Матрицалар және анықтауыштар Матрицалар Матрица



бет13/80
Дата31.07.2020
өлшемі1,46 Mb.
#75781
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
Байланысты:
аегеом конспект лето20 (1)
Идаятов Аян
Бақылау сұрақтар:

1. Матрицаның рангісінің анықтамасын беріңіз.

2. Кері матрицаның анықтамасын беріңіз.

3. Кері матрица қалай есептелінеді?



4. Сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің әдістерін айтыңыз.

3- дәріс. Векторлар. Скалярлық көбейтінді.
Векторлар

Вектор деп бағытталған кесіндіні айтады, яғни кесіндінің белгілі бір ұзындығы және бағыты болады. Егер А – вектордың басы, ал В –вектордың ұшы болса, онда вектор немесе символымен белгіленеді. векторы векторына қарама-қарсы вектор деп аталады (оның басы В нүктесінде, ал ұшы А нүктесінде орналасқан). векторына қарама-қарсы векторды деп белгілейді. векторының ұзындығы немесе модулі деп кесіндісінің ұзындығын айтады және оны немесе деп белгілейді. Ұзындығы нөлге тең векторды нөлдік вектор деп атайды және ол деп белгіленеді. Нөлдік вектордың бағыты болмайды.

Ұзындығы бірге тең векторды бірлік вектор деп атайды және оны деп белгілейді. Егер бірлік вектордың бағыты векторының бағытымен сәйкес келсе, онда ол векторының орты деп аталады және деп белгіленеді.

Параллель түзулерде немесе бір түзудің бойында жататын векторлар коллинеар векторлар деп аталады және || деп белгіленеді. Коллинеар векторлар бағыттас болуы да, қарама-қарсы бағытта да болуы мүмкін.

Егер екі және векторлары коллинеар болып, бағыттас және ұзындықтары бірдей болса, онда оларды тең векторлар () дейді. Тең векторлар еркін векторлар деп те аталады. Бұл векторлардың басталған нүктесін кеңістіктегі кез келген нүктеге көшіруге болады. Аналитикалық геометрияда еркін (бос) векторлар қарастырылады.

Егер кеңістіктегі үш вектор бір жазықтықта немесе параллель жазықтықтарда жатса, онда олар компланар векторлар деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет