Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет13/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.
0015708a-99bffd3c, ¦С¦Ю¦в¦С¦Р¦Х¦Т¦Р ¦Р.¦б. ¦Ь¦¦¦-¦¬¦¦¦¦¦¦TВTВTЦ¦¦ ¦-¦-TБTЫ¦-TАTГ TВ¦¦¦-TА¦¬TПTБTЛ
Жалпы алғанда жүзеге асыру қатысушылары мынадай түрлерге бөлінеді:

- жеке индивидтер;

- ұйымдастырылған топтар;

- мемлекеттік институттар және ұйымдар.

Соңғысын екі белгісіне қарай - басқарудың деңгейі мен ұйымның сипаты деп бөліп қарайды:

Басқару деңгейі:

- республикалық;

- облыстық;

- аудандық.



Ғ.С. Сапарғалиев пен С.В. Шабров, ұйымның сипатын былай анықтайды:

- биліктің орталық органдары: Президент және оның Әкімшілігі, Үкімет және оның аппараты;

- биліктің заң шығарушы органы: Парламент және оның құрылымы, депутаттар;

- биліктің атқарушы органы: аппараттың басшылары мен қызметкерлер;

- биліктің сот органы: сот жүйесі;

- Үкіметтік емес ұйымдар: кәсіподақтар, қызығушылық топ, жеке компаниялар мен фирмалар, БАҚ, ғылыми орталықтар және кеңесші органдар.

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысында орталықтан бастап жергілікті құрылымға дейінгі барлық деңгейде атқарушы билік басты рөлді атқарады. Екінші орынды, әдетте белгілі бір саясаттың жүзеге асырылуына тікелей мүдделі және оның орындалуына жиі қатысып тұратын Үкіметтік емес ұйымдар иеленеді. Қалған қатысушылар тек эпизодтық қызметтерді ғана атқарады, ал мұндай қатысушылардың қатарына өкілді билік органдары жатады.

Үкіметтік емес ұйымдар:

- білімнің дерек көзі ретінде күрделі мәселелерді шешуде, жаңа идеяларды ұсынуда және кері байланысты қалыптастыруда;

- қаржы ресурсын жұмылдыруда;

- саяси стратегиялар мен жеке бағдарламаларды қолдауда белсенділік таныта алады.

Өзіндік ықпалын нығайту мен белгілі бір саясатты жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік ұйымдар жеке қызығушылық топтар құрып, оларды қаржыландыра алады. Осылайша тек жеке әлеуметтік топтар мен барлық қоғам қызығушылықтары ғана саясатты жасап қана қоймайды, сондай-ақ белгілі бір саясат та қызығушылық топтарды құрады.

Мемлекеттік саясат түрлерінің әрқайсысы түрлі композициялар тудырып, аталған қатысушылар арасында күшті орналастыра алады. Әдетте саясатты бөлген кезде оның жүзеге асырылуына белсенді түрде қарсылық білдіретін топ болмайды. Халықтың қандай да бір тобы саясаттың немесе бағдарламаның жүзеге асырылу үдерісінде қиындықтарға бой алдырып, нәтижесінде үлкен шығындарға тап болса, онда қауіпті жағдай орын алады. Атқарушы және өкілдік биліктің тиісті органдары сол топ тарапынан туындаған белсенді қарсылық пен күшті қысымға соқтығысуы мүмкін.



Жалпы алғанда қатысушылар арасындағы қарым-қатынас төмендегідей сипатқа ие болады:

- қолдау және ынтымақтастық;

- іскерлік серіктестік;

- ымыраға келу;

- дауласу.

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда даудың дәрежесі жоғары, орта және төмен болуы мүмкін. Аталған ықпал сипатына қарай тұрақты ма, жоқ уақытша ма деген сұраққа жауап беру барысында, сонымен қатар жеке салада немесе жалпы алғанда мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың саясатқа тигізер ықпалы дәрежесін қарастыруда мұны ескерудің маңызы зор.



Саяси мақсаттарды жүзеге асыру үдерісі тиісті заңнамалық құжаттар қабылданғаннан кейін басталады және атқарушы биліктің мемлекеттік органдары жүргізетін нақты іс-әрекеттер мен шаралардан тұрады.

Бұл әрекеттер жемісті болып, күткен нәтижелерді беру үшін төменде көрсетілген бірқатар талаптарды орындау қажет:

1. Заңнама мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу шегін, негізгі ұйымдастырылу және қаржы аспектілерін нақты анықтауы қажет.

2. Атқарушы органдар қажетті ресурстармен және білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс.

3. Мемлекеттік саясат әлеуметтік топтар мен қоғамдық-саяси ұйымдардың көшбасшылары тарапынан кеңінен қолдануы керек.

4. Мемлекеттік саясат әлеуметтік шиеленістерді тудырып, мемлекеттің саяси және әлеуметтік-экономикалық негіздеріне нұқсан келтірмеуі тиіс.

Саясатты жүзеге асыру үдерісінде биліктің мемлекеттік органдары қызметі төмендегідей болып табылады:

- қажетті ресурстарға қол жеткізу;

- тиісті бағдарламалар мен жоспарларды дайындау;

- қатысушылардың қызметтерін ұйымдастыру және үйлестіру;

- іс-шараларды мақсатқа сай жетістіктерге қол жеткізетіндей деңгейде жүзеге асыру.

Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы табыстың басты көзі мемлекеттік басқару жүйесіндегі ішкі қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Жүзеге асырудағы әлсіздік ең алдымен үкіметтің әр түрлі органдары арасындағы билік басындағыларға өкілеттіктердің нақты бөлінбеуі салдарынан болады және мұндай кемшілік бірінші кезекте осындай орындарда байқалады.

Мемлекеттік бағдарламаның немесе қабылданған шешімнің табысты болуының тағы бір факторы дайындалған саясаттың сапасына байланысты. Сол себептен тіпті «шешімнің жүзеге асырылуы» деген арнайы тіркес енгізілді. Бұл тіркес дайындық кезеңінің өзінде әртүрлі факторлардың ықпалымен бірге жоспарланып отырған іс-шаралардың барлығының да орындалу ықтималдығын көрсетеді.

Көп жағдай тапсырманың дәлдігі мен оны нақты орындаушылардың қалай түсінетіндігіне де байланысты, бұл әсіресе басқарудың ең төмен сатысына қатысты болып табылады. Себебі, ең төмен сатыдағы шенеуніктер мемлекеттік шешімдерді нақты жүзеге асырумен айналысады және де басқарудың бұл сатысын бақылап отыру қиынырақ.

Мемлекеттік басқару жүйесінде кеңінен қолданылатын құралдардың есебінде мақсатты бағдарламаларды дайындау мен жүзеге асыру да бар. Бағдарламалық көзқарас жұмсалған қаражатпен салыстырғанда көптеген мемлекеттік бағдарламалардың орындалу нәтижелерінің төмендігіне байланысты кейде сынға да ұшырап жатады. Дегенмен де, мұнда бағдарламадан бас тарту туралы емес, қайта бағдарламаларды дайындау тетігін жетілдіру және оларды басқару, бағалау әдістері мен орындаудағы мониторинг туралы айтылуы маңыздырақ. Сонымен қатар бағдарламалық әдісті пайдалану белгілі бір нақты мәселені шешуде ресурстарды бір ортаға шоғырландыруға мүмкіндік береді, яғни қызығушылығы ортақ барлық ұйым күштері мен халықты біріктіріп, ұзаққа созылатын ұзақ мерзімді мақсаттарды қамтитын стратегия дайындай алады. Соңғысы аса маңызды, себебі мәселенің күрделілігіне және қомақтылығына байланысты қоғамдық мәселелердің шешілуі де ұзаққа созылып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет