Материалдары



Pdf көрінісі
бет21/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 327 (045) 
 
ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ 
 
Абила Л. 
Ш.Есенов атындағы КМТжИУ 
Ғылыми жетекші: Бағдатұлы М. 
Аңдатпа
. Қазіргі таңда көркем шығармалар мен әдеби туындыларды оқуға 
құлшыныс танытатын оқырмандар саны жастар арасында азайып бара жатқаны белгілі. 
Әйтсе де,қазақ топырағынан жаралған ұлы ғұламалар Әл-Фараби мен Абай 
шығармаларын ынталана оқып,идеясын дұрыс түсініп, оларды салыстыра біліп, одан 
жақсы әсер алып,өз өмірінде пайдаланып жүргендер де бар. Ұлы ғұламалар 
шығармаларына қызығып оқитын жастардың бар екеніне көз жеткізу бүгінгі күннің 
талабы. Соның нәтижесінде осы мақаланың мазмұны «Әл-Фараби және Абай 
шығармаларының сабақтастығы» жайында болып отыр.Әл-Фарабидің трактаттарын, 
Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін көп оқып,ізденіп. салыстыра зерттеуге тырыстық. 
Соның нәтижесінде олардың тәрбиелік мәні мен мағынасын ашып көрсете білдік. Ұлы 
ғұламалардың шығармаларын түсіне зерттеп, олардың ой-пікірлерін біліп, сол арқылы 
жастарға берер тағылымы мен тәрбиесін анықтадық. Ғұламалар шығармаларындағы 
сабақтастықты дәлелдеп, талдау үшін, еңбектеріне сараптама жасап, жастардың 
санасына ұялайтындай мысалдар талданды. 
Түйінді сөздер:
Әл-Фараби, Абай, қоғам, философия, сабақтастық. 
Сөз жоқ, Әл-Фараби де Абай да заманының озық ойлы, оқымыстылары болған. 
Олар өз халқының тағдырын бірінші орынға қойып, елін, жұртын оқуға, білім – 
ғылымға, адамзат өркениетінің жетістіктеріне иек артуға шақырды және де осыны өз 
өмірлерінің ең өзекті мұратына айналдырды. 
Әл – Фарабидің ғылыми – философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау 
барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз.
Ол – шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған 
ағартушы – оқымысты. 
Жас ұрпақтың сана – сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін 
жүйелеп, дәйектеп алу шарт: 
1.Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы; 
2. Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы; 
3. Сабақ процесінің алатын орны. 
Ал Абайдың пікірінше, «адам болу үшін оның бойынан үш түрлі фактор 
табылуы тиіс. Біріншіден, баланың шыққан тегі жақсы болуы керек, екіншіден, оның 
әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, үшіншіден, балаға 
адамгершілік тұрғысында тәрбие берілуі қажет». 
Әл-Фараби де, Абай да – ең әуелі ұстаз, ағартушылар, олардың бүкіл 
философиялық ізденістері мен пайымдаулары адамды барынша кемелдендіру, дамыту 
мақсатына арналған. Әл-Фараби адамдарды шынайы бақытқа жеткізу жолдарын 
табуды мұрат тұтса, Абай толық кемел адам тәрбиелеп шығару мақсатын көздеген. 


72 
Абай мен Әл-Фарабидің педагогикалық жүйелерінде тәрбие мен тәлім, білім 
мәселелері бірін-бірі толықтырушы, ажырамас, диалектикалық бірлікте және олар 
адамзат қауымдастығымен қабыстырыла қарастырылады. Әл - Фарабидің айтуы 
бойынша, адам ғылым, философия, тәрбие арқылы кемелдікке жетеді. Ол шартты түрде 
адамды нағыз бақытқа, мұратқа бастайтын негізі құрал ретінде мінез-құлық, мораль 
және ақыл-ой, интеллектуалды тәрбие мәселелеріне шешуші мән береді. « Біз жақсы 
мінез – құлық пен ақыл-парасатқа ие болған кезде, олардың арқасында бақытқа 
жетеміз... Бұл екеуі бар кезде біздің өзіміз және іс-әрекеттеріміз үстем де кемел 
болады, осылардың арқасында біз шын мәнінде қастерлі, қайырымды, инабатты 
боламыз», – дейді ұлы ұстаз. 
Ал ұлы Абай атамыз өзінің біршама өлеңдері мен отыз сегізінші сөзінде 
ұстаздарға ғылым негізін жоспарлы және жүйелі түрде жүргізуге, бала түсінігіне 
ұғымды, қызықты, тартымды етіп оқытуға, білімді өмір талабымен ұштастыра білуге 
кеңес берген: 
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға. 
Ұстаздық еткен жалықпас 
Үйретуден балаға... 
«...Ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен, 
яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала 
ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады...» 
Ия, бала тек мектепте ғана оқып қоя салмай ары қарай білім қуып, зиялылар 
қатарына қосылуы баланың ата-анасына тікелей қатысты іс. 
Осы орайды Абай атамыздың мына сөздері еріксіз еске түседі. «Балаларды 
оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқыса 
болады. Асап - ішімге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына да әртүрлі 
пәлеге,ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп 
болатұғын нәрсе. Мал тапса, қарын тояды. Онан соң, білім түгіл өнер керек екен. Соны 
үйренейін не балама үйретейін деп ойнына жақсы түседі.Орысша оқу керек,хикмет те, 
мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ 
болуға тілін,оқуын,ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, 
мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Орыстың ғылымы, өнері 
– дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі. Ләкин осы күнде ғылымның 
баласына үйреткен этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға 
мүмкіндік беретін ғылым деп қарады.
Еріншек,бекер мал шашпақ, 
Бес дұшпаның білсеңіз. 
Талап, еңбек , терең ой, 
Қанағат, рақым ойлап қой- 
Бес асыл іс көңсеңіз..., – 
деп жастарды бес нәрседен – өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, 
еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске – талап етуге, 
еңбекті сүюге, терең ойлай білуге , қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық 
жасауға шақырды. 
Әл-Фараби мен Абайдың философиялық дүниетанымы «толық адам», 
«кемелденген адам», «жан туралы» ішкі жан сырларының түйісуінде орын алады. 
Әл-Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын 
шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда,алдымен екі 
ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін 
танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет. 
Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» 
немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі 


73 
мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. 
Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние 
философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, 
қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін 
танымақтық» жайлы күрделі ой – санасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, 
соңғы дәуірде Абай терең барлап барған. Мәселен, Әл-Фараби: «Қайырымды қала 
тұрғындарын алатын болсақ, ата-бабаларының көзқарастарына сәйкес олардың 
бойында қалыптасқан рухани жағдай олардың жандарын материядан азат етеді. Ал 
оларға жаман әдеттен ауысқан оңбаған рухани жағдай алғашқы жағдаймен ұштаса 
келіп, осы алғашқы жағдайды дүрліктіреді, оған қарсы тұрады, сөйтіп соңғылардың 
алғашқыларға қарсылық көрсетуі салдарынан жан аса бір ауыр азапқа ұшырайды. 
Алғашқы қасиеттер соңғыларға қарсылық көрсетеді де, жан бұған тағы да аса ауыр азап 
шегеді, сөйтіп осының нәтижесінде жан бірден екі түрлі азап шегетін болып шығады. 
Надан қала тұрғындарының іс-әрекеті нәтижесінде қалыптасқан осындай рухани 
жағдайлар жанның парасатты бөлігін шынында да ауыр азапқа салады; бірақ жанның 
парасатты бөлігі сезім жеткізген деректермен айналысатын болғандықтан бұл азапта 
байқамайды. Ал сезімнен босаған кезінде парасатты бөлік өзін осы жағдайға душар 
ететін азапты байқайды, сонда ол жанды сырттан келіп жататын сезімдер мен барлық 
заттан босатып, материядан азат етеді 
Әдетте, әлденеге налыған адам өзіне сезім арқылы келетін нәрселермен
айналысқанда өз қайғысынан қасірет шекпейді және мұны байқамайды да, ол сезімнен 
босанып, өз қайғысына қайта шомғанша осылай болады; әдетте ауру адам, 
әлденендей бір заттармен айналысқанда, өзі науқастың азабын аз шегеді, не өзін 
алаңдататын заттардан босанып, қайтадан қинала бастағанға дейін бұл азапты
байқамайды, – сол сияқты жанның парасатты бөлігі де, өзіне сезімнен келетін 
нәрселермен айналысқанда, нашар халде кездесетін азапты байқамайды, сөйтіп ол 
сезімнен толық арылып, бұл азапты сезетін кезге дейін, оған мұның қасіреті білінгенге 
дейін осылай бола береді. Міне, сонда жанның осынау бөлігі мәңгі бақи ауыр азап 
шегумен болады. Егер бұл азапқа осы қалада белгілі сатыда тұрған адам ұшырайтын 
болса, тұрғындардың әрқайсысының тартатын азабы өз серігінің азабымен бірге арта 
түспек, ал жан біткеннің біріне – бірі ілесе жүріп, қосылып отыруы шексіз 
болғандықтан, бұлардың ғасырлар бойы тартатын азабы да шексіз; бақытқа қарама – 
қарсы бақытсыздықтың мәні міне осында», – дейді. 
Абайдың айтуы бойынша, жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-
тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда 
адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана 
қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының 
бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, 
жетілудің негізі – жанды, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын
тазарту деген сөз. 
Жан қуаты жөнінде Фараби қолданған философиялық тұжырым:
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек, 
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. 
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық – 
Бұл – қайраттан шығады, білсең керек 
Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың елден бөлек. 
Жеке-жеке біреуі жарытпайды, 
Жолда жоқ жарыместі «жақсы» демек. 
Біреуінің күні жоқ біреуісіз, 
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек», – деген өлең жолдарында 
ғылымның әлеуметтік орнын адамдардың жақсы қасиеттерімен байланыстыра қарады.


74 
Абайдың дүниетанымындағы ерекше назар аударар нәрсе ақынның Фараби 
түзген ғылымды классификациялау принципі мен таныс болуы. Ақынның Фараби 
жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жөніндеде нақтылы дерек жоқ. 
Дегенмен де, Абай шығармаларында ғылымды жүйелеу жөніндегі пікірін белгілі бір 
дәрежеде нақтылы деректермен білдіреді. Мәселен, Қырық бірінші сөзінде, Қазаққа 
ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек. 
Әуелі – бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, 
жас балаларын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін ол жоқ, бірін бұл 
жолға салу керек, дүниеде қоп есепсіз ғылымның жолдары бар, әрбір жолда 
үйретушілерге беріп сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, 
мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хәтта қыздарды да ең болмаса мұсылман 
ғылымына жіберсе, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл 
аталары қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар еді. 
Екінші – ол адам есепсіз бай боларға керек. Аталарын паралап, балаларын алып, 
бастапқы айтқандай жолға салып, тағлым берсе, сонда түзелер еді. 
Енді мұндай халықты еріксіз қорқытып көндірерлік күш-қуат ешкімге бітпейді. 
Ол баланы қазақтың бәрін паралап көндірерлік дәулет бір кісіге бітуге мүмкін де емес. 
Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылменен не жырлап, не сырлап 
айтқанменен ешнәрсеге көндіру мүмкін де емес. Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан 
мирас алған, ананың сүтіменен біткен надандық әлдеқашан адамшылықтан кетірген. 
Өздерінің ырбаңы бар ма, пыш-пышы бар ма, гуілдегі бар ма, дүрілдегі бар ма? 
Сонысынан дүниеде ең бір қызықты нәрсе бар деп ойламайды, ойласа да бұрыла 
алмайды, егер сөз айтсаң, түгел тындап тұра алмайды, не көңілі, не көзі алаңдап 
отырады. Енді не қылдық, не болдық!" – деп, ғылым салаларының молдығын, нақтылы 
атауларын жеке-жеке атап өтеді.
Қорыта айтқанда, қазақ ұлтының пешенесіне еншілеген Тәңір сыйлаған екі ұлы
дана – бабасы бар. Бірі әл – Фараби, екіншісі – Абай. 
Әл-Фараби сынды ұлы бабамыздың ғылыми мирастарын туған ел
топырағына оралтып, халық санасына жеткізуші Абай екіндігі даусыз. Ұлы Абайдың 
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, 
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. 
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?, –
демекші, әл – Фараби мен Абай «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», сондай-ақ, 
қазақ топырағында өшпестей із қалдырған қазақтың қос мақтанышы. 
Жүрегімнің түбіне терең бойлы, 
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. 
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, 
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма» 
Ия, мыңмен жалғыз алысқан Абай өз замандастары үшін расында жұмбақ 
болғандай, алайда белгілі абайтанушы, ғалым Мұхтар Әуезовтің «Біз Абайды қазір 
қараңғы жұмбақ ретінде емес, қазақ әдебиетінің шамшырағы ретінде қабылдаймыз» 
деген пікірі Абайдың өр тұлғасын таныта алады. 
Абай өзі сүйе білген, өзін де сүйгізе білген, табиғаты, болмысы бірегей, 
«Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» дегенді дұғадай сан қайталаған. 
Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы 3 сәуірде Мәскеуге ресми сапармен 
барып, ондағы елшіліміз орналасқан Чистопрудный бульварында Абай ескерткішінің 
ашылыуна қатысты. Ресей Президенті В.В.Путин бұл ескерткештің ашылыун Ресей 
мен Қазақстан арасындағы қатынастардың айтылуы оқиғасы деп атап көрсетті. «Біз аса 
көрнекті әдебиетшіге, ақын мен ойшылға есткерткіш ашып отырмыз. Ол екі 
мәдениеттің өзара молығуы туралы айтқан қазақ және орыс халықтарының арасындағы 
рухани ықпалдылықтың қалыптасуына зор үлес қосқан адам», – деп Ресей Президенті 


75 
өз сөзінде атап өтті. Осындай ұлы тұлғаның бейнесі Ресейдің астанасында асқақтауы 
асқан құбылыс емес пе?! Екі елдің рухани ынтымақтығының қайнар күші осы арқылы 
нығая түседі. Біздер Абай өлендерін қайта айналып оқыған сайын, оны жаңа қырынан 
тани түсеміз. Асыл ойдың терең бойлап кеткендей боламыз. 
Ұлы бабаларымыздың ғылым-білім, тәлім-тәрбие, әдептілік белгілері,әділ әкім, 
т.б. туралы еңбектері, өсиет-уағыздары күні бүгінгі дейін өзінің моральдық – этикалық, 
эстетикалық мән-мағынасын жойған жоқ. 
Әл-Фараби мен Абайдың қыры мен сыры көп телегей теңіздей мол 
дүниесін,қазіргі заман тұрғысынан бай мұраларын жан-жақта зерттеп, оны бүкіл ілемге 
таныту бүгінгі және келешек ұрпақтардың абыройлы міндеті деп санаймын. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Машанов А. Әл-Фараби және Абай. Т. 2. – Алматы, Алатау, 2005. 
2. Назарбаев. Н.Ә. Абай туралысөз. – Алматы: Рауан, 1995. 
3. Әл-Фараби. Философиялық трактаттары. – Алматы: Ғылым, 1973. 
4. Фарабитану. Жиырма томдық. Т. 16. – Астана: Аударма, 2006. 
5. Досжан Д. Абайдың рухы. – Астана: Фолиант, 2008. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет