Макроэкономикалық көрсеткіштер



бет5/5
Дата29.12.2021
өлшемі25,02 Kb.
#106321
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Макроэкономикалық көрсеткіштер
Лекция-1665139827205-1, Биология, glazkova-a
Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі: ТҰӨ = ЖҰӨ - А, Мұнда А– амортизациялық жарнаның сомасы.ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.

ҰТ = ТҰӨ - ж.с.

Мұнда: ж.с. – жанама салықтар.

Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.

ЖТ = ҰТ – С+Т

мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;

Т - трансферттік төлемдер.



Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалықәдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік Жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық – қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады

Инфляция – бағалардың жалпы  өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға  баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі  инфляцияны  қалыптастармайды. Инфляция – бұл рыноктардың  көбінде  сұранымның артуынан  қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда  болған елдегі баға  деңгейінің жалпы өсуі.

Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратынын анықтап алу қажет.



Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды  сатып алу қабілеті, күшті  валютамен  салыстырғанда  құнсызданады. Инфляцияны былай  түсіндіру,  яғни  ақшаның  алтынға  қатысты  құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның  өсуі – тауарға  сұраныстың  оның ұсынысынан артық болуымен  байланысты. Белгілі  тауар нарығында сұраныс пен  ұсыныстың сәйкестігінің  бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция – елдегі  баға  деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық  жағдайлар да  әсер етеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет