Елтаңба – мемлекет, қала, рудың тарихи қалыптасқан эмблемасы.
Ереуіл – еңбек қақтығыстарын шешудің бір жолы, онда жұмысшылар мен қызметкерлер ұжымы өздері берген экономикалық және саяси талаптар қанағаттандырылғанға дейін өз жұмыстарын тоқтатады. Ресейдегі алғашқы ереуілдер XIXғ. 70ж. бастап белгілі болды.
Ескерткіш – 1) адамзаттың мәдени құндылықтарының (тарихи, археологиялық, жазба және т.б.) бір бөлігін құрайтын объект; 2) белгілі бір атақты тұлғаға немесе оқиғаның құрметіне жасалған өнер туындысы.
Ж Жайлау – жазғы жайылым, көшпенділердің тұрағы.
Жазалау шаралары – жазалау түрлері.
Жазу мәдениеті – ерте кездің маңызды жаңалығы. Жаздың пайда болуы адамзат дамуын жеделдетті.
Жаңа экономикалық саясат – 1921ж.наурызда РКП(б)-ның Х-сьезінде кеңес басшылары енгізген, «әскери крмунизм» саясатына қарсы халық наразылығын басуға бағытталған.
Жастық ценз – белгілі бір жасқа жету.сонымен бірге жеке елдерде расалық, ұлттық т.б ценздер бар.
Жүздер – қазақ халқына және жалпы қазақ территориясын мекендеген ірі тайпалардың немесе одақтардың теритториялық бірлестігі.
Жебе мен садақ – тас ғасыры кезінде адам қаруының ерекше түрі.Псоңғы дәуірінде пайда болды.Мезолит кезінде барлық жер шарына таралып,алғашқықауым адамдарының шапшаң және жетілген қаруына айналды.
Жеке басқа табыну – бар жақсы істерді бір билеушінің басына шоғырландыру.Мұның айқынмысалы – И.В сталин заманы.
Жер иелену – белгілі бір негізде – жеке меншік, жалға беру және т.б жерді иелену.
Жер өңдеу – азық-түлік алу мақсатында жерді өңдеу.Ертеде жер өңдеудің
маңызы мал шаруашылығымен салыстырғанда төмен болды.
Жерді национализациялау – жеке меншік жердің мемлекет меншігіне өтуі,ол толық немесе жартылай сатып алу немасе қайтарымсыз экспроприяция арқылы жүзеге асырылады.
Жиырма бесмыңдықтар – КСРО – дағы партия мүшелері мен комсомолдар қатарындағы жұмысшылар,олар БКП (б) – ның қараша (1929ж). Пленумының шешімімен 1930ж. басында ұжымдастыруды және тәркілеуді жүргізу үшін ауылдарға жіберілеген. Барлығы 27мың адам.