А Автономия (грекше өзі-өзібасқару) – 1. мемлекеттің белгілі бір аймағындағы кең ішкі басқару; 2. біртұтас Конституция негізетін басқарылатын мемлекеттің ажырамас бөлігі.
Авторитаризм (латынша–билік) – демократиялық принциптерді жойып, жеке (авторитарлық) тұлғаның шексіз билігін орнататын саями билік жүйесі, ол қоғам өмірінің барлық жақтарын өзіне бағындырады. Авторитаризм тоталитаризмге әкеледі, ол террорлық режимге, барлығын қамтитын орталықтандыруға, сөзсіз бағынуға сүйенеді, оған күш қолдану және қоғамдық көзқарасты идеологиялық өңдеу арқылы қол жеткізілді.
Автохтон (грекше тұрғылықты, тұрақты; қарама-қарсы – аллохтон) – сол жерде пайда болған мәдениеттер.
Автохтондық түр (грекше – жер) – қазіргі заманғы кен орнында пайда болған жер; автохтондық құрым сатыланған құрылымдар бөлігі; олар тектоникалық бұзылу жерінде қалады.
Аграрлық мәселе (латынша-agrarius) – 1. жер игеруге, жерді пайдалануға байланысты; 2. ауылшаруашылық өндірістің өнеркәсіптен асып түсуімен ерекшеленеді.
Агрессия – мемлекет дербестігін, оның тәуелсіздігін территориялық тұтастығын әскери жағынан бұзу.
Абсолюттік монархия (Абсолютизм) – мемлекеттегі саяси билік билеушінің қолында шоғырланған мемлекеттік басқару формасы (король, патша, шах, әмір, император т.б.) Конституциялық, шектеулі монархиядан биліктің жоғарғы деңгейде орталықтандырылғанымен ерекшеленуі.
Автаркия – елдің немесе аймақтың оқшау шаруашылық құру мақсатында экономикалық изоляция саясаты.
Автократия – мемлекет басшысы шексіз билікке ие болған билік тәсілі.
Адам құқығы - өз қалауымен кез-келген іс-әрекеттер жасау мүмкіндігі. Адамның негізгі құқықтары туғаннан сақталады.
Азаматтылық – адамның мемлекеттің саяси жүйесіне қатыстығын анықтайтын саяси статусы.
Азаматтық қоғам – әлеуметтік, мәдени, діни және ғылыми құндылықтарды қолдау үшін арналған мемлекеттік емес институттардың және байланыстардың жүйесі. Оның құрамына әртүрлі бірлестіктер кіреді (саяси партиялар, қозғалыстар, кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар, шіркеу, отбасы және т.б.)
Азамат соғысы – мемлекет ішіндегі халықтың әлеуметтік күресінің ең өткір формасы, күресуші қарсы негізгі мәселелерін шешу және билік үшін ішкі күштердің (азамматтар соғысы) күресі.