Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет



бет115/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

ДИАСТАЗАҒА ЗӘРДІ ЖИНАУ


Мақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін).
Қолдану көрсетілімдері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары.
Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді этикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, алған күнін көрсетіңіз).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа алда болатын емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Зәрді жинауға контейнер беріңіз.
2. Таңертең жаңа бөлінген зәрдің мөлшерін контейнерге жинаңыз.
3. Лабораторияға жолдаманы жазыңыз (бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз).
4. Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде лабораторияға апарыңыз.
Ескерту: қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының көбеюі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды.

ҚАНТТЫ АНЫҚТАУҒА ЗӘРДІ ЖИНАУ
Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.
Дайындаңыз: бір рет қолданылатын контейнерді, сыйымдылығы 3 л таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты, шыны таяқшаны, этикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.
2. Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет.
3. 3 литрлік банкіге бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді ыдыс көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100,200,300 мл әрі қарай).
4. Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).
5. Қолғапты киіңіз.
6. 3 литрлік банкідегі бір тәуліктік диурезді (зәрдің жалпы мөлшерін) өлшеңіз.
7. 3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.
8. 100-150 мл зәрді контейнерге құйыңыз (жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз).
9. Лабораторияға жолдаманы жазыңыз (бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күніні бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз).
10. Жиналған зәрді клиникалық лабораторияға апарыңыз.
11. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту:
Қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады, 0,02% промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.
Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).
Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет