Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет44/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Token Ring технологиясы
Token Ring технологиясы IBM компаниясымен 1984 жылы өңделген, ал содан соң стандартты жоба ретінде ІЕЕЕ 802 комитетіне жіберілген. Осы комитеттің негізінде 1985 жылы 802.5 стандарты қабылданды.
IBM компаниясы көптеген жылдар бойы Token Ring технологиясын мэйнфрейм, мини-компьютер және дербес компьютер негізінде локальды желі құру үшін өзінің желілік технологиясы ретінде қолданды. Дегенмен, соңғы уақыттарда IBM компаниясының өнімдерінің өзін Ethernet желісінің тұтынушылары домендейді.
Token Ring желілері 4 және 16 Мбит/с биттік екі жылдамдықпен жұмыс жасайды.
Бөлек жылдамдықта жұмыс істейтін станциялардың араласуы бір сақина бойына жіберілмейді. 16 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейтін Token Ring желісінің 4 Мбит/с стандартымен салыстырғанда мынадай артықшылықтары бар.
Token Ring желісі Ethernet желісіне қарағанда әлдеқайда күрделі болып табылады. Token Ring желісінде желі жұмысын бақылайтын процедуралар анықталған. Ол процедура сақина тәрізді құрылымның қайтымды байланысын қолданады.
Кейбір жағдайларда, мысалы, желі жұмысында қате табылса, олар автоматты түрде өңделеді, яғни жоғалған маркер қайта пайда болуы мүмкін.
Желінің бақылануы үшін станция ішінен активті монитор қызметі орындалады. Активті монитор сақинаның инициализациясы кезінде МАС- адресті максимальды мәнді станция ретінде таңдалады. Егер активті монитор қатардан шықса, онда инициализация процедураның сақинасы қайталанады және жаңа активті монитор таңдалынады.
Token Ring стандартын ІВМ фирмасы жасаған. Жіберуші орта ретінде экрандалмаған және экрандалған оралған жұп немесе оптикалық талшық қолданылады. Мәліметтерді тасымалдау жылдамдықтары 4 Мбит/сек немесе 16 Мбит/сек. Станциядан берілу ортасына жетуді басқару үшін маркерлік сақина (Token Ring) әдісі қолданылады. Бұл әдістің негізгілері:

  • Құрылғылар желіге сақина топологиясы бойынша қосылады.

  • Барлық құрылғылар тасымалдауға рұқсат (маркер) алғанда ғана желіге қосыла алады.

Token Ring стандарты бойынша ІВМ 3 негізгі бумалар типін пайдалана алады:

  • Берілгендерді/басқару бумасы (Data / Command Frame)

  • Маркер(Token)

  • Босату бумасы(Abort)

Берілгендерді/басқару бумасының көмегімен мәліметтерді тасымалдау немесе желі жұмысын басқару командалары орындалады.
Маркер. Станция берілгендерді тасымалдауды осы буманы алғаннан кейін ғана жүргізе алады. Бір сақинада тек бір ғана маркер болуы керек, сәйкесінше тек бір ғана станция мәліметтерді тасымалдауға құқылы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет