Мазм ұ н ы Кіріспе



бет3/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
мустапаева

Зерттеу мақсаты: талантты және дарынды оқушыларды анықтау;олардың білімін бағалаудың формативті (қалыптастырушылық) және суммативті (жиынтық) жолдарын теориялық тұрғыдан қарастыру, салыстыру.
Зерттеу нысаны: оқушылардың білімін формативті (қалыптастыру-шылық) және суммативті (жиынтық) бағалау процесі.
Зерттеу пәні: оқушылардың білімін формативті (қалыптастырушылық) және суммативті (жиынтық) бағалауда талант пен дарындылықты дамыту жолдарын ұйымдастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқушылардың білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша бағалайтын болса, онда оқушылардың бойында қазіргі заманға сай білімді қалыптастырып, талантты және дарынды оқущыларды анықтап, сындарлы ойлауын дамытуға ықпалын тигізеді.
Зерттеудің міндеттері:

  • Талантты және дарынды балаларды айқындайтын педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге талдау жасау;

  • Формативті және суммативті бағалау түрлеріне анықтама беру;

  • Оқушыларды оқыту барысындағы бағалаудың тиімділігін анықтау

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы, А.М. Матюшкиннің шығармашылық дарындылық тұжырымдамасы, С. Юркевичтің, дарындылықты анықтау еңбектері, С.М. Джакуповтың танымдық іс-әрекет психологиясы.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім тұжырымдамасы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жалпы орта білім тұжырымдамасы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқушылар ісіне қатысты құжаттары, оқушылардың білімін бағалауға қатысты психологтардың, педагогтардың, философтардың еңбектері, озық тәжірибелері.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбына байланысты философиялық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; әлеуметтік-педагогикалық бақылау, мектеп құжаттарын талдау, оқушылардың іс-әрекетін, білімін критериалды бағалау негізінде зерттеу және жинақтап қорытындылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет