі күрделі үдеріс. Оның тиімділігі әдетте, адамның психологиялық мүмкіндіктерінің кәсіптік қызметтің мазмұнына және талаптарына сай келу дәрежесімен, сондай-ақ тұлғаның кәсіптік мансабын жоғалтпауы үшін өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық шарттарға бейімделу қабілетінің қалыптасуымен анықтала-ды. Жоғарыда баяндалғандай адамның кәсіптік тұрғыдан өз жолын табу мәселесі бойынша арнайы психологиялық жұмыстың өзекті, қажетті екендігі туралы қорытынды жасауға болады, себебі көбіне бейіндік оқуды тандау кезінде оқушылардың мүдделері мен қабілеттері қабыспайды, кейде достарының немесе ата-анасының пікірі, не мәртебе мәселесі бірінші орынға қойылады да, оқушы таңдауда қателік жібереді, кейіннен оның өзі және ата-анасы өкінішке ұрынады.

Кәсіп тандау мектептің жоғарғы сыныбындағы оқушының кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі анықтау процесінің нәтижесі болып табылады. Өз білімін кәсіптік қызметпен түйістіре отырып (кәсіптік сынақ), өзі туралы ("МЕН"- образы) және кәсіптік еңбек әлемі (кәсіптік қызметке талдау жасау) туралы білім алу жөніндегі жұмысты арнайы ұйымдастыру оқушыға кәсіпті дұрыс таңдауда көмек болып табылады.

Бұл құраушылар 10-11 сыныпта оқу бейімін, сондай-ақ мектепті бітірген соң, кәсіп тандау бойынша өз жолын таңдау және табу процесін психологиялық сүйемелдеудің негізгі элементтерінің болып табылады.


Психологиялық қызметтің мақсаты оның қызметінің перспективті бағытымен байланысты. Бастапқы және ақырғы мақсат түйіскенде ғана бұл мақсат жүзеге асады.

Психологтың бастапқы мақсаты - танысудың оқушыға оңтайлы тәсілін іздеудің және кәсіпке оқытудың негізі ретінде оқушылармен өзара әрекеттесуге құрылған, яғни оқушының ынтасын, бейімділіктерін, қабілетін анықтау, жеке ерекшеліктерін табу және оны дамыту.

Ақырғы мақсат-оқушыда кәсіпті таңдауға саналы түрде дайын болуды қалыптастыру үшін педагогпен «ынтымақтастық» формасында өзара байланыс жасау.

Психологтың міндеттері:

• оқу-тәрбие процесін кеңес арқылы және ақпараттық қолдау;

• оқушыларды оқыту әрі олардың дамуымен байланысты мәселелер, сондай-ақ «педагог-оқушы» өзара іс-әрекеті бойынша педагогтардың психологиялық құзыреттілігін арттыру;

• кәсіптік тұрғыдан өз жолын табу мәселелерін шешуде оқушыларға
психологиялық көмек көрсету үшін жағдайлар жасау.

Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін психолог мынадай негізгі бағыттарда жұмыс жүргізуі қажет:



  • Психологиялық диагностика.

  • Психологиялық консультация беру.

  • Психология бойынша ағартушылық жұмысы.

• Түзетуші - дамытушы жұмыс.
Окушыларды психологиялық сүйемелдеу мектеп психологы жұмысының негізгі бағыттары арқылы іске асатын «Кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтау» моделінің негізінде құрылған және оған мыналар кіреді:

  • әрбір адамның жеке ерекшеліктерін анықтау;

  • оқушыға кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауына көмектесу мақсатында психолог пен оқушылар арасындағы өзара байланыстың жолдарын анықтау;

  • бейіндік топтарды (сыныптарды) қалыптастыру кезіндегі психология-лық диагностика;

Психодиагностикалық бағыттың мақсаты - оқу-тәрбие процесін ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету.

Психодиагностикалық мәліметтер:

  • әлеуметтік-психологиялық портретті (оқушының) жасау;

  • оқуда, қарым-қатынаста қиындық сезінетін және психикалық көңіл-күйі орнықсыз оқушыға көмек көрсету жолдары мен формаларын анықтау үшін;

  • оқушыларға тән әрі оларды оқыту және олармен қарым-катынас жасау ерекшеліктеріне сәйкес оларды психологиялық және педагогика-лық сүйемелдеу тәсілдері мен формаларын тандау үшін қажет.

Психодиагностикамен оның мәліметтері психологиялық сүйемелдеудің мақсаты бола алмайды, себебі психодиагностиканың әрбір формасы өздерінің сүйемелдеу есептерін шешуге бағытталған әрі шешуші қабілетке ие. Сонымен бірге олар органикалық түрде бір-бірімен байланысқан және іс жүзінде белгілі жүйеде, белгілі сабақтастыкпен қолданылады.

Психологиялық сүйемелдеудің формалары:



  • диагностикалық минимумда тексерілген топты шартты түрде «психологиялық жайлы» және «психологиялық жайсыз» топшаларға басқаша айтқанда, белгілі бір «қиындықтары» немесе «проблемалары» бар респонденттерге бөлуге немесе біріктіруге мүмкіндік беретін психодиагностиканың бөлшектік қасиеті бар. Диагностикалық минимум алғашқы ақпаратты алуға негізделген.

  • кәсіби бағыттауға диагностика жүргізу кәсіби қызметтің және кәсіп таңдаудың қайсыбір саласына оқушылардың ынталылығын, қабілет-тілігін және бейімділігін анықтауға бағытталған. Кәсіби бағыттаудың диагоностикалық әдістемесі сыналатын тұлғаның кайсыбір қабілеттілік-терге ие болуы жолында неге қол жеткізгенін түсінуге көмектеседі, алайда «кәсіби болжам» жасауға мүмкіндік бермейді. Демек, кәсіби диагностикалау арқылы анықталатын қасиет болашақта кәсіби тұрғыдан табысты болуға кепілдік бола алмайды, тек кәсіби іріктеудің критериі ғана бола алады.

  • дамытушы диагностика оқытушы сипатта болады, ол респондентке өзін-өзі жақсырақ білуге, өзінің мүмкіндіктерін таразылауға көмектесе-ді, өзімен-өзі жұмыс жасауды белсендірек етуге, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылдырады. Бұл диагностика талап етілетін сапалардын дамуына бақылау жасауға, сондай-ақ түзету немесе тренинг жүргізуге мүмкіндік береді.

  • Оперативтік диагностика оқу-тәрбие процесінің мәселелерін шешуде респондент немесе бір топ респонденттер туралы қажетті мәліметтерді түсінуге, анықтауға, растауға мүмкіндік береді.

  • терендетілген диагностика - психодиагностиканың бұл формасы бұрын жүргізілген психодиагностиканың нәтижелері бойынша немесе сұрау бойынша пайдаланылады. Мұндай психодиагностикалық іс-әрекет жеке немесе топтық сипатта болады. Тереңдетілген диагностиканың табысты жүргізілуі үшін болжам жасау міндетті болып табылады. Тереңдетілген диагностика зерттеушілік немесе тәжірибелік жұмысқа енгізіледі, себебі «мәселеге» тереңірек қарауға мүмкіндік береді.

• Кіріспе диагностика негізінен 9 - 10 сыныптардың оқушыларымен жұмыс жасағанда қолданылады, себебі ол кәсіби таңдау мен кәсіби іріктеу арасындағы аралық саты болып табылады. Қайсыбір кәсіби қызметке кажет кәсіби дайындықты анықтайтын диагностикалық әдістемелерді таңдау өте қиын. Себебі әртүрлі әдістемелер бар, мысалы, қызығушылықтарды, бейімділіктерді, жақсы көретін қызмет формаларын анықтауға арналған тесттер, адамның психологиялық типтің қай типіне немесе нервтік жүйенің, темпераменттің қай типіне жататындығын анықтауға арналған тесттер; адамның қабылдау, ойлау, назар аудару, жад қабілеттерінің даму деңгейін, дарындылығын анықтауға арналған тесттер. Адамның психикалық денсаулығының ең бір маңызды құраушы-ларының бірі - өз өмірінің мақсатын анықтау қабілеті, өзін-өзі, болашаққа қиялмен алып бару, оның өмірді қабылдауында мазмұнды, толыкқанды, болашақ, ұзақ перспективаның болуы. Зерігу, іш пысу арқылы білінетін өмірде мағыналы мақсаттың болмауы невроздың тууының бір себебі.

Кәсіби тұрғыдан өз жолын табу проблемасы тұлға дамуының жалпы контексінен бөлек, онымен байланыссыз түрде табысты шешілмейтінін ұдайы ескеру маңызды. Жасөспірімдік шақ уақытша перспективаның -қалыптасуы үшін анағұрлым жайлы болып табылады. Бұл қандай да бір себептермен болашақтың уақытша перспективасы қалыптаспайтын болса немесе дұрыс қалыптаспайтын болса, онда ол тұлғаның дамуы үшін елерліктей салдары болады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, егер жасөспірімде қандай да бір өмірлік мақсат пайда болса, онда көптеген тәрбие мәселесі шешіледі.

Өз бетімен білім алудың әртүрлі бағыттарына бойлап керу мүмкіндігі адамның тұлға ретінде әрі кәсіптік тұрғыдан өз жолын табуына, жақын кезеңге және алыс болашаққа өмірлік жоспарларды, мақсаттарды жасауына көмектесуі мүмкін.

Бейіндік оқыту - оқу процесінің кұрылымындағы, мазмұнындағы және ұйымдастырылуындағы өзгерістер есебінен білімді жалғастыруға қатысты оқушылардың ынталарын, бейімділіктерін, қабілеттерін дұрысы-рақ ескеруге мүмкіндік беретін оқытуды бөлшектеу және дараландыру, жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби мүдделеріне, ынталарына сәйкес оқытуға жағдай жасау кұралы. Оқушылардың тандап алған бағыт бойын-ша білімін жалғастыруына дайындығы, сондай-ақ мектептен кейін оны алу тәсілін таңдау бойынша пісіп - жетілуі -бейіндік оқыту мақсаттарының жүзеге асырылуын растайтын көрсеткіш.

Кемелдену деп бір жағынан оқушылардың жеке қабілеттеріне, екінші жағынан жеке мүмкіншіліктеріне және оқушының іс жүзіндегі дайындық деңгейіне сәйкес келетін таңдау түсініледі. Оқушылардың мектептің өзінде өмірдегі өзінің болашақ бағытын дұрыс таңдай алуына қол жеткі-зуінің маңызы зор.

Окушыларда ақпараттық дайындықтың болуы пісіп жетілген таңдау жасауларына негіз болып табылады.



Ақпараттық дайындыққа мыналар кіреді:

  • мектептен кейін қажет білімді алудың мүмкін жолдары;

  • оны алу үшін қажет етілетін күш-жігер туралы;

- өзіндік практикалық дайындықтың және таңдап алған білімді алу үшін қабілеттердің болуы туралы;

- алған біліміне байланысты игеруге болатын кәсіптер туралы;



  • кәсіби мүмкін іс-әрекеттің мазмұны әрі шарттары туралы;

  • білім алудың тандап алған тәсілі арқылы өзінің өмірлік мақсаттары мен жоспарларын және ары қарайғы кәсіптік әрекетін жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы.

Кемелдену адамда таңдауға деген практикалық және себептік-құндылық тұрғыдан дайындықтың болуын қажет етеді. Практикалық дайындыққа мыналар кіреді:

- мектеп түлектерінің ары қарайғы білім алу тәсіліне таңдау жасай білуі;

- түлектердің мектептен кейін тандап алған бағытында оқуды жалғас-тыруына қажетті тәжірибелік білімнің және дағдылардың болуы.

Дұрыс таңдау жасай білу оқушылардың мына төмендегі біліктіліктері-нің болуын қажет етеді:

өзінің сұраныстары мен мүмкіншіліктеріне сай келетін білім алу жолдарының баламаларын бөліп қарау;


  • өздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалай білу;

  • қолда бар нұсқалардын ең тиімдісін таңдай білу.

Себептік-құндылықты немесе психологиялық дайындыққа мыналар кіреді:

  • мектеп түлегінің жеке қабілеттеріне және мүмкіндіктеріне сай келетін өзін-өзі бағалаудың қалыптасқан түрінің болуы;

  • білім алудың ары қарайғы тәсіліне және болашақ кәсіпке байланысты құндылық бағыттың және жеке мақсаттың болуы.

Пісіп жетілген таңдауға оқушының өзінің өмірлік мақсаты мен жоспар-ларын түсінуі жатады. Оларды жүзеге асыру мүмкіншілігін ол дұрыс бағалайды, ал ол жасаған таңдау оның құндылық бағыттарынан алшақта-майды әрі оған өзінің ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бейіндік оқу кұрылымының ерекшеліктері негізінде әрі жас өспірімдер-дің жас ерекшеліктеріне байланысты бейіндік оқытуды психологиялық сүйемелдеу бойынша кәсіптік-бағыттық бағдарлама әзірленген. Бұл іс-әрекеттің мазмұнына мыналар кіреді:

а) оқушылардың қалауын, бейімділіктерін, алғашқы кәсіби ынталарын және оның динамикасын анықтау;

б) әлеуметтік ұстанымдарды анықтау және оның қалыптасуына көмек көрсету;

в) таңдаудың себебін және оның құрылымын анықтау;

г) өзіне-өзі талдау жасауға дайындықты қалыптастыру;

д) қабілеттіліктердің құрылымын анықтау;

е) тұлғаның әр қырлы даму деңгейін, динамикасын және көрініс вариативтілігін, өмірлік стилін, іс-әрекетінің мүмкін бағасын анықтау (дау-жанжал, шиеленіс, үрейлілік, ) бірқалыптылыққа бейімділік және т.б.);

ж) тұлғаның бейімділігін және кәсіптік талаптарды анықтау, оқушылардың кәсіптік ынтасына түзету енгізу.


7 Лекция



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет