[л] дыбыстарының жуан-жіңішкелігі сөздердің мағынасын ажыратып тұр.
Қазақ тілінде
дауыссыздың жуан-жіңішкелігі сөздердің мағынасын
ажырата алмайды, себебі бұл дыбыстардың фонематикалық қасиеті жоқ,
олар орайласып бір дыбыс типін құрайды да басқа фонемаларға қарама-
қарсы қойылады. Мысалы, [bol – b'öl']; [tol –t'öl'] деген сөздер
дауыссыздардың жуан-жіңішке айтылуы арқылы ажыратыла алмайды, олар
сөз ыңғайына қарай, бірде жуан, бірде жіңішке болып, қасында тұрған
дауысты дыбыстар әсерімен ажыратылады, сонымен
дауыссызының екі
вариацияда көрініс табуы көршілес дауыстыларға байланысты. Бұл
дауыссыздардың жуан-жіңішкелігінің фонологиялық мәні жоқ. Орыс тілінде
дауыссыздардың жуан-жіңішкелігі сөздердің мағынасын ажыратып, айырым
белгі болып саналады, мысалы
: [кон] (бір жол ойын), [кон'] (жылқы); және
[тест], [тест'] деген сөздің де мағыналары жуан және жіңішке дауыссыздар
арқылы ажыратылады.
Дауыссыздардың аталған қасиеттері Қ.Жұбановтың назарынан тыс
қалмаған, осыған байланысты ғалымның пікірін келтірейік: «
Жуан- жіңішкелікті пайдалану да түрлі-түрлі болады. Мысалы, бірде жуан, бірде жіңішке болып келетін дыбыстар орыста да, бізде де, шуашта да бар, бірақ солардың өзі әр түрлі: орыстың жуан