Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы


-параграф. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру



бет9/13
Дата06.05.2020
өлшемі251,16 Kb.
#66133
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Әділет. Программа Дошк и воспит. v1600014235.12-08-2016.kaz

12-параграф. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

      247. Мақсаты қарапайым логикалық-математикалық түсініктерді қалыптастыру және интеллектуалды-шығармашылық қабілеттерді дамыту болып табылады.

      248. Міндеттері:

      ақиқатты танудың математикалық тәсілдерін таныстыру: санау, өлшеу, қарапайым есептеу;

      тапсырманы стандартты емес жолмен шешуге деген ұмтылысын, тапқырлығын, зеректігін, ұғымталдығын дамыту;

      ойлау әрекетінің тәсілдерімен таныстыру.

      249. "Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Бөлім

Бөлімше

1.Кеңістікте бағдарлау

1.1Заттардың кеңістікте орналасуы

2.Сан және санау

2.1 Заттарды санау

2.2 Жиын және логика элементтері

2.3 Тізбектер

2.4 Шамалар

3.Геометриялық фигуралар

3.1 Фигуралар мен денелер

3.2 Фигуралардың өзара орналасуы

4.Математикалық модельдеу

4.1 Математикалық тіл және математикалық модель

      2. Оқу мақсаттарының жүйесі

      1-бөлім. Кеңістікте бағдарлау



Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Заттардың кеңістікте орналасуы

0.1.1.1 қағаз бетінде кеңістікті бағдарлай алу арқылы карточкалардағы геометриялық фигуралардың орналасуын сипаттау

0.1.1.2 кеңістікте бағдарлану: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында

0.1.1.3 заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырып, көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табу, оларды өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастыру

      1.1.Заттардың кеңістікте орналасуы. Заттардың қағаз парақта, үстелде, едендегі орнын белгілейтін сөздерді мағынасы бойынша дұрыс қолданады. Қозғалыс бағыттарын, заттардың арасындағы кеңістік бағыттарын еркін бағдарлайды, жазықтықты бағдарлайды. Қарама-қайшы жұп ұғымдарды: "солға - оңға", "алға - артқа" анықтай алады. Көрсетілген бағытта қозғалады.

      Заттарды өсу және кему ретімен: көлемі, ені, биіктігі, жуандығы, ұзындығы бойынша орналастырады. Заттардың көлемін, тапсырмалардың дұрыс орындалуын көзбен анықтайды беттестіру, тұстастыру тәсілдеріне ие және оларға сипаттама береді, салыстырады, жалпылайды және талдайды.

      2-бөлім. Сан және санау

Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Заттарды санау

0.2.1.1 10 көлеміндегі санды тура және кері санау

0.2.1.2 заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау

0.2.1.3 топтардағы заттарды алып тастап немесе қоса отырып, санын салыстыру /теңдік пен теңсіздікті анықтау, топтарды салыстыру және санау негізінде сандық мәнін жалпылау

0.2.1.4 кез келген санды бір санға арттырса одан кейінгі сан шығатынын түсіну

0.2.1.5 кез келген саннан бір санды кемітсе одан бұрынғы (алдындағы) сан шығатынын түсіну

2.2 Жиын және логика элементтері

0.2.2.1 заттарды белгілі бір қасиеті бойынша жиынға біріктіру

0.2.2.2 жиын элементтерін атау

2.3 Тізбектер

0.2.3.1 түрлі жағдаяттардың/ фигуралардың /уақыттың (күн, апта, ай, жыл) тізбегін орнатып, жалғастыру

0.2.3.2 1-ден 10-ға дейінгі сандар тізбегінде қалып қойған санды атау

0.2.3.3 заңдылықты талдап, бұзылысты мұғалімнің көмегімен табу

0.2.3.4 уақыт туралы түсінікті білу: бүгін, кеше, ертең, бүрсүгіні; тәулік бөліктері

2.4 Шамалар

0.2.4.2 аптадағы күндер мен жыл айларының санын білу

0.2.4.3 шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығы/салмағы бойынша салыстыру

      2.1 Заттарды санау. 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды. Сөйлегенде математикалық терминдерді қолданады. Натурал қатардағы сандар арасындағы қатынасты: "дейін", "кейін" ұғымын түсінеді. Теңдік туралы түсінігі бар, топтардағы әртүрлі заттардың санының тең екендігін анықтайды, топтарды салыстыру және санау негізінде сандық мағынаны дұрыс жалпылайды, сандарды қосады және азайтады (біреуден, екеуден санау тәсілдері). Көрнекілік негізінде заттар тобын, сандарды салыстырады (егер бір заттар аз, басқалары көп болса) және т.б.

      Сан заттардың көлеміне, олардың арасындағы ара қашықтыққа, кеңістікте орналасуына және санау бағытына (солдан оңға немесе оңнан солға) тәуелді еместігін біледі.

      2.2 Жиын және логика элементтері. Жиын әртүрлі белгілерден құрылуы мүмкін екендігін біледі: пішіні, көлемі, құрылымы, кеңістікте орналасуы, түсі бойынша анықтайды, тән бөліктерін көрсетеді.

      2.3 Тізбектер. Уақыт ұғымдарын: бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тәулік бөліктері; жыл айлары, апта күндерінің ретін, уақыт эталондары туралы біледі. Мезгілдік қатынас орната біледі, өтіп жатқан оқиғалардың бірізділігін, олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды сезінеді. 1-ден 20-ға дейінгі сандар тізбегінде қалып қойған санды атайды.

      2.4 Шамалар. Шартты өлшемдер арқылы заттың ұзындығын, енін, биіктігін өлшейді және салыстыра біледі, шартты өлшемдер арқылы затты ұзындығы мен салмағы бойынша салыстырады. Дүкендерде қолданылатын таразы туралы түсінікке ие. Шамаларды жеке салыстырмайды, заттардың басқа қасиеттерін қарастыру жүйесінде (олардың қолданылуы, бөліктері) салыстырады.

      3-бөлім. Геометриялық фигуралар



Бөлімше

Оқу мақсаттары

3.1 Фигуралар мен денелер

0.3.1.1 геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) дұрыс атап, ажырату

0.3.1.2 фигураларды қасиеттері (2 қасиеті) бойынша топтастыру (шаршы, тікбұрыш)

0.3.1.3 затты бірнеше тең бөліктерге бөлу, бүтін мен бөліктерді салыстыру

3.2 Фигуралардың өзара орналасуы

0.3.2.1 үлгі бойынша геометриялық фигураларды құрастыру

0.3.2.2 бірнеше белгілерге бағдарлана отырып, үлгі бойынша нысандарды іріктей алу

      3.1 Фигуралар мен денелер. Геометриялық фигуралар мен денелерді ажыратып, дұрыс атай біледі және қайта құрастырады.

      3.2 Фигуралардың өзара орналасуы. Геометриялық фигуралар мен денелерді ажыратып, атайды және модельдейді. Бірнеше үшбұрыштардан бір көпбұрыш, бірнеше кіші шаршылардан – бір үлкен тіктөртбұрыш, дөңгелектің бөліктерінен дөңгелекті, төрт кесіндіден төртбұрыш, екі қысқа кесіндіден бір ұзын және т.б. құрастырады, фигураларды ауызша суреттеу және көрсету бойынша құрастырады.

      4-бөлім. Математикалық модельдеу

Бөлімше

Оқу мақсаттары

4.1 Математикалық тіл және математикалық модель

0.4.1.1 "+" таңбасын заттар санын біріктіретін белгі ретінде және "-" таңбасын заттар санын азайту белгісі ретінде түсініп, қолдану

0.4.1.2 таңбаларды танып білу ( =, >, <)

0.4.1.3 көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу

      1.1 Математикалық тіл және математикалық модель. "+","-", ">", "<" таңбаларын санды біріктіретін және азайтатын белгілер ретінде қолданады. Тасырмалардағы логикалық жаттығуларды, жұмбақтарды орындайды.

13-параграф. Құрастыру

      250. Мақсаты: құрастыру дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қиял мен логикалық ойлауды дамыту.

      251. Міндеттері:

      балалардың құрастырудың түрлі өнімдеріне деген қызығушылықтарын қалыптастыру,

      қарапайым конструктивтік шешімдер таба алу, командада жұмыс жасау біліктерін дамыту,

      балаларды еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.

      252. "Құрастыру" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.



Бөлім

Бөлімше

1. Материалдар және қауіпсіздік

1.1Материалдарды зерделеу

1.2 Қауіпсіздік және еңбек мәдениеті

2. Жасау және дайындау

2.1 Құрастыру техникалары мен тәсілдері

2.2 Жұмыс кезеңдерін жоспарлау

3. Шығармашылық және презентация

3.1 Шығармашылық

3.2 Презентация және жұмысты бағалау

      Оқу мақсаттарының жүйесі

      1-Бөлім. Материалдар және қауіпсіздік

      Конструктор әр балаға беріледі.

Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Материалдарды зерделеу

0.1.1.1 табиғи және жасанды материалдарды ажырату

0.1.1.2 табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерін атау

0.1.1.3 заттарды ортақ белгілері бойынша топтау, геометриялық фигураларды сипаттау және салыстыру

0.1.1.4 заттардың қолданылу аясы мен құрылуы арасындағы байланысты орнату

1.2 Қауіпсіздік және еңбек мәдениеті

0.1.2.1 материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау

0.1.2.2 еңбек пен шығармашылыққа арналған құралдарды дұрыс қолдану, үшкір және өткір заттар

0.1.2.3 жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру

0.1.2.4 жобаны командада жасау, команда үшін маңызы мен өз орнын білу

      1.1. Материалдарды зерделеу. Құрылыс материалдарын қолданып, құрастыру әрекетіне қатысады. Табиғи және жасанды материалдардың қасиетін атайды: қағаз (тығыз, жазу, жылтыр, жартылай ватман, жұқа картон) табиғи (бүршік, жаңғақ, бұтақ, тұқым, шөп) және қалдық материалдар (жұмыртқаның қорабы, сырты, тығындар, сүттің, айранның сыртындағы қабы, пластик бөтелкелер және т.б.). Қосымша материалдар: қағаз, картон, ермексаз, сым, сіріңке, казеиннен жасалған желім, синтетикалық; құралдар – пышақ, қайшы, біз қолданады.

      1. 2. Қауіпсіздік және еңбек мәдениеті

      Құрастыруға арналған материалдармен және құралдармен жұмыс барысында техника қауіпсіздігі ережелерін орындайды. Құрылыс материалдарын (кубиктерді, "Лего" және т.б.) бөлшектердің әртүріне арналған бөлімшелері бар арнайы шкафтарға жинастырады.

      Еңбекке арналған тікенді және кескіш заттарды қолданудың қауіпсіздік ережесін орындайды. Жұмыс орнында тәртіп сақтайды.

      Суреттерден бөлшектерді табады, бұрандалар мен сомындардың көмегімен бекіте алады; қозғалатын және қозғалмайтын біріктіруі бар құрылыс бөлшектерімен, құралдармен жұмыс істейді.

      2-Бөлім. Жасау және дайындау



Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Құрастыру техникалары мен тәсілдері

0.2.1.1 құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі техникалар мен тәсілдерді қолдану

0.2.1.2 құрылыстың қарапайым сызбаларына бағдарлану

2.2 Жұмыс кезеңдерін жоспарлау

0.2.2.1 жұмыс алгоритіміне сәйкес құрастыру

      2.1. Құрастыру техникалары мен тәсілдері. Моделдейді, құрастырады, құрастыруға тән негізгі бөліктерін бөлшектерден ажыратады, берілген тақырып, жағдай, сурет, фотосуреттер бойынша сөзбен сипаттай отырып, оларды құрастырады.

      Құрастыру біліктерін игерген: шағын жалпақ бөліктерді бір үлкеніне қосуды; құрылыстарды мықты етіп тұрғызу, араларын сирек қойылған кірпіштермен, бөренелермен байланыстыру. Бір құрылымның түрлі көлемдегі нұсқаларын және ұжымдық құрылыстарды (қала көшелері, зообақ, теңіз порты) жасай алады.

      2.2. Жұмыс кезеңдерін жоспарлау. Өз жұмысын жоспарлай алады: оны орындамас бұрын құрылыс қандай болатын елестетуі қажет, қажетті материалды таңдау және ойластыру.

      3-Бөлім. Шығармашылық және презентация



Бөлімше

Оқу мақсаттары

3.1 Шығармашылық

0.3.1.1 өз ойы бойынша түрлі материалдардан құрастырып шығу

3.2 Презентация және жұмысты бағалау

0.3.2.2 өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттау және бағалау

      3. 1. Шығармашылық. Қарапайым сызба, үлгі бойынша жұмыс жасай алады, контуры бойынша кесіп алуға және тілуге арналған қайшыны қолданады. Мазмұн бойынша ұжымдық құрастыру дағдыларын игерген. Шығармашылық ойлауы мен қиялын жеткізеді. Қағаздан құрастыру әдістерін қолдана отырып, жазық материалдарды көлемді пішінге (жартылай конусты конусқа шиыршықтау, тік төртбұрышты цилиндрге, шаршыны текшеге айналдыру, өру) айналдырады.

      Сіріңке қораптарынан түрліше үйлестіріп, бұйымдар құрастыра алады, табиғи материалдардан бұйымдар жасайды.

      Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс дағдыларын игерген, бұйымды суретке, сызбаға сүйеніп, өзіндік елетестуіне қарай жасайды.

      3.2 Презентация және жұмысты бағалау. Өзінің және құрдастарының тәжірибесін шығармашылықпен қолданады,өзінің әрекетін талдай біледі.

      Бір-бірінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін байқайды, жолдасына көмектеседі, жолдасының жұмысы қаншалықты сәтсіз болса да, оған оң баға береді.

14-параграф. Жаратылыстану

      253. Мақсаты табиғаттың заттары мен құбылыстары туралы бастапқы түсініктерін, физикалық құбылыстар туралы қарапайым ұғымдарын қалыптастыру болып табылады.

      254. Міндеттері:

      табиғат нысандарын бақылау және қарапайым қорытынды шығару дағдыларын дамыту,

      олардың кейбір ерекшеліктерін көру және ажырату: сыртқы кейпі, мінез-құлық әрекеті (жануарлар), өсіп-өну жағдайлары (өсімдіктер),

      табиғаттағы жеке өзара байланысты көру,

      тұрмыстағы, табиғаттағы экологиялық сауатты мінез-құлықты және жағымсыз қылықтардың неге әкелетінін алдын ала білуді, балалардың сөйлеу тілін, зейінін, ойлауы мен бақылау жүргізіп, қарапайым қорытынды шығару білігін қалыптастыру.

      255. "Жаратылыстану" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Бөлім

Бөлімше

1.Тірі табиғат

1.1 Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері

1.2 Өсімдіктер әлемі

1.3 Жануарлар әлемі

1.4 Адам

2.Өлі табиғат

2.1 Өлі табиғат денелері мен заттары

2.2 Табиғат құбылыстары

3.Физикалық құбылыстар

3.1 Қозғалыс және күш

3.2 Жарық

3.3 Дыбыс

3.4 Жылу

3.5 Электрлік және магниттілік

      2. Оқу мақсаттарының жүйесі

      1 бөлім. Тірі табиғат



Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері

0.1.1.1 "бақылау" ұғымын және оны өткізу кезеңдерін түсіну

0.1.1.2 табиғат нысандары мен құбылыстарына қысқа уақыт аралығында бақылау жүргізу

0.1.1.3 алынған ақпаратты ұсыну және қорытынды жасау

0.1.1.4 педагогтың көмегімен болжамдар жасау және оларды өздігінен/топта шешу.

0.1.1.5 күнделікті өмірдегі табиғат туралы білімнің маңыздылығын түсіндіру

1.2 Өсімдіктер әлемі

0.1.2.1 өсімдіктің тірі табиғат бөлігі екендігін анықтай отырып, өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайдарды анықтау

0.1.2.2 өсімдіктерді ағаштар, бұталар, шөптер тобына ажырату

0.1.2.3 бөлме және жабайы өсетін өсімдіктерді салыстыру

0.1.2.4 пиязшық арқылы көбейетін өсімдік түрлерінің өніп-өсуін бақылау

1.3 Жануарлар әлемі

1.3.1 жануардың тірі табиғат бөлігі екендігін анықтау

0.1.3.2 үй жануарлары мен жабайы жануарларды атап, сипаттау

0.1.3.3 қыстап қалатын және жыл құстарды атау

1.4 Адам

0.1.4.1 адамның негізгі дене мүшелерін атап, олардың қызметін білу

0.1.4.2 сезім мүшелерін атап, олардың қызметін білу

0.1.4.3 адамның өмір сүруіне қажетті жағдайларды білу

      1.1.Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері. "Бақылау" ұғымын түсіндіреді. Бақылаудың кезеңдерін: бақылау жасалатын нысанды немесе процесті таңдайды, бақылау мақсатын қоюды, бақылау мерзімін анықтауды, бақылау нәтижелерін белгілеу әдістерін таңдауды, бақылау нәтижелері бойынша қорытынды жасауды біледі.

      Алуан түрлі заттар және табиғат құбылыстары туралы түсініктерге ие, маңызды белгілері мен қасиеттерін бөліп көрсетеді, олардың негізінде объектілерді жалпылайды және топтастырады. Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді атайды, ажыратады және бақылайды. Анықталған заңдылықтарды тұжырымдайды және қорытынды жасайды. Бақылау қорытындыларын суреттермен және шартты белгілермен арнайы күнтізбе бақылауларда немесе бақылау күнделіктерінде және т.б. белгілейді.

      Күнделікті өмірде табиғат туралы білімнің маңыздылығын түсіндіреді.

      1.2. Өсімдіктер әлемі. Өсімдіктерді тірі табиғаттың бөлшегі ретінде анықтайды, өсімдіктер тіршілігіне қажетті жағдайларды біледі. Адам өмірі үшін өсімдіктердің маңыздылығын біледі. Өздеріне тән белгілері бойынша ағаштар мен бұталардың бірнеше түрлерін атайды, ажыратады, бөлме және жабайы өсімдіктерді салыстырады, көкөністер мен жемістерді атайды, ажыратады және жалпылайды.

      Табиғат күнтізбесін жүргізеді, пиязшық арқылы (пияз) көбейетін өсімдіктердің өсуі мен дамуын белгілейді.

      1.3. Жануарлар әлемі. Табиғат бұрышындағы тірі объектілерге күтім жасауға қажетті құралдар туралы түсініктерге ие. Үй және жабайы жануарлардың: сыртқы келбетіне және жыл мезгілінің әр кезеңіндегі тіршілік әрекетіне тән ерекшеліктері туралы біледі. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар, қыстап қалатын (тоқылдақ, торғай, шымшық және т.б.) және жыл құстары (қарлығаш, бозторғай) туралы ұғымдарға ие.

      1.4. Адам. Адамның дене құрылысы: дене бөліктері және олардың атқаратын қызметі туралы біледі; сезім мүшелерін және олардың атқаратын қызметін атайды; адамның физикалық ерекшелігін: сезімін білдіру мүмкіндігін (қуаныш, қайғы, таңдану және т.б.) түсінеді. Адам өміріне қажетті жағдайларды (ауа, су, тамақ, қозғалыс) біледі.

      2 бөлім. Өлі табиғат



Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Өлі табиғат денелері мен заттары

0.2.1.1 өлі табиғатқа жататын денелер мен заттарды анықтау

0.2.1.2 күнделікті өмірдегі өлі табиғат денелері мен заттарының қолданылу аясын атау

0.2.1.3 су мен ауаның қасиеттерін сипаттау

2.2 Табиғат құбылыстары

0.2.2.1 табиғат құбылыстарын сипаттау (жел, тұман, найзағай, жаңбыр және т.б.)

0.2.2.2 маусымдық өзгерістердің тірі табиғатқа тигізер ықпалын анықтау

      2.1 Өлі табиғат денелері мен заттары. Өлі табиғат нысандары: көмір, құм, сазбалшық, мұнай, гранит туралы түсініктерге ие; олардың қасиеттерін және міндеттерін атайды. "Дене", "зат" түсініктерін ажыратады. Дененің заттардан тұратынын, бір немесе бірнеше заттардан тұруы мүмкін екендігін түсінеді. Таза ауаның және судың маңызы туралы біледі. Судың үш қасиеті туралы білімді меңгерген.

      Өлі табиғаттың денелері мен заттарын адам қолымен жасалған заттардан ажыратады. Адам қолымен жасалған заттарға ұқыпты қарайды. Телефон, компьютер, теледидар, радионың маңызы туралы және оларды қолданудың кейбір қарапайым ережелерін біледі.

      2.2 Табиғат құбылыстары. Тірі және өлі табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы біледі. Табиғат құбылыстары: жел, найзағай, жаңбыр, тұман, шық, қырау, бұршақ, сүңгі, тамшы, жылымық туралы түсініктерге ие.

      2-бөлім. Физикалық құбылыстар

      Балалардың физикалық құбылыстар туралы білімдерін дамыту: жарық (жарық беретін нысандарды атау – от, күн, шырақ), дыбыс (табиғаттағы дыбыстың көздерін анықтау), жылу (жылудың көздерін атау), электр және магниттілік (электр тоғының табиғи көзін атау, магнитті қолдану жолдарын атау). Белгілерді салыстыра білу, ұқсастықты және айырмашылықты көрсету.

Бөлімше

Оқу мақсаттары

3.1 Қозғалыс және күш

0.3.1.1 қозғалмалы және қозғалыссыз денелерді ажырату

3.2 Жарық

0.3.2.1 жарық шашатын нысандарды атау: от, күн, шам

3.3 Дыбыс

0.3.3.1 табиғаттағы дыбыс көздерін анықтау

3.4 Жылу

0.3.4.1 жылу көздерін атау

3.5 Электрлік және магниттілік

0.3.5.1 электр тогының табиғи көздерін атау

0.3.5.2 магниттерді қолдану жолдарын пайымдау

      3.1. Қозғалыс және күш. Біздің қозғалмалы заттар әлемінде өмір сүретінімізді түсінеді: ағаштар тербеледі, құстар ұшады, машиналар жүреді, кемелер жүзеді және т.б. Заттарды қозғалысқа келтіретін күштер бар екендігін біледі. Заттық әлем туралы түсініктерге ие: өндірісте адамдардың еңбегін жеңілдететін және тұрмыста жайлылық жасайтын заттар туралы (мысалы, миксер, калькулятор, роботтар, компьютер,машиналар, көтергіштер және т.б.).

      3.2. Жарық. "Жарық" түсінігі туралы ұғымға ие, жарық көздері (от, күннің көзі, шырақ) туралы біледі және атайды.

      3.3. Дыбыс. Табиғаттағы дыбыстың шығу көзін, жәндіктердің шығаратын (шегірткенің) дыбыстарын анықтайды. Көкекті, тоқылдақты, бұлбұлды дауыстары бойынша, қалалардағы дыбыстың негізгі шығу көзін (поезд, жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы) анықтайды.

      3.4. Жылу. "Жылу" ұғымын түсіндіреді. Жылудың шығу көзін атайды.

      3.5. Электрлік және магниттілік. Магниттің қасиеттерін және күнделікті өмірде адамның магнитті пайдалану жолдарын біледі. Электрдің табиғи көздерін атайды: найзағай, көптеген балықтар электрді қорғану және қорегін іздестіру үшін қолданады (электрлі скат - қорғану үшін, акулалар - қорегін іздестіру үшін).

      4-бөлім. Табиғатты қорғау

      Жануарлар мен өсімдіктердің, жәндіктердің барлық түрлерін сақтау қажеттілігі туралы ұғымдарын кеңейту.

Бөлімше

Оқу мақсаттары

4.1 Табиғатқа қамқорлық
 

0.4.1.1 табиғатқа зиян келтіруі ықтимал жағдаяттар мен іс-әрекеттерді атау

0.4.1.2 ауа, судың ластану себептерін білу, оларды атау

0.4.3.1 тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын түсіндіру

0.4.3.2 "Қызыл кітаптың" маңыздылығын түсіндіру

0.4.3.3 өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың тәсілдерін түсіндіру, оларды атай білу

      4.1. Табиғатқа қамқорлық. Табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді біледі. Табиғатта өзін-өзі ұстаудың (ағаш жапырақтарын жұлмау, гүлді жұлмау, гүлзарларды таптамау, ұяны бұзбау, қоқыс тастамау) қарапайым ережелерін орындайды. Саңырауқұлақ пен кейбір жидектердің түрлерін жинау ережелерін біледі.

      Ауа мен судың ластану себептерін біледі. Тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын түсіндіреді. Жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігін өзгерістерге ұшыратуы мүмкін себептерді атайды.

      "Қызыл кітап" және оның өкілдері туралы ұғымдарға ие. Адамның жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау қажеттілігі туралы біледі.

15-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы

      256. Мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларда шығармашылық қабілеттердің, ойлау мен қиялдың қалыптасуына, эстетикалық талғамы мен эмоционалды-сезімдік саласының, өзінің ішкі жан дүниесін көркемдік формада жеткізе білуге деген ұмтылысын дамытуға, өнер құралдарымен тәрбиелеуге және музыкалық-көркемдік әрекет тәсілдері мен ойын арқылы өнер әлеміне баулуға жағдай жасау болып табылады.

      257. "Шығармашылық" білім беру саласы бойынша ұсынылатын сабақ түрлері:

      1) сурет салу,

      2) мүсіндеу,

      3) аппликация,

      4) музыка.

      258. "Шығармашылық" білім беру саласындағы сабақтардың оқу жүктемесі

"Шығармашылық" білім беру саласы

Апталық оқу жүктемесі

Сурет салу

1

Мүсіндеу

1

Аппликация

1

Музыка

2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет