Даму факторын нақтылау мен жұмысбастылық деңгейінің артуын қамтамасыз ететін Дж. М. Кейнс тарапынан ұсынылған басты «рецепттер» қатарына төмендегілер жатады:
1. Ақша саясаты, пайыз мөлшерлемесін реттеу. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі кәсіпкерлерді ақша қорын құнды қағаздарға емес, өндірістің дамуына салуға ынталандырады деген болжам жасалды.
2. Бюджет саясаты. Дж. М. Кейнстің пікірінше, тиімді талаптарды ынталандыру мемлекеттік шығындардың, мемлекеттік инвестициялар мен тауарларды мемлекеттік сатып алудың өсіміне алып келеді.
3. Ең төмен жағдайда қамсыздандырылған әлеуметтік топтардың қызығушылығына сай кірістерді қайта бөлу. Бұл олардың тарапынан сұраныс талаптарының өсуіне жағдай жасайды.
4. Жұмыссыздықты болдырмау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін кеңейту мақсатындағы толық жұмыс бастылық саясаты.
Ең алғаш рет қайталанбалы кезеңге қарсы басқарудың кейнстік бағдарламасын тәжірибеде жүйелі түрде пайдалануға тырысқан америка Президенті Ф. Д. Рузвельт болатын, ол өзі енгізген жүйені мемлекеттік басқарудың «жаңа курсы» деп атады.
Мемлекеттік басқарудың кейнстік үлгісі деген атауға ие болған үлгі экономикадағы қайталанбалы кезеңдік тербелістің ұзақ уақытқа дейін төмендеуіне мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, бұл экономикалық теория мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік үдерістеріндегі елеулі рөлінің негіздемесіне негізделеді.
Дегенмен өткен ғасырдың 70-жылдары, сол кезеңде нарықтық экономикасы қалыптасқан елдерде мемлекеттік басқару мүмкіндіктері мен объективті экономикалық шарттар арасында сәйкессіздік байқала бастады. Атап айтқанда ұлттық кірістің өсу қарқыны капиталдың жиналуын еш зиянсыз қайта бөлуге мүмкіндік тудырады.
1970-жылдардың екінші жартысынан бастап (әсіресе 1974-1975 жж. қамтыған әлемдегі ең ірі дағдарыстан кейін) өндіріс жағдайы күрт төмендеп кетті. Осыдан кейін экономиканы басқаруда кейнсиандық әдістің кері әсері байқала бастады, кері әсер ақшаның құнсыздануынан көрініс тапты.
Экономикалық тепе-теңдікті қайта қалыпқа келтірудің жаңа амалдарын ойлап табу үдерісі басталды. Егер де бұған дейін Дж. М. Кейнстің басқаруға байланысты басты мәселесі жұмыссыздық, жұмысбастылықты қамсыздандыру және экономикалық өсуге бағытталған болса, енді бірінші орынға құнсыздану мәселесі шықты. Осының негізінде экономика ғылымында жаңа бағыт – монетаризм пайда болды, мұның негізін М. Фридмен қалады.
Кейнстіктерге қарағанда монетаристер пікірлері ерекшерек:
- біріншіден, нарықтық экономиканың ішкі үрдісі мен талаптарының күш-қуаты негізінде тұрақтылыққа, өзін-өзі реттеп отыруға ұмтылады. Нарықтық бәсекелестік жүйе жоғары тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Тепе-теңдік бұзылған жағдайда түзетуді енгізетін бағаның басты құрал ретіндегі маңызы зор. Ауытқушылықтардың, үйлеспеушіліктің пайда болуы әдетте ішкі себептерге емес, керісінше сырқы әсердің араласуы салдарынан туындайды. Осыған байланысты монетаристер экономикалық үдерістерді мемлекеттік басқару, олардың табиғи қозғалысын бұзады;
- екіншіден, монетаризм мектебі өкілдерінің пікірінше негізгі басымдықтар болып ақша факторы саналуы тиіс. Сондықтан экономикаға ықпал ететін құралдардың ішінен артылықшылықты әкімшілік, бағалау әдістері, салық жүйесіне емес, міндетті түрде ақша құралдарына беру керек. Нақ осы ақша құралдары басқарудың басты мақсаты ретінде мүмкіндігінше экономикада тұрақтылықты қамсыздандырады.
Құрал қорытындыларының нәтижесінде бюджет саясатын дәл, жылдам әрі анық деп бағалаған Кейнстен Фридменнің айырмашылығы да, оның ақша-несие саясатын дәл осылай сипаттауында.
Монетаристтік теория ақша-несие элементтерінің экономиканы басқаруда басты құрал екенін мойындайды және де бұл құралдарды пайдалану бір ғана жылды емес, ұзақ уақытты қамтыған міндеттерге бағытталуы тиіс.
Сонымен қатар, экономикалық басқару мәселесіне екі түрлі көзқарастағы осы екеуінің арасына айқын шек қоя қарау дұрыс болмаған болар еді. Бұл теориялардың екеуі де нарықтық экономика шарттарына сәйкестендіріле дайындалған. Кей мөлшерде екеуі бірін-бірі толықтырып та отырады.
Соңғы жылдары нарықтық экономикасы дамыған елдерде классикалық реттеу құралдарына байланысты құнсыздану мен жұмыссыздыққа әсер еткен өзгерістер болып өтті. Бұрын оларды жұмыссыздықтың азаюын құнсыздануды өсіру жолымен және керісінше жүзеге асыру дегенге толықтай кереғар қарастырған болатын.
1970 жылдары нарықтық экономикада жаңа құбылыс – стагфляция (құлдыраушылық) пайда болды, ол біруақытта құнсыздану мен жұмыссыздықтың орын алуымен сипатталды. Бұл келеңсіздікті шешудің жаңа жолдары қарастырылып, нәтижесінде экономиканы мемлекеттік басқаруда американдық экономистер А.Лаффер, М. Фелдстайн, Р. Риган тұжырымдамасын дайындаған жаңа бағыт қалыптасты. «Ұсыныс экономикасы» деген атауға ие болған теорияда монетаризм жетекші рөл атқарды. Тұжырымдама өндіріс, инвестиция мен жұмысбастылыққа дем беруге бағытталған тәжірибелік ұсыныстардың жиынтығынан тұрады.
Тұжырымдаманы қолдаушылардың пікірінше нарық тек өте тиімді ғанан емес, сонымен қатар, шаруашылықты ұйымдастырудың жалғыз ғана «тәуір» амалы. Сол себепті, олар экономиканың мемлекет тарапынан басқарылуына қарсы болып, мұны тиімділіктің төмендеуіне алып келетін және шаруашылық қызметіндегі қатысушылардың қуаты мен ынтасын байлайтын шарасыз бақытсыздық деп санады.
Еңбек құны теориясын қолдайтындар арасында утопиялық социализм идеясының жалғасы болып саналатын, «ғылыми комунизм», «марксизм» деген атауларға ие болған ағым пайда болды. Егер Маркс пен Лениннің саяси идеяларына көңіл аудармасақ, онда бұл экономикалық ілімнің негізінде өдіріс қорын қоғамдық меншіктеуге негіздеген экономиканы мемлекеттік орталықтанған жоспарлы басқару көзқарасы жатыр. Бұл идея көптеген адамдар үшін әлі де ұнамды болып табылады, дегенмен де Кеңестік Одақта және басқа да социалистік елдерде оны жүзеге асырудың ешқандай экономикалық жетістіктері болған жоқ.
Кеңестік саяси экономия ресми түрде «социалистік мемлекет экономикалық өмірдің барлық салаларына: өндіріс, айырбас, бөлініс, және тұтынуға» белсенді түрде ықпал етуде деп сендірді. Мемлекеттік органдар өндіріс, ауыл шаруашылық, көлік, тауар айналымы, дайындаулар, құрылыс, қаржы салаларының жоспарларын дайындау мен жүзеге асырылуын басқарып отырды, бұл жоспарлардың орындалуын бақылайтын кәсіпорын жетекшілері тағайындалды. Мемлекет тұтас қоғамдық өнімді үлестіреді, кәсіпорынды материалды-техникалық жабдықтармен жабдықтауды ұйымдастырады, сыртқы сауданы жүргізеді, еңбек өлшемі мен тұтынуды бақылайды.
Жоғарыда келтірілген дәйексөз социалистік мемлекеттердің қоғамдағы экономикалық қатынастардың барлығын жаппай басқарып отырғандығының көрнекті айғағы болып табылады. Мұндай саясаттың салдарынан экономикалық тоқырау туындады, атап айтқанда, шынайы ынталану шартты түрде жоғалды, адамдардың өз еңбектерінің нәтижесін білуге деген қызығушылығы жойылды, еркін кәсіпкерлік бастамасына мүмкіндігінше шек қойылды, осының барлығы соңында экономика өсімінің тоқтауы мен тоқырауына алып келді.
Өткен ғасырдың 80-жылдарының екінші жартысында орын алған қайта құру үдерістерінің нәтижесінде экономиканың рөлі мен мемлекет қызметі деген түсініктерге деген көзқарастар біршама өзгерді. Мемлекет тарапынан барлық кәсіпорындарға тікелей басшылық жасаудың міндетті түрде қажет еместігі жөніндегі талпыныстар алғаш жариялана бастады.
Бірқатар басқару қызметтерінің бейтараптандырылуы, еңбек, адам және электрондық есептеу машинасы сәйкестігі ұйымдардың құрылымдық элементтерін (есепке алу қызметі, маркетинг және т.б) қайта қарастыруды талап етті. Ішкі фирмалық жоспарлауда жаңа элементтер пайда болды, бұлар шешімдерді үлгілендірудегі еліктеме, екіұштылық жағдайында талдаудың әдістері, бірнеше басқару шешімдерді математикалық бағалаумен қамтамасыз ету түрінде көрініс тапты.
Жүйелі теорияның басты идеясы бірде-бір әрекеттің өзгелерден оқшау түрде жүзеге асырылмайтындығында. Әрбір шешімнің барлық жүйе үшін салдары бар. Бір саладағы қабылданған шешім екінші бір салаға келеңсіздік туғызған сәтте басқарудағы жүйелі тәсілі мұндай ахуалдан шығып кетуге мүмкіндік береді.
Жүйелі талдау негізінде бірнеше бағыттағы басқару міндеттері дайындалды. Осылайша күтпеген ахуалдар теориясы пайда болды. Мұның мәні әрбір жағдайдың екінші бір басқа жағдайлармен ұқсас бола беретіндігіне келіп саяды. Дегенмен оның өзіне ғана тән бірегей ерекшелігі де болады. Бұл жағдайда мемлекеттік бақарудың басты міндеті барлық факторды жеке-жеке талдау және ең күшті байланыстылықты анықтау болып табылады.
ХХ ғасырдың 70-жылдары ашық жүйе идеясы пайда болды. Ашық жүйе әр алуан ішкі ортаға бейімделу үрдісін иемденген. Мұндай жүйе өзін-өзі қамсыздандырмайды, ол сырттан келіп түсетін энергия, ақпарат пен материалдарға тәуелді. Сонымен қатар, оның сыртқы ортадағы өзгерістерге икемделу қабілеті де бар.
Ғылыми-әдістемелік жоспар бойынша елеулі нәтижелерге ахуалды тәсілдеме шеңберінде қол жеткізіледі. Ахуалды тәсілдеменің мәні бұл жүйенің түрі, әдістері, басқару стилі жағдайдың күрделілігіне байланысты түрленіп отырады, яғни орталық орынды ахуал (жағдай) иеленуі керек. Бұл берілген уақыттағы нақты қарым-қатынастарға ықпал ететін нақты жағдайлардың жиынтығы.
Басқаша айтқанда, жүйелі тәсілдеме теориясы ұсыныстарының мәні ағымдағы талаптарды, қалыптасқан нақты шарттар мен мақсаттарға байланысты нақты ұйымдастыру-басқару мәселелерін шешу сияқты қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған. Демек, басқаруда әр түрлі әдістердің қажеттілігі жағдайға байланысты анықталады.
Ахуалды тәсілдеме басқару теориясының дамуына орасан зор үлес қосты. Ол ұйымның сыртқы және ішкі орта шарттары мен ахуалына байланысты басқару тәжірибесінде қолданылатын ғылыми ережелерге қатысты нақты ұсыныстардан тұрады. Ахуалды тәсілдемені қолдана отырып, нақты жағдайда мақсатқа жету үшін қандай әдістер мен құралдарды қолданудың ең ұтымды екенін түсінуге болады.
Экономикалық көзқарастардың ішінде салыстырмалы түрде алып қарағанда жас және аз зерттелгені эволюциялық экономика теориясы болып табылады, В.И. Маевскийдің болжауына сүйенсек үшінші мыңжылдықтың қарсаңында эволюциялық экономика теориясы экономика ғылымының дамуын алдын ала анықтай алатын болады. Эволюциялық экономика әлеуметтік-экономикалық жүйенің орнықты, тепе-тең және дамудың тәртіпке бағынған режиміне оқтын-оқтын жақындау фактісін мойындай отырып, өтпелі экономикалық сипатқа тән тұрақсыз жағдайларға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |