Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет25/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60

Сөйтіп, осы кезеңде өлкедегі өнеркәсіптің біршама дамуы, темір жолдардың салынуы, cy жолдарының пайдалана бастауы — Қазақстанда жалпы жүмысшы табын қалыптастырудың бірден-бір әлеуметтік-экономикалық негіздерін қалауға себеп болды. Өлкедегі мүндай өзгерістер ғасыр басында одан эрі дами түсті. Мысалы, 1913 жылғы өлкедегі жүмысшылар саны 75 мың адамға дейін жетті. Сонымен қатар, Қазақстанда 51 мың жүмысшы еңбек еткен 675 фабрика-зауыт кәсіпорындары болды да, ол жүмысшылардың 28 мыңға жуығы ipi өнеркәсіп орындарында істеді. Тек теміржол мен cy жолдарында 25 мыңнан астам жүмысшы еңбекпен қамтылды. Ал, бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жүмысшылар саны ipi өнеркәсіп орындары мен транспортта өсе түсті. Сөйтіп, 1917 жылғы Қазан төңкерісі түсында Қазақстандағы жүмысшылардың жалпы саны 90 мыңға жетті.

Бірақ, жергілікті қазақ жүмысшылары көбінесе маусымдық жүмыстарға ғана тартылып, кәсіби мамандықтарының болмауынан түрақты жүмыстармен қамтылмады. Түрақты жүмыспен тек темір жол желілері мен тау-кен өндіріс орындары ғана біршама қамтамасыз ете алды. Сөйтіп, өлкедегі тау-кен өндірісі, зауыт кәсіпорындары мен транспортта ғана жүмысшылардың шоғырлануы жоғары болды.

Соған қарамастан, әлеуметтік түрғыдан өлкенің өнеркәсіп жүмысшыларының жағдайы Ресейдің өнеркэсібі дамыған аудан- дарымен салыстырғанда элдеқайда ауыр болды. Оған кәсіпорын қожайындарының өктемдігімен белгіленген жүмыс күнінің үзақтығы себеп болды. Мысалы, Ембінің мүнай кэсіпорындарында 12 сағатқа дейін, алтын өндірілетін кен орындарда 10—12 сағат, түз өндірілетін кәсіпшіліктерде 14—16 сағатқа дейін созылды. Міне, осындай әлеуметтік теңсіздіктердің басымдылығын көрген жэне кэсіп иелерінің өздеріне алалаушылық жасап, қүқықтарынан айыру шараларын басынан өткізген қазақ жүмысшылары ерек­ше ауыр жағдайда болды. Осының бэрі күрделеніп келіп, қазақ жүмысшыларын өздерінің элеуметтік-экономикалық жэне қо- ғамдық-саяси жағдайларын жақсарту мақсатындағы күреске итермеледі.

Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы үлт-азаттық, жүмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуы- на, эрине, патшалық Ресейдегі 1905—07 жылдарда өткен түңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық жэне саяси дамуы дэрежесінің салдарынан жүмысшы қозғалысы өрістеді. Екіншіден, оған өнеркәсіп пен қала жүмысшылары қатысты. Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар, негізінен, қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-эрекеттерінен көрінді. Төртіншіден, үлт зиялылары қоғамдық-саяси жүмысқа белсене apa- ласып, үлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді.

Сөйтіп, 1905—1907 жылдарда өткен Қазақстандағы жүмысшы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Қа- зақ даласында осы жылдары Ресейдегі революциялық процестердің жалпы барысымен тығыз байланысты жүмысшылардың бірқатар са­яси жэне экономикалық толқулары болып өтті. Оларға 1905 жылдың желтоқсанында Успенск мыс руднигіндегі, 1907 жылдың маусым айында Спасск мыс қорыту зауытындағы, Қарағанды кендеріндегі, сондай-ақ, Семей, Орал, Ақтөбе, Верный, Қостанай жэне басқа да қалалардың кәсіпорындарындағы өткен ереуілдерді жатқызуға бо­лады.

Ресей империясындағы 1905 жылғы қалыптасқан саяси ахуал қазақ халқының азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді. 1905 ж. саяси оқиғалар туралы алғашқы хабарлар қазақ даласына жетісімен, Ә. Бөкейханов атап көрсеткендей, «бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны қүрсауына енді». Сол кезеңдегі экімшілік орындарына түскен мэліметтердің бірінде: «Патша үкімдерінің жариялануынан бері қарай қырғыз жүрты мерзімді басылымдарға қызығушылықпен зер сала қарай бастады. Сауаты барларының көпшілігі астаналық газеттерді жаздырып алуда. Қырғыздар арасында бүрын-соцды болмаған қүбылыстар байқалуда» — делінген. Қазақ даласында байқалған мүндай қүбылыстардыц бірі өлкенің барлық елді мекендерінде қазақтардың үлкенді-кішілі жиылыстарының өткізіле бастауы еді. Мүндай жиылыстарда қазақ жүртының көкейтесті мүқтаждықтары талқыланып, ол жөнінде орталық үкімет орындарына тапсыруға петициялар әзірленді. Осылайша қазақ даласындағы саяси күрес патшаға, орталық билікке петиция жазып тапсыру түрінде көрініс ала бастады. Қазақтардың орталық билік орындарына тапсырған петицияларында жерді тартып алуға, салықтың ауырлығына, төменгі басқару органдары мен патша чиновниктерінің тарапынан озбырлық, қиянат, қоқанлоқы жасалуына наразылық білдірілді. Со­нымен бірге өздерінің діни істерін Орынбор муфтилігіне қарату, қазақ арасында оқу-ағарту ісін ретке келтіру жэне өлкеге земство енгізу сүралды.

Отарлық тәуелдіктегі қазақ елінің мүң-мүқтажын білдірген пети- цияларды жазып, оны тиісті орындарына тапсыру ici 1905 ж. көктем айларында-ақ қолға алынған болатын. Мәселен, 1905 ж. сәуірдің 2-інде Ақмола қаласындағы Халфин деген қазақ саудагерінің үйінде жиылыс өтіп, Петерборға барып петиция тапсыру үшін арнайы де­легация сайлап жіберу мәселесі қарастырылған. Ақмола қаласында өткен осы жиылысқа экімшілік орындарында тілмаштық қызмет атқарған Серкебаев, Кенжебаев жэне Сатыбалдиндер басшылық жасаған.

Қазақ даласынан петициялар арнайы делегация жіберу арқылы да, сонымен бірге жеделхатпен де жолданған. Петицияларды жазып дайындау ісініц басында негізінен сан жағынан аз болғанымен, саяси күрес қазанында қайнап, жацадан қалыптасып, тез ысыла бастаған үлттық интеллигенция өкілдері түрды. Ол жөнінде M. Дулатов: «1905 жылдан бері қазақ жүрты да басқалардыц дүбіріне елецдеп, үлт пайдасын қолга ала бастады. Сол бостандық жылдарында Се­мей облысыныц оқыган басшылары көзге көрікті ic қылып, жүртқа көсемдікпен жол-жоба көрсеткені үшін алды абақтыга жабылып, арты айдалып, қалгандары сенімсіз болып қалды",— деп жазды.

1905 жылы Семей облысы Қарқаралы уезініц Қоянды жэр- мецкесінде 14,5 мыц адам қол қойган Қарқаралы петициясына Ә.Бөкейхановтыц, А.Байтүрсыновтыц, ЖАқбаевтыц қатысы бол- ған. Осы петиция туралы жэне оны дайындап, көптеген адамдарға қолдатудағы Ахмет Байтүрсыновтың ерекше еңбегін жоғары бағалаған М.Әуезов 1923 жылы жазған "Ахаңның елу жылдық тойы" деген мақаласында: "1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа да оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқының аты- нан петиция (арыз-тілек) жіберген. Ол петицияда аталған үлкен сөздер: бірінші — жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сүраған. Екінші — қазақ жүртына зем­ство беруді сүраған. Үшінші — отаршылардан орыс қылмақ саяса- тынан қүтылу үшін, ол күннің қүралы барлық мүсылман жүртының қосылуында қазақ жүртын муфтиге қаратуды сүраған. Петиция- ларды тілек қылған ipi мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан, Ақандар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған",— деді.

Қазақстандағы революциялық қозғалыстың біршама өрлеуі 1905 жылдың қазан-қараша айларында өткендігі тарихтан белгілі. Өйткені, бүл кезде 17 қазандағы патша Манифесінің жарияла- нуы Қазақстанның көптеген қалаларында көп адам қатысқан жиылыстарға, демонстрацияларға жэне халықтың қалың тобының бой көрсетулеріне үштасқан болатын. Бүл туралы Әлихан Бөкейханов былай деп жазды: «Қазақтардың жүріп-түруы арқа- сында Манифест қысқа уақытта бүкіл даланың қолына тиді. Жер- жерде қазақтар үлкенді-кішілі съездерге жиналды... Манифесті оқыды, оны түсіндірді, болашақтағы Мемлекеттік Дума сайлауы туралы мәселелерді талқылады. Облыстың ең алыс түкпірлерінен қазақтар топ-топ болып қалаларға барды, онда қала түрғындары үйымдастырған қалалық митингілерге қатысты. Орыстар, татарлар, сарттар мен қазақтар бір туысқан от басына қосылып кетті».

Қазақ үлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі де арта түсті. Олар 1905 жылдың желтоқсанында Орал- да бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз пар- тиясын — Ресей конституциялық-демократиялық (кадет) партиясы- ның бөлімшесін қүруға эрекет жасаған болатын. Ондағы мақсат — 17 қазанда жарияланған патша Манифесі берген бостандықтар шеңберінде қазақтардың үлттық мүддесін қорғау еді. Осыған бай­ланысты 1906 жылдың ақпанында Семейде қазақтардың екінші съезі откізілді. Ол кадеттерге жақын бағдарламаны мақүлдады. Со­нымен қатар, оған өлкеге шаруалардың қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану, үлттық мектептер ашу, тағы басқа да талаптар енгізілді. Олардың басында Ә.Бөкейханов, А.Байтүрсынов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, М.Дулатов, Б.Қаратаев жэне қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері жүрді. Сондай-ақ, олар дін үстану бостандығын жақтап, әсіресе, үкімет пен жергілікті органдардың мүсылман дініне қарсы шараларына наразылық білдірді. ¥лттық мәдениетті дамытуды, сонымен қатар, Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен тең қолдануды талап етті. Міне, осыған орай мүсылман дінбасыларының ықпалы күшті болған Семейде, Петропавлда, Ақмолада, Верныйда жэне т.б. қалаларда діни үйымдар пайда болды. Өлке мүсылмандарының діни талаптар қойған петициялық науқаны кеңейе түсті. Жалпы, мүсылман қозғалысы түрік халықтарының Ресей империясы қүрамындағы автономиясы жэне мәдени- автономиялық дамуы туралы мәселе көтерді.

Сонымен қатар, осы кезеңде Қазақстан халқының саяси ой- өрісінің дамуында Мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу науқаны маңызды рөл атқарып, онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметімен көрінді. Мысалы, 1905 жылдың 6 тамызында Мемлекеттік Дума жөніндегі патша Манифесі қазақ еліне де депутат сайлау қүқығын берген болатын. Бірақ, бүл қүқықтың жартыкеш- тігі байқалды. Өйткені, депутаттарды сайлау барысында үлттардың apa салмағы есепке алынбады. Сондықтан, қазақ зиялылары мүндай әділетсіздікті түзетуге біршама әрекет жасап көрді. Нэтижесінде, қазақ халқы Мемлекеттік Думаға эр облыстан бір депутаттан ғана сайлау қүқығына ие болды. Сөйтіп, Қазақстаннан бірінші Мемлекеттік Думаға барлығы 9 депутат, оның ішінен 4 миллион қазақ халқынан 4 депутат: Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Қалменов жэне Б.Қүлманов сайланды. Олар Дума жүмысына мүсылман депу- таттары фракциясы қүрамында қатынасты. Бүл фракцияның заң жо- басы ретінде дайындаған ең басты қүжаты аграрлық мәселеге бай­ланысты еді. Мүсылмандар фракциясы жер мәселесіндегі аграрлық түжырымдаманы мүсылмандар партиясының бағдарламасы негі- зінде үсынды.

Ал барлығы 72 күн ғана жүмыс жасаған бірінші Мемлекеттік Дума 1906 ж. 9-шілде күні үкімет шешімімен таратылды. Дэл сол күннің кешінде Думадағы оппозицияның 182 өкілі (кадеттер, тру- довиктер, меньшевиктер) Выборг қаласында (Финляндия) жиналып, Манифест дайындап, оған өздерінің қолдарын қойды. Олардың ара­сында Ә.Бөкейханов та бар еді. Сол үшін ол келесі Думаға сайлану қүқығынан айрылып қана қойған жоқ, сонымен бірге жауапқа тар- тылып, абақтыда отырып шығады. Сөйтіп, халық бүқарасының на- зарын алаңдату үшін шақырылған бірінші Мемлекеттік Дума оның үміттерін ақтамады, ал оның мінберін партиялар өз мақсаттарына пайдаланды.

Екінші Мемлекеттік Думаның сайлануына келер болсақ, ол 1905 жылдың 6 тамызындағы жэне 11 желтоқсанындағы сайлау заңдары негізінде өткізілді. Думаға Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ үлтының өкілдері: молда Ш.Қосшығүлов — Ақмола облы- сынан, би Х.Нүрекенов — Семей облысынан, адвокат Б.Қаратаев — Орал облысынан, сот тергеушісі А.Бірімжанов — Торғай об­лысынан, ТАлдабергенов — Сырдария облысынан, қатынас жолдары инженері М.Тынышбаев — Жетісу облысынан сайлан- ды. Екінші Дума депутаттарының қүрамы жағынан болсын, күн тэртібіне қойылған мәселелерді талқылау жағынан болсын бірінші Думаға қарағанда солшыл бағытта болғанды. Негізгі пікір тарты- сын тудырған мәселелердің бастысы аграрлық жэне қоныс ауда­ру мәселесі болды. Әсіресе, депутаттар Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, Ш.Қосшығүлов, Х.Нүрекенов өте белсенді түрде, заң шеңберінде патша өкіметінің қоныс аудару саясатына қайткенде бір ықпал ету- ге тырысты. Мэселен, 1907 жылы 17 мамырда депутаттық сауалға байланысты жарыссөзде депутат Б.Қаратаев сөйледі. Ол өзінің сөзін қазақ халқы үшін ең маңызды іске айналған жер мәселесіне арнады: «Үкімет, біріншіден, Ресей ішіндегі помещиктер мүддесін, яғни, 130000 помещиктің мүддесін қорғау үшін» жерсіз орыс шару- аларына қазақ жерлерін тартып эперіп отыр. Екіншіден, үкіметтің бүл саясаты ашықтан-ашық үлы державалық, шовинистік негізде жүргізілуде. Соның нәтижесінде жерге орналастыру мекемелері қазақтарды «орныққан орындарынан, поселке, деревня қүрап отырған үйлерінен жаппай қуып шығумен айналысып отыр». Әрине, бүл сөз ic жүзінде патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлау сая- сатын жергілікті халықтың атынан әшкерелеу еді. Б.Қаратаев орыс халқының еңбекші бүқарасы мен зиялы қауымын қазақ елінің осын- дай ауыр жағдайына көңіл аударуға шақырды.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет