мал, шал деген екі сөздің ұйқастығы м , ш дыбыстардан басқаларының бірдей болғандығынан, м , ш бөлек дыбыс дейміз. Олар сөздің мағынасын өзгертті, басқа дыбыстарды өзгерткен жоқ. Сөз бөлшектерінің дыбыстары бірдей болса, мағынасы да бірдей болмақ », – дейді ғалым.
Ғалымның дыбыстардың мағына ажыратушылық қасиеті туралы бұл ойлары
қазақ фонетикасы үшін маңызын жоймақ емес.
Профессор Қ.Жұбановтың бұл тұжырымдамалары еуропалық тілші-
фонологтардың пікірлерімен сабақтасып жатыр. Фонема мен дыбыс өзара
функционалды жағынан ажыратылады: дыбыс бір мағыналы материалдық
тұрғыдан ерекшеленсе, фонема көп мағыналы материалдық қасиетімен
белгіленеді. Фонеманың дискредитациясы лингвистикалық бірлік ретінде
парадигматика деңгейінде жүзеге асады, ал дыбысты бөлшектеу, оның сөз
ағымынан бөлініп алынуы синтагматикалық деңгейде қарастырылады.
Фонологияның негізгі заңдылықтары, дыбыс пен фонеманың байланысы
және олардың арақатынасы жайындағы жалпы мәселелері Қ.Жұбанов
еңбектерінен көрінеді. «
Әр сөзде бірнеше дыбыстан болғасын, сөйлеген сайын бірнеше дыбыстан шығара беру керек болғасын, дыбыстың жалпы санының ұшы-қиыры болмайды. Бірақ, сөзде кездесетін дыбыстың бәрінің бірдей сапасы әр түрлі бола бермейді. Бір дыбыстың өзі әлденеше рет оралып соғып отырады. Кім сөйлесе де, не сөйлесе де, қанша сөйлесе де, бір сөйленген сөз болса, ондағы сапасы әр түрлі дыбыстар белгілі мөлшерден аспайды », – дейді ғалым. Сондай-ақ ғалым фонологиялық бірліктің
ерекшелігін дұрыс түсініп, оның тоналды тілдерінде тонема (ән)
атқаратынын айтады: «
Ән Қытайда фонема орнына жүреді.