Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет57/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c
2-зертханалық жұмыс ББД, 3 ЛАБ БД, методичка обуч на дому 4 кл, Қасым Аманжолов өмірі 11 ҚГБ, Республика күні, патан жеке сессия макро[1]
хат жібердім
десек, 
жібер
етістігі жай 
етістік, мұнда өзінің негізгі мағынасында. 
Жолдасыма хат салып жібердім
 
дегенде де 
жібер
 өз мағынасында. Ал, 
жаққа салып жібердім
 десек, 
жібер
 – 
көмекші. Үйткені, мұнда жіберу деген іс жоқ, 
салдым
өз мағынасында, 
айтып салдым
дегенде – көмекші. Үйткені мұнда салу жоқ
», – деп 
түсіндіреді (8, 388). 
Кеміс
(ій) 
көмекшілердің
қатарында А.Байтұрсынұлы 
е
- етістігін (
еді, 
екен, емес 
т.б.) ғана берсе, Қ.Кемеңгерұлы «быть», «существовать» мәнінде 
қолданыла алуына байланысты 
е

етістігімен қатар 
бол
етістігін де атайды. Ал 
Қ.Жұбанов аталған етістіктермен қатар 
де, шығар 
етістіктерін де келтіреді. 


109 
Ғалым бұл етістіктерді үнемі көмекшілік қызметте жұмсалып, алдындағы 
етістікпен бір сөйлем мүшесі ретінде жұмсалуын негізге алған сияқты. 
Қ.Жұбановтың көмекші етістіктерді топтастыруы атаулары әртүрлі аталғаны 
болмаса, А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы жіктеулеріне ұқсас. 
Қарап отырсақ, Қ.Жұбанов күрделі тілдік бірліктердің тілдік табиғаты 
туралы да мәнді де, мағыналы ой-пайымдаулар жасаған. Сөйлем ішіндегі 
етістіктердің өзінің төл мағынасында немесе көмекші мағынада қолданылып 
тұрғандығын көрегендікпен аңғарып, қазақ тіл біліміндегі күрделі етістік 
ұғымының негізін қалаған. Профессор Қ.Жұбанов күрделі етістік 
категориясын зерттей отырып, жалпы етістік категориясының мәні мен 
мазмұнын, қызметін ерекше зерделейді. Қазақ тіліндегі күрделі етістіктер 
табиғатының күрделі екендігі сондай, кейде тіпті бір етістіктің қай жерден 
аяқталып, екінші етістіктің қай жерден басталатынын аңғару қиын дейді. 
Өйткені негізгі етістіктердің айтарлықтай бөлігі көмекшілік қызмет атқара 
алатындықтан, қандай да бір етістіктің көмекші немесе негізгі қызметте 
жұмсалатындығын ажырату қиындыққа соғады. Ғалым осындай ғылыми 
жағынан да, практикалық жағынан да өзекті мәселені шешуге ұмтылады. 
«Мұны сауаттылық қарекетімізді өзгеше сапаға көтерген саналы әрекеттің 
бірі ретінде бағалауға тиіспіз» (25, 24-29). 
Міне, Қ.Жұбановтың осындай ғылыми ойларының бүгінгі грамматика 
ілімінің дамып-қалыптасуына қосқан үлесі өте зор. 
Қ.Жұбанов етістік мәселесінде оның шақ категорияның тілдік 
табиғатына мейлінше терең бойлаған. Етістіктің шақ категориясы тіл 
білімінің қалыптасып-дамуының бастапқы кезеңдерінде ғана емес, қазіргі 
ғылыми білімнің жетілген тұсында да өзекті мәселелер санатынан шыққан 
емес. Етістіктің шақ категориясын зерттеудің маңыздылығы туралы елуінші 
жылдары-ақ осы категорияны зерттеген ғалым Т.Қордабаев былай дейді: 
«Әдеби тіліміздегі шақ категориясы – әрбір саласы күрделі еңбекке тақырып 
боларлықтай көлемді, күрделі категория. Мұның ұшан-теңіз формалық 
байлықтары әр алуан мағыналық байлықтарымен ұштасып жатады. Сөз 
таптары категориясы ішіндегі етістіктің алатын орны қандай көлемді
күрделі, әр жақты, кең салалы болса, жеке сөз таптарына тән категориялар 
ішінде шақ категориясының алатын орны да сондай маңызды. Мұның ғылым 
дұрыс шешілуі – кезек күтуді көтермейтін теориялық жағынан да, 
практикалық жағынан да ерекше мәні бар, қазақ тілі ғылымының бүгінгі 
таңдағы толғағы жеткен қажетті мәселелерінің бірі» (48, 37). 
Сонау А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов еңбектерінен бастау алатын шақ 
категориясы туралы ғылыми ойлар кеңестік дәуірде С.Аманжолов, 
С.Кеңесбаев, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев, одан беріде 
Т.Қордабаев, А.Ысқақов, Ы.Маманов, Ж.Түймебаев т.б. ғалымдар 
еңбектерінде жалғасын тапты.
Ғалым шақ көрсеткіштерін жіктеуде олардың мағыналарына баса назар 
аударған. Сол себепті ғалым еңбегінде шақ түрлері де мағыналық 
ерекшеліктеріне қарай тарамдалып берілген. Ғалымның шақ түрлерін 


110 
саралаудағы 
бұл 
жіктемесі 
«мағынаға 
баса 
назар 
аударатын» 
ономасиологиялық бағыттағы функционалды грамматиканың зерттеу 
мақсатымен үндесіп жатыр. Ғалым шақ түрлерін әдеттегідей үш топқа бөліп 
қарастырады да, әрі қарай оларды жік-жікке бөліп таратып береді. Өткен 
шақтың мағынасын сөйлеп тұрған кезден бұрын болған істі білдіру деп, оны 
тоғыз топқа бөледі: 
1) Айғақ өңді өткен шақ (істің болғанына айтушы куә, айғақ бола 
сөйлейді (
жазыпты, оқымапсың, білмеппіз
); 
2) Аулақ өңді өткен шақ (істің болғанын айта тұрып, өзі басы-қасында 
болмағанын қоса білдіреді (
жазған, оқыған соң, көргенбіз
); 
3) Мойындау өңді өткен шақ (істің болған-болмағанын мойындай 
сөйлейді (
жазған, оқыған соң, көргенбіз
); 
4) Күмән өңді өткен шақ (
жазған шығар
); 
5) Айғақ баяғылық (ертеде істің болғанына не болмағанына айғақ бола 
сөйлейді (
жазып еді
); 
6) Аулақ баяғылық (сондай ертеде өткен істің болғанынан, не 
болмағанынан аулақ болғанын қоса білдіреді (
жазған екен
); 
7) Әдетше баяғылық (ертеде өткен істің әлденеше рет болып, әдет 
болғанын айтады (
барушы едім, баратын едім
); 
8) Опық баяғылық (ертеде өткен іске опына хабарлайды (
баратын едім
); 
9) Арман баяғылық (
бармас па едім
). 
Келер шақты төртке бөліп көрсетеді: 
1) Кесімді келер шақ (
баратын, жазбайтын
); 
2) Болжалды келер шақ (
барармын, оқымаспын
); 
3) Мақсатты келер шақ (
жазбақпын
); 
4) Тілекті келер шақ (1) 
жазар едім
, 2) 
жазайын
(тек І жақ қана). 
Қазірде рай категориясында қаралатын 
-са игі еді
формасын өткен шақ 
пен келер шаққа бірдей жүретін 
сенімсіз төл шақ
деп атайды. 
Осы шақты дағдылы осы шақ (қазір ауыспалы осы шақ) және дәл осы 
шақ (қазір нақ осы шақ) деп бөледі. Ғалым дағдылы осы шақтың келер шақ 
не осы шақ екені төңірегіндегі басқа сөздерден көрінеді дейді. Мысалы, 
Сиыр мөңірейді
– осы шақ, 
Ертең сиыр мөңірейді
– келер шақ. 
Дәл осы шақты
өз ішінде төрт түрге жіктейді: 
1) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет