Мазмұндама Техника қауіпсіздігі ережелерімен танысу. Еңбекті қорғау және өндіріс гигиена ережелерін сақтау


Тізімдер және тіркелген тізімдер құру компоненттері



бет24/29
Дата25.01.2023
өлшемі299,81 Kb.
#166350
түріМазмұндама
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
1пк
тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыштар, тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыштар, Автоматтандырылған басқару жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігінің қатерлері, Tema-4-Arhitektura-EVM, osn mpt uch p, Вариант №1, Технологии, Техника қауіпсіздігі ережелерімен танысу, Алгоритм практика Азиза 2пвт (1), желі практика Азиза, 2пк, 8, «Операциялы ж йелер» п нінен о у- дістемелік кешен 5B060200 – «, «Операциялы ж йелер» п нінен о у- дістемелік кешен 5B060200 – «
Тізімдер және тіркелген тізімдер құру компоненттері
Тізіммәтіндік жолдар болып табылатын өзара байланысқан элементтердің реттелген жиынтығын білдіреді.
Қарапайым тізім элементтері орналасатын тіктөрбұрышты облысты білдіреді. Қарапайым тізіммен жұмыс жасау үшін ListBoxкомпоненті қызмет етеді. Тізімнің көрінетітн облысынан жолдардың саны асып кететін болса, онда жылжыту жолағы пайда болады. Жылжыту жолағының бағыты, сонымен қатар бағандарының саны Integer типті Colums қасиетіне тәуелді. Компонентті орнатқанда бұл қасиеттің мәні автоматты түрде нөлге тең болады. Егерде Colums қасиетінің мәні бірден үлкен немесе тең болса, онда тізім облысында әруақытта горизонтальды жылжыту жолағы бар болады. Мысалы: екі жылжыту жолағы бар ListBox тізімін қарастырайық.
Procedure TForm1. Form Create (Sender: Tobject);
Begin
ListBox1. Columns: = 0
SendMessage (List Box1. Handle, LB_SetHorizontalЕxtent, 1000, 0);
End;
Қарапайым тізімнің стилін TListBoxStyle типті Style қасиеті орнатады. Бұл қасиет келесі мәндердің бірін қабылдауы мүмкін:
• lbStandard – cтандартты стиль;
• lbOwnerDrawFixed – ItemHeight қасиетімен анықталатын шектелген биіктіктегі элементтерден тұратын тізім;
• lbOwnerDrawVariable – әр түрлі биіктіктегі элементтері бар тізім.
Қарапайым тізім жиектен тұруы мүмкін немесе жиек болмауы мүмкін. Жиектің бар немесе жоқ болуын TBorderStyle типтіBorderStyle қасиеті анықтайды және ол келесі мәндердің бірін қабылдайды:
• bsName –жиек жоқ;
• bsSingle – жиек бар.
Одан басқа келесі негізгі қасиеттерге ие:
ҚАСИЕТ
ҚАСИЕТТІҢ СИПАТТАМАСЫ
Columns
Бағандар саны
TopIndex
Элементтің номерін басқару
Style
Қарапайым тізімнің стилін орнатады
BorderStyle
Қарапайым тізімде жиектің бар не жоқ болуы
Items
Жолдар массивін білдіреді және тізім элементтерінің саны мен қасиеттерін анықтайды
Count
Тізімдегі элементтер санын анықтайды
Sorted
Тізім элементтерін іріктеу (сорттау)
Selected
Таңдалынған жолдардың номерін анықтау
MultiSelect
Бірнеше жолды таңдап алу мүмкіндігін басқаратын қасиет
ItemIndex
Тізімнің жеке жолдарын тышқан және пернетақта көмегімен таңдап алу қасиеті
ExtendedSelect
Бірнеше элементті таңдау әдісін басқаратын қасиет
Қарапайым тізімнің әдістері төмендегідей:
ӘДІС
ӘДІСТІҢ СИПАТТАМАСЫ
ЖАЗЫЛУ ФОРМАТЫ
Add
Бұл әдістің көмегімен тізімге жолдар қосуға болады
Add (const S:String) :integer
Insert
Index параметрімен анықталатын, позицияға номерлі жолдар қосуға болады.
Insert (Index:integer, const S:String), мысалы: ListBox1.Items.Insert(4,'613 топ');
Delete
Тізімнің элементтерін өшіру әдісі
Delete(Index:Integer)
Clear
Тізімнің барлық элементтерін өшіру
Assign
Бір обьектіні екінші обьектіге меншіктейді
Assign(Source:TRersistent)
Equals
Екі тізімде бірдей мәтіндік ақпараты бар жолдың бар не жоқ екенін анықтайды
Equals(String:TString):Boolean
Аралас тізім – жөндестіру өрісімен тізімді біріктіреді, яғни пайдаланушы тізімнен қандайда бір мәнді таңдай алады немесе оны тізімнің өрісіне келесі қандай да бір мәнді енгізе алады. Delphi –де аралас тізіммен жұмыс жасау үшін ComboBox компоненті қызмет етеді.
Қарапайым тізімнің аралас тізімнен айырықшылығы:
- аралас тізімде горизонталь жылжыту жолағы болмайды;
- аралас тізімнен бірғана мәнді таңдауға болады.
TСomboBoxStyle типтегі Style қасиеті аралас тізімнің сыртқы түрін анықтайды және Style қасиеті келесі мәндердің бірін қабылдауы мүмкін:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет