Международный гуманитарно-технический



бет24/37
Дата22.06.2023
өлшемі2,73 Mb.
#179096
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Байланысты:
konspekt lektsiya-2021-2022
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Си тілінің операторлары
Меншіктеу операторы V=A; y=5*x+sqrt(7*x+3); Дөңгелек жақша ішіндегі кез келген меншіктеу операторы осы меншіктеу нəтижесі болатын белгілі бір мəні бар өрнек болып табылады. Мысалы: ((S=13+12)<=30) өрнегінің мəні ақиқат болады. Құрылымды операторлар (блоктар). құрылымды операторлар екі немесе одан да көп жүйелі жақшалармен біріккен операторларды береді; оларды тағы да “блоктар” деп атайды. Құрылымды операторлар шартты жəне цикл операторларында болады.
1. While, do-While, For қайталау құрлымдары.
2. Break, continue басқарушы операторлары.
Қайталау құрылымдары программистке қайсібір шарттар ақиқат бола тұрғанша əрекеттердің бірнеше рет орындалуын қалыптастыруға мүмкіндік береді. WHІLE операторының жалпы түрі:
Егер ол ақиқат немесе жалпы түрде нөльге тең емес болса, онда оператор орындалады, Whіle (өрнек) оператор;
Өрнек ретінде шартты өрнектер қолданылады, өрнек кез келген тип.
Оператор қарапайым жəне құрылымды болуы мүмкін. Whіle циклі орындалу кезінде өрнек мəні есептелінеді сосын өрнек тағы да есептелінеді. Егер өрнек жалған немесе жалпы жағдайда нөльге тең болса, онда цикл аяқталады.
Мысал 1: main() { int k1 =1; while (k1<=20) {
printf (“ % 10d % 10d ”, k1, k1*k1); k1++;
} }
Мысал 2: main() { int k1 =1; while (k1++<=20)
printf (“ % 10d % 10d\n “, k1, k1*k1); }
For операторының жалпы түрі:
For(өрнек1; өрнек2; өрнек3) оператор;
Мұндағы, өрнек1 - əдетте айнымалының бастапқы мəнін береді; өрнек2 - циклдің жалғасу шарты; өрнек3 - əдетте əр цикл орындалу кезіндегі цикл айнымалысының қандай да бір өзгерісін береді (арттыру).
Өрнек1 қандай да бір цикл операторыны орындалмай тұрып, бір рет орындалады. Егер өрнек2 мəні ақиқат болса (немесе нөльге тең емес болса), цикл денесі бір рет орындалады да, өрнек3 есептелінеді, сосын өрнек2 мəні тағы да анықталады. For операторы - бұл алғашқы шартты цикл: цикл денесін орындау керек немесе керек емес екенін бастапқыда анықтайды. Оператор қарапайым жəне құрылымды болуы мүмкін.
Бір немесе бірнеше өрнектерді тастап кетуге болады, бірақ бұл кезде “үтір-нүкте” символын ұмытпау керек. Цикл денесіне соңында əйтеуір цикл жұмысын аяқтауға келтіретін бірнеше операторларды қосу қажет.
Си тілінде бірнеше меншіктеу операторлары бар, бұл меншіктеу операциялары өрнекті жазудағы қысқартуды береді. Сол сияқты кез келген түрдегі <айнымалы>=<айнымалы><операция><өрнек> өрнекті мына түрге ауыстыруға болады:
<айнымалы><операция>=<өрнек>;
Төменде осы сияқты өрнектердің мысалдары жəне оларды қысқарту тəсілдері келтірілген:
A=A+B A+=B-ға дейін қысқартылады;
A=A-B A-=B-ға дейін қысқартылады;
A=A*B A*=B-ға дейін қысқартылады;
A=A/B A/=B-ға дейін қысқартылады;
A=A%B A%=B-ға дейін қысқартылады.
Келтірілген операциялардың жазылу түрі компактілеу, жəне трансляциялау кезінде ыңғайлы машиналық код алуға мүмкіндік береді. Бұл меншіктеу операциялары көбінесе for циклінің спецификациясының өрнегінде қолданылады. Қосымша меншіктеу операцияларын қарастырғаннан кейін екі соңғы мысалдағы өрнек3-ті былай жазуға болады: n+=10 жəне d*=1.5. “үтір” операциясы. “үтір” операциясы құрылымды өрнектерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Үтірменен ажыратылған өрнек “үтір” операциясын қолданған кезде солдан оңға қарай есептелінеді. “үтір” операциясы for циклінің қолдануын жеңілдетеді. For операторындағы құрылымды өрнекті қолдану мысалын қарастырайық:
Maіn()
{ іnt x, y;
for(x=1, y=9; x<=10; x++, y--)
prіntf(“%2d, %2d\n”, x, y); }
Бұл for цикліндегі бірінші жəне үшінші өрнектер - х жəне у айнымалыларын инициалдаудан жəне өзгертуден тұратын екі өрнек.
do whіle операторының жалпы түрі:
Do
опеаратор;
Whіle (өрнек);
Оператор қарапайым жəне құрылымды болуы мүмкін. Do whіle циклінің денесі əрқашанда ең болмағанда бір рет орындалады, өйткені тексеру оператордың жұмысы біткеннен кейін болады. Do whіle тексерілетін шарт жалған немесе нөльге тең болғанға дейін орындалады. Басқару операторлары (break, contіnue, goto) Break операторы. Цикл бітпей тұрып одан шығу үшін break операторы қолданылады. Егер оператор қандай да бір ішкі циклдың ішінде жазылса, онда ол өзі тұрған циклдан ғана шығады. Contіnue операторы. Кей кезде циклдан шықпай, операторлар тізбегін орындауды жалғастырып, оны жаңадан қайтадан бастау керек болады. Бұл жағдайда contіnue операторын қолданса болады. Ол whіle, for, do whіle циклдерінің келесі итерациясының басын шақырады.
Whіle жəне do whіle циклдерінде ол бірден тексеру бөлімін орындайды, ал for циклінде басқару қайта инициалдау кезеңіне беріледі.
Goto операторы. Си тілінде goto операторы басқа тілдергі қарағанда сирек қолданылады. Оның форматы: goto белгі; мұндағы белгі - кез келген идентификатор. Goto операторын қате табылған кезде ішкі циклдар жиынынан шығу үшін қолдануға болады, мысалы бірден екі циклдан шығу. Break операторын қолдануға болмайды, өйткені ол тек ішкі циклдан шығуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет