Мазмұны кіріспе б. Негізгі бөлім б. ҚОрытынды б. ӘДебиеттер тізімі б. Жобаның өзектілігі



бет5/8
Дата23.12.2021
өлшемі93,13 Kb.
#127914
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
А.Байтұрсынұлы ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ. (3)
А.Байтұрсынұлы ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ. (3), 59 урок Мифы об Атлантиде

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі.



Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады.

Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге бет алушылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады.

Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.

Еңбегінде атап А.Байтұрсынұлы «Өнер» ұғымына анықтама бере келе, өнерді өз ішінде 5-ке бөліп көрсеткен болатын.: «Өнер атаулының ішінде басшысы – сөз өнері, – деп бағамдайды және оның себебін түсіндіреді. – Себебі сөз өнері жансыз нәрсеге жан беріп, тілсіз сезімді де суреттей алады».«Сөз өнері – деп жазады ғалым, — адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге» . Өнер жүйесіндегі  бастапқы үш негіз  құрамды осылай нақтылып алған соң, былайша ой қорытады: «Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау». Мұндай тұжырымдаманы (анағұрлым шектеулі түрде) алдымен әлемді көркемдік  тұрғыдан  түсіну әдісіне жатқызуға болады.

автор шығарма тіліне : тіл қисыны, тіл(лұғат) анықтығы,тіл дәлдігі,тіл әуезділіші сиқты тақырыптарға тоқталып кетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет