Лекция бейімделу ұғымына шолу жасау. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары. Сенсорлық бейімделу. Әлеуметтік бейімделу


-бап. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерiнiң мiндеттерi



бет12/81
Дата11.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#110795
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81
Байланысты:
ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)
Желі дәріс, ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)
17-бап. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерiнiң мiндеттерi

      1. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi, заңдарда белгiленген мiндеттерден басқа, өздерiнiң балаларын асырауды, тәрбиелеудi, бiлiм берудi, медициналық байқаудан өткiзудi, емдетудi қамтамасыз етуге, оларға күтiм жасауға, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға оңалтудың жеке бағдарламасын iске асыруға қатысуға тиіс.

      2. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi балаларына күтiм жасау мен оларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн орындаудан жалтарғаны, оларға қатыгездiк көрсеткенi, олардың денсаулығына зақым келтiргенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.




Ақтау қаласында «Дара» қайырымдылық қорымен «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз: Қазақстанда инклюзивті қоғам құру» жобасының аясында «Ақтау психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» құрылды.

«Ақтау қалалық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің» мақсаты –  сөйлеу, көру, есту қабілетінде, оқып-үйрену, қарым-қатынас жасау мен дамуында қандай да бір қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдерге психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

Маңғыстау обл. Ақтау ППТК дан басқа Түпқараған ауданы, Ақшұқыр  ауылынан, Шетпе ауд, Құрық, Мұнайлы, Бейнеу жұмыс жасайды.
ППТК арнайы түзетуші топтық, шағын топтық және жеке дамытушы бағдарламаларды іске асыратын және ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін құрылатын арнайы білім беру ұйымдарының бірі болып табылады.

ППТК-не балаларды жіберу және орналастыру ата-аналардың (заңды өкілдердің) келісімімен ПМПК қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Балаларды ППТК-не қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

ППТК психологиялық-педагогикалық көмекті ПМПК қорытындысы негізінде туылғаннан он сегіз жасқа дейінгі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға:

1) көру қабілеті бұзылған;

2) есту қабілеті бұзылған;

3) сөйлеу тілінің бұзылыстары бар;

4) сөйлеу тілінің дамуы тежелген;

5) тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар;

6) зерде бұзылыстары бар;

7) психикалық дамуы тежелген;

8) эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар;

балаларға көрсетеді.



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында түзету-педагогикалық көмек болмаған жағдайда, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарына тіркелген үйде оқитын балаларға
түзету-педагогикалық көмек болмаған жағдайда ППТК ондағы білім алушыларға психологиялық-педагогикалық түзету көмегін көрсетеді.

Бала тәрбиесі, оның жан – жақты дамуы, тұлға болып қалыптасуы қоғамымыздың, оның ішінде әрбір ата – ананың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Алайда мектептегі ата-аналар жиналысында немесе олармен сұхбат жүргізгенде көптеген ата-аналар өзінің бала алдындағы құқықтары мен міндеттерін толыққанды жете түсіне білмейтінін аңғарып жүрміз.

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері халықаралық ратификацияланған және ҚР заңдарында, оның ішінде «Бала құқықтары туралы» Конвенцияда, ҚР «Бала құқы туралы» заңында, ҚР «Білім туралы» заңында және өткен жылы толықтырылып, өзгертілген «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» заңында анық көрсетілген.

Атап айтар болсақ, ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» заңының 11- тарауының «Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі» деп аталатын 68- бабында ата-аналардың балаларының алдында тең құқылы, яғни отбасының еріне немесе әйеліне ерекше бір артықшылық т.б берілмейтіні баяндалады. Сондай-ақ, бұл ата-ана құқықтары балалары 18 жасқа толғанда немесе кәмелетке толмай жатып некеде тұрмаған ата-аналарда бала туылған жағдайда, олар 16 жасқа толғанда ғана ата-ана құқықтарын өз беттерінше жүзеге асыра алады. Ал ата-аналар 16 жасқа толғанға дейін олардың балаларына қамқоршы тағайындалады, ол өз кезегінде ата-аналармен бірге баланы тәрбиелеуді жүзеге асырады.

70-бапта ата-аналардың балаларын тәрбиелеу мен білім берудегі құқықтары мен міндеттері баяндалады. Ата-аналар балаларының денсаулығына, дене бітімінің дамуына, жан-жақты өсіп-жетілуіне, емдетуге, тексеруге міндетті. Ата-аналар балаларын тәрбиелеуге құқылы және міндетті, яғни балаларын рухани, эстетикалық, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге жауапты. Ата-аналар балаларының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Олар балаларын оқу құрал – жабдықтарымен, киім-кешекпен және т.б. қажеттіліктермен қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ баланың пікірін ескере отырып, білім беру ұйымын және оқу нысанын таңдауға құқылы, яғни баланың қызығушылығын, қандай да бір бейімділігін, талантын ескере отырып, қажетті білім ұйымын таңдай алады.

71-бап. «Ата-аналардың баланың құқықтарымен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттері». Ата-ана өз баласының заңды өкілі болып табылады. Сондықтан жеке немесе заңды тұлғаға қатысты істерде оның ішінде соттарда баласының құқықтары мен мүдделерін қорғай алады. Алайда, ата-ана балаға қатысты ата-ана құқығынан айырылған немесе шектелген жағдайда баланың мүдделерін бүлдіруге міндетті емес. 

72-бап. «Ата-ана құқықтарын баланың мүддесінде жүзеге асыру». Баланың мүдделерін қамтамасыз ету, оның ата-аналарының жасайтын негізгі қамқорлықтың нысаны болып табылады. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір қасиетін кемсітетін немқұрайлылықты, қатегездікті, дөрекілікті, баланы қорғауды немесе қанауды болғызбауға тиіс. 

73- бап. «Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы».
Баласынан бөлек тұратын ата-ана оның тән саулылығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтірмесе, баласымен араласуға оның тәрбиесі мен білім алу мәселелерін және бала үшін басқа да мағызды мәселелерді шешуге қатысуға құқылы. Сондай-ақ бұл ата-аналар білім беру ұйымдарынан, медициналық және басқада ұйымдардан өз баласы туралы ақпарат алуға құқылы.

74-бап. «Ата-аналардың баланы басқа адамдардан талап ету құқығы». Ата-ана баласын заңның немесе сот шешімінің негізінсін өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан баласын қайтаруды талап етуге құқылы.
«Білім туралы» ҚР Заңындағы «Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері».

49-бап. «Ата-аналардың және өзгеде заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері».
1) Баланың тілегін, жеке биімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдауға;
2) Ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;
3) Білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
4) Өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары бойынша психологиялық-медициналық-педогогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;
5) Балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.

Ата-аналар мен өзгеде заңды өкілдер:
1) Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауыпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге
2) Бес жастағы балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге, ал алты жастан баспа жалпы білім беретін мектепке беріге;
3) Балаларды оқытумен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге;
4) Балалардың оқу орындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет